Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Батыл қадам

19.09.2023
ЕКІ ТІЗГІН
Батыл қадам
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы биылғы дәстүрлі Жолдауында былтырдан бері жүргізілген ауқымды саяси реформаларға тоқталып, елімізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орныққанын, адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалып, әділдік пен заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалуға болмайтынына назар аударып, осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы Жолдауда өңдеуші және тау-кен өнеркәсібі, қорғаныс-өнеркәсіп кешені, ауылшаруашылығы, энергетика, көлік-логистика, қаржы, IT және цифрландыру, су ресурстары, креативті индустрияны дамыту, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөнінде Үкіметке нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ, мемлекеттің экономикаға ықпалын азайтуға, экономиканы монополиядан арылтуға, макроэкономикалық саясатты қайта қарауға, салық, бюджет саясатын және әкімшілік басқару жүйесін реформалауға қатысты бірқатар маңызды бастама көтерді.

«Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз», – деді Мемлекет басшысы. Жемісті еңбек етіп, Жолдаудың орындалуына үлес қосу – міндетіміз.

Жанат МҰҚАШЕВ,
Сарқан ауданының Құрметті азаматы


Даму бағдары айқындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы Жолдауында Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы біздің нақты артықшылықтарымызды тиімді пайдалануға негізделетінін атап өтті.

Сондықтан еліміздің ертеңіне арналған кезекті Жолдауды келешегіміз үшін маңызы зор тарихи құжат деп бағалауға болады. Себебі, онда шаруашылықтың сан саласы қамтылып, өзіндік жолы айқындалған, әр қадамы нықталып, экономикамыздың даму мүмкіндіктері талданған. Сондай-ақ, су ресурсы, цифрландыру ісі, өңдеу өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы, жасыл экономика, халықтың әлеуметтік жағдайы мәселелеріне басымдық берілген. Бір сөзбен айтқанда, ел үшін маңызы зор тарихи құжат экономиканы жан-жақты өркендетуге жол ашып берді деп санаймын.

Президент, сондай-ақ, кәсіпкерлік ахуалды жақсарту, мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін қабылдау, фискалдық органдар мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, көліктік-логистикалық әлеуетті толыққанды іске асыру, банктерді корпоративтік кредиттеуге белсенді қатысуға ынталандыру, қорғаныс, агроөнеркәсіптік кешен және IT технологиялар саласын дамыту, басқа да мәселелерді көтерді.

Бұл бағыттардағы мәселелер біздің кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің отырыстарында да үнемі қозғалып отырады. Ондағы проблемалар назарға алынып, басым бөлігінің оң шешімі табылады. Облыста билік, қадағалау, құқық қорғау органдары мен бизнес арасында сындарлы диалог құрылды. Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмаларын Жетісу жұртшылығымен бірлесе іске асыруға атсалысатын боламыз. 

Дәурен ОҢАЛБАЕВ,
облыстық кәсіпкерлер палатасының төрағасы


Ел дамуын көздейтін құжат

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»» атты биылғы Жолдауы мемлекеттің өзекті мәселелерін  бес бағдар аясында баяндап, оның шешу жолдарын Парламент пен депутаттарға табыстады. Халықтың әлеуметтік—экономикалық әл ауқатын көтеруге, ынтымақтасық пен интеграциялық сфера аясында құқықтық мемлекет қалыптастыру арқылы Жаңа Қазақстан құруға бағыт-бағдар сілтейтін, әр азаматтың тағдырына ықпал ететін ақпараттық хабарлама болды.

Президент осы Жолдауында елдегі экономикалық, әлеуметтік дамудың таяу жылдардағы эволюциясын айқындап берді. Ол заңды да. Өйткені халықтың тұрмыс сапасы, берекелі өмір сүруі экономиканың дамуымен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының Жолдауы осы саладағы күн тәртібінде тұрған, халық, қоғам күткен өткір мәселелердің шешімін тап басады.

Әлемдегі геосаяси ахуалға қарамастан ел экономикасы тұрақты дамып келеді. Негізгі бағыттар бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткіздік. Алайда, жаһандық экономика өзгеріп жатыр.

Осындай сын-қатерлерге қалай төтеп бере аламыз? Технологиялық бәсекеге дайынбыз ба? Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орнықты даму сияқты өзекті мәселелер көп. Қасым-Жомарт Кемелұлы осы және жұртшылықты алаңдатқан өзге де сұрақтардың бәріне нақты жауап берді.

Президент Әділетті Қазақстанды құру үшін тек саяси және экономикалық реформалар жеткіліксіз екенін атап өтті. Біріншіден, азаматтардың қоғамдық санасы мен көзқарасын өзгерту қажет, онсыз қалған барлық жұмыс бекер болары анық. Бұл Абайдың «Толық адам» туралы ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының терең мағынасы.

Біздің әрқайсымыз ата-бабаларымыздың баға жетпес мұрасы – туған жерімізді қорғау мен өркендетуді қамтамасыз ету туралы үндеуге жауап беруіміз керек. Бұл біздің қасиетті міндетіміз. Ортақ мақсатқа жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, елімізді мықты әрі табысты ету үшін әркім өзіне үлкен жауапкершілік артуы керек деп ойлаймын.

Самат Жаппаров,
М. Төлебаевтың мемориалды музейінің қор сақтаушысы

 

Қатысты жаңалықтар

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026
Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

28.01.2026
Экстремизмнің алдын алудағы отбасының рөлі

Экстремизмнің алдын алудағы отбасының рөлі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.