Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Болғанынан боладысы қызық

26.06.2018
ЕКІ ТІЗГІН
WhatsAppTelegramFacebook

Сүйінші, ағайын, сүйінші! Көптен күткен ұлы той. Бүгін шашуы шашылып, батасы беріліп, шартарапқа қуаныштың үні естіліп жатыр. Бір адамның емес, күллі оқырманның тойы. Бұл той бұрынғы тойдан өзгеше. Олай болатын себебі де бар. Сан жылдар басынан қуанышты да, қиын-қыстау кезеңді де өткеріп, Тәуелсіздіктің ақ таңы атқанда жасы жүзге толып, барша ағайынның басын қосып отыр. Ғұмыры ұзақ болғыр абыздың айтары да, айтқаны да көп. Айтқаны асыл сөз, айтары маржан. Аузы дуалы данагөй ақсақалдан бата алып, қанаттанғаны қаншама? Саясына жинаған мәуелі бәйтеректің жастарын айтсаңшы. Әрбір сөзі мірдің оғындай, нысанаға дөп қадалып, жаныңды жадыратады. Рухани азығына жан семірткен оқырманы керемет бір ләззатқа бөленеді. Иә, айта берсе сөз таусыла ма? Жұмбақтама, бұл не той дерсіз. Ол – «Жетісу» газетінің 100 жылдық мерейтойы. 

Атам қазақтың қанатты сөзі бар. «Тойдың болғанынан боладысы қызық». Расымен жыл басынан бері ғасыр жасаған газеттің мерейтойы аталып келеді. Оқырманымен бірге шаттанып, әр шараны бірге өткізді. Әр істің басына жиылған халық шынайы көңілмен атсалысып, құдды бір келін түсіргендей, екіншісі қыз ұзатып, немере сүйгендей күйге бөленді. Артық айтты демеңіз. Үлкен қауымның жиылысына дейін өңірде газеттің мерейтойы аясында жүз шара ұйымдастырылды. Ендігі кезекті жыл басынан бері өткен мерекелік әлемге бұрайық. 
Наурыз мерекесімен Жетісу халқын құттықтаған газет өзінің алғашқы шарасының шымылдығын түрді. Атадан балаға мирас болған қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс ұйымдастырды. Жастар саябағына арнайы ақ шаңқан үй тігіліп, қонақтарды қарсы алды. Нурыз – ырыс, Наурыз – береке деп алғашқы дәмнен ауыз тигізіп, үлкендердің батасын алды. Дәл сол киіз үйдің маңайына жастар көп жиылды. Барлығының да аңсары ұлттық ойынға ауды. Бір шетінде тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жүз алпыс екі тасты уысына алып, қазандыққа тоғытқан тоғызқұмалақшылар бірінен-бірі асты. Ұзын саны отыздан аса қатысқан тоғызқұмалақ ойынында бірінші орынды «Жетісу» газетінің тілшісі Айдар Қалиев жеңіп алды. Ал асық атқан жігіттердің қарасы тым көп. Барлығы да бала кезін есіне алып, қызыл сақаны шірене атып, ортадағы асықты көздеді. Тіпті, ойынның қызығына түскені соншалық, маңайына келген қонақтарды да ұмытып кеткендей. Дәл осындай қызыл кеңірдек болып, ойынның көрігін қыздырып жатқан журналистердің додасына облыс әкімі Амандық Баталов келді. Өңір басшысы ойыннан бұрын «Жетісу» газетінің тарихымен танысып, арнайы қойылған көрмені аралап шықты. Одан кейін кезек-кезегімен асық көздеп жатқан жігіттердің қасына ойысты. Асық көрсе додаға араласқың кеп, қызып сала беретін қазақтың баласы емеспіз бе?! Шеңбердегі асықты әкім де атып көруге ыңғай білдірді. Атты, көздеген асығын жықты. Осылайша қызу тартыстың бәсекесі басталды. Жастайынан асық атуды жетік меңгерген «Огни Алатау» газетінің қызметкері Асхат Алтынбековке ешкім қарсы келмеді. Қарсылас біткеннің барлығын сыпырып, бірінші орынды жеңіп алды. Гір тасын көтеруде де мықтылар бар екен. «Жетісудың» намысын қорғаған Жұматай Әміреев біраз жерге дейін жетті. Қаумалаған жанкүйері есебін санап, алғашқылардың бірі болып топ жарды. Әйтседе Жұматайдан да әлеуеті жоғарылар бар екенін жарыс көрсетті. Мұнда да орыс газетінің қызметкері жеңіске жетті. Бұла күші бұлқынған Асылбек Сағадиев жүлдеге тігілген смартфонды қанжығасына байлады. Қол күресте облыс әкімі баспасөз хатшылығының қызметкері Қуаныш Ожаровты ешкім жеңе алмады.  Дойбы ойынын серік еткен жандардың қатарында «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахымға ешкім шақ келмеді. Дойбы тақтасында еркін ойқастаған Нүсіп аға барлық қарсыласын әп-сәтте жеңіп отырды. Бұған дейін талай бәсекеде олжа салған ағамыз бұл жолы да сол жүрісінен сүрінбеді. Тіпті, сонау жылы Шымкентте болған БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада да атой салған. Мен, мен деген спорт шеберлерінің жігерін құм етіп, алтын тұғырдан қол бұлғаған. Енді, міне, өз тойында да оза шауып, жүлденің биік сатысынан орын алды. Наурызда ұйымдастырылған ұлттық ойынның соңы арқан тартыспен аяқталды. 
Тойдың шымылдығы Наурыз мерекесімен түрілгеннен кейін «Жетісудан» көш керуен аттанды. Бұл керуен Жетісудың әр өңіріне барып, өзінің асыл оқырманымен жүздесті. Бас редактор Әміре Әрін бастаған топ қалың оқырманның ортасында жылы жүздесу ұйымдастырып, қуанышымен бөлісіп қайтты. Той ай сайын жалғасып келеді. Сәуірде спартакиада өткізді. Дүбірлі додаға республикалық БАҚ өкілдерінің 12 командасы қатысты. Тарысты өткен бәсекеде Шымкенттен келген команда шағын футболдың шебері атанып, жүлдеге тігілген    700 000 теңгені қанжығасына байлады. Осыдан кейін бүтін қауымға сауын айтып, оқушылар арасында айтыс ұйымдастырды. Таңдайынан бал тамып, көмейіне ұя салған дүлділ ақындар Талдықорғанға қарай ағылды. Ауданнан іріктеліп келген жиырма ақын жыр додасына түсті. Бірінен-бірі озған, сөз сайыстырып, қара сөзден қаймақ қалқыған ақындардың осалы жоқ. Тыңдарманын бірде ойға шомылтып, бірде әуезді әуенімен елітіп, тіпті қалжың қақпасының есігін ашқандай әзілімен желпінтіп, уытты сөзімен түйреп алған ақындардың додасында бірінші орынды Жамбыл ауданынан келген Ерқұлан Риза жеңіп алды. Айтыстың қызығы әлі басыла қойған жоқ. Шымыр өлеңнің ләззатынан әлі арыла қоймаған қалың тыңдарман тағы бір жан жылытар шараның куәсі болды. Ежелден түрлі мәдени шараның ұйытқысы болған «Жетісу» газеті республикалық жыр мүшәйрасын ұйымдастырды. Қасиетті қара өлеңнің жорғасы атанған шайырлар, Жетісуға көз тікті. Ұлы дүбірдің дабылын естісімен ақындар «Жетісу» жайлы жүрегінен жарып шыққан өлеңдерін арнады. Қарлығаштың қанатына байлап ұшырғандай жүз елуден аса ақын өлеңдерін «Жетісуға» жіберді. Ішінде осалы жоқ. Әйтседе, жеңімпаздары озады. Кешегі Сәкен, Ілияс, Мағжандардың қолтаңбасы қалған басылымның айтары мол емес пе?! Сөз маржанын тізгіндер кешегі тұлғалардан кем соқсын ба. Бірі Сәкендей сұлу сөзбен көркемдесе, екіншісі, Мағжандай табиғатын тамылжытып, жаныңды рахатқа бөлеген. Ал мына бір ақын Құлагердей дүбірлетіп, топтан жеке дара келеді. Шашасына шаң жұқтырмай айдарын желге тосып, бұйраланған кекілін артқа қайырған жас ақынның арыны қатты-ақ. Жас емес, жазған жырында үлкен салмақ бар, терең ой мен мағына, шымыр ұйқас пен оралымды ой тоғытқан. Сол Құлагер үлкен аламаннан оза шапты. Ол «Жетісудың» асылы, ақын Асыл Сұлтанғазы  болды. «Ғасыр – ғұмыр» атты жыр мүшәйрасының бас бәйгесін қанжығасына байлаған Асыл Сұлтанғазы жүзжылдық тарихы бар «Жетісу» газетінің жас қыраны. Осылайша шараның мәресіне жеткен «Жетісу» бар құндылығын жиыстырып, «Ғасыр – ғұмыр» деген тарихи-тағылымды, мәнді-мазмұнды үлкен кітапты жарыққа шығарды.

Ыстығы басылмаған, сиясы кеппеген «Ғасыр – ғұмыр» кітабын қолыма алып той үстінде ашылмаған беттерін парақтап отырмын. Ертең сарғайған бетін менің балам, мүмкін немерем парақтайтын болады. Оған мен кәміл сенемін. Сол кезде жүз жыл бұрын «Жетісу» мерекесін осылай атап өткен екен, бүгінгі той одан да керемет деген сөз айтады. Той тойға ұлассын!

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.