Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Ел сенімін ақтау — міндет

28.02.2018
ЕКІ ТІЗГІН
Ел сенімін ақтау - міндет
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің саяси өміріне белсене қатысып, халықтың мұң-мұқтажын өтеуді алдыңғы қатарға шығарған «Нұр Отан» партиясы қоғамдық пікірдің дұрыс шешім табуына ықпал етеді. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалап, бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын назарда ұстайды. Партияның құрылған күні – 1 наурыз. Табиғатты түрлендіріп, алтынкүрек желін ерте келетін көктемнің алғашқы күні көптеген игілікті істерге куә. Осыған орай «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев арнайы сұхбат беріп, атқарылған жұмыстардың нәтижесімен таныстырды.

– Ғалиасқар Төлендіұлы, «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы үшін өткен жыл несімен есте қалды? Атқарылған істер мен жасалған жұмыстардың нәтижесін шығардыңыздар ма? Халық пен биліктің арасын жалғастыру міндеті қалай орындалды?
– Бүгінгі күні 133 мың 918 мүшесі бар облыстық филиалда 347 бастауыш партия ұйымы тіркелген. Былтыр арнайы белгіленген желілік кестеге байланысты көптеген жұмыстар атқардық. Өздеріңіз білесіздер Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қызмет ауыстыруына байланысты «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болып Мәулен Әшімбаев келді. Осыған орай партия қатарын жаңғырту мәселесі көтеріліп отыр. Мұндағы басты мәселе – партия жұмысын жаңаша ұйымдастыру. Яғни, партия халық мүддесіне қызмет етуі тиіс. Сол арқылы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында партия қызметін жаңаша құру керектігі мәселе ретінде көтерілді.
Былтыр біз көптеген жұмыстар жүргіздік. Атап айтар болсақ, бір жылдың ішінде аудандық, қалалық партия филиалдары, бастауыш партия ұйымдары 14 490 іс-шара өткіздік. Мұның бәрі халықпен тығыз жұмыс істеудің нәтижесі. Ондай игілікті істердің қатарында Елбасының жерге байланысты Үндеуі, Конституциялық реформаны жүргізу, қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру сынды өзекті мәселелерді түсіндіру жұмыстары бар. Біздің сарапшылардың жасаған жұмыстарына қарағанда «Нұр Отан» партиясының арнайы Доктринасын, 2021 жылға дейінгі Тұғырнамасын біз толығымен орындадық. Аздаған мәселелер қалып тұр. Соған байланысты партия жұмысын жаңаша құруымыз керек. Ол үшін жер-жерде партияның жұмысын жандандыратын, түйінді мәселелерді шешетін кадрлық резерв құрылуда. Былтыр жыл басынан басталған бұл жоба өзін ақтап, облыс бойынша 162 адамды кадрлық резервке кіргізіп отырмыз. Негізінен партия жұмысын жүргізуге қатыстырылатын олар алдағы уақытта әр деңгейдегі мәслихат депутаттығына, Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің қатарына кіргізіледі. Енді осы партия резервінде тұрған азаматтарды мемлекеттік қызметке алу мәселесі қарастырылып жатыр. Одан бөлек, оларды квазимемлекеттік салалардың басшылығына, қызметкерлеріне даярлау ісі бізге жүктелуде. Сондықтан биыл негізгі жұмыстарының бірі – кадрлық резерв даярлау болмақ. 
Сонымен қатар, облыстық партия филиалындағы азаматтардың арасында аттестация жүргізіліп, 94 қызметкеріміздің 64-і біліктілігін арттырады. Қазірдің өзінде тест тапсырып қойған мамандарымыз аттестациядан өтіп, жұмысқа қабілеттілік іріктеуі бойынша сұрыпталады. Ең бастысы, партия халық пен биліктің арасын байланыстырған алтын көпір қызметін атқарып, көпшілікті толғандырған мәселелерді шешуге атсалысуымыз керек. Шынында Елбасының тапсырмалары бойынша атқарылатын барлық жұмысқа ақпараттық қолдау көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу бізге жүктелген. Оның қатарына Жолдау, мемлекеттік бағдарламалар жатады. Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған мәселелерді халыққа түсінікті жеткізіп, оның тиімділігі мен мүмкіндігін ұғындыруымыз қажет. Елбасының ресми сапарлары кезінде жасалған келісімдер мен шарттардың мәнін ұғындырып отыратын «Нұр Отан» партиясы қоғамдық-саяси ахуалды қалыптастырып, еліміздегі ынтымақты, тыныштықты, бейбітшілікті сақтауға елеулі үлес қосуы тиіс.
– Оған Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында айтылған цифрландыру мәселесін қосыңыз.
– Иә, еліміз «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына көшу арқылы барлық сала соңғы үлгідегі жаңа технологияның жетістігін көреді. Оған ІТ мамандары молынан қажет болады, кеңжолақты интернет күнделікті қолданысқа енеді. Биылдың өзінде компьютерлер әлемдегі 20 миллион долларға тең активті басқаруға септігін тигізіп отырса, алдағы 2-3 жылдың ішінде ол көрсеткіш 400 миллион долларға жетеді. Яғни сандық технологиялар арқылы көптеген жұмыстар атқарылады. Сол себепті «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың тиімділігі мен мүмкіндігін халыққа түсіндіру қажет. Бұл бағдарлама арқылы адамдардың жұмысы жеңілдейді. Ондай жағдайда кей салаларда жұмыстан қысқарту жүретіндігін ашып айтуымыз керек. Осыған орай қысқарған мамандар қайтадан оқытылып, біліктілігін арттыруға жіберіледі. Осындай өзгерістер жүретіндігін халық алдын ала біліп, дайын болса аздаған кедергілерді оңай жояды. Ол үшін әрбір қазақстандық жеке кәсіпкерлікпен айналысып, өзін-өзі қамтамасыз етуі тиіс. 
Бүгінгі күні елімізде 2,5 миллион кәсіпкер бар. Алдағы екі жылдың ішінде бұл көрсеткішті екі есеге ұлғайтып, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын халықтың санын 5 миллионға жеткізуіміз керек. Сол себепті, қазіргі жастардың өз кәсібін ашуына қажетті бағдарламаларды түсіндіріп, мемлекет ұсынған жеңілдіктерді алуына мүмкіндік тудырған жөн. Осы бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын толассыз атқару міндеті алдымызда тұр.
Биылғы Жолдауда адами капиталға басымдық берілді. Яғни алдыңғы орынға адам, оның өмірінің ұзақтығы, әлеуметтік жағдайының жақсаруы шықты. Осыған орай жасалып жатқан жұмыстардың бәрі адам үшін екендігін халыққа жатпай-тұрмай түсіндіруіміз керек. Егер адам баласы қазіргідей жаһандану кезеңінде еңбек етпей үйінде отырса, көп нәрседен сырт қалады. Бүгінгі күні кез келген салада бәсекелестіктің белең алғаны белгілі. Бұл шығарған өнімнің сапасына, атқарған жұмыстың тиімділігіне, көрсеткен қызметтің берер пайдасына тікелей әсер етеді. Сол арқылы өндіретін өнімдеріміз бәсекеге қабілетті бола түседі. Ондай болмаған жағдайда табиғи байлығымызды шикізат күйінде ғана өткізуге мәжбүр боламыз. Осыны ұғынатын уақыт жетті.
– Жалпы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын, Ұлттық қордан бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалау «Нұр Отан» партиясының негізгі жұмыстарының бірі. Осы бағытта былтыр қандай іс-шаралар өткізілді?
– Өткен жылы мемлекеттік бағдарламалардың атқарылуына байланысты партиялық тыңдаулар өтті. Біз саяси партия ретінде тыңдалымдар кезінде айтылған мәселелерді мемлекеттік органдарға ұсыным ретінде бере аламыз. Соған байланысты көптеген мәселе шешімін тапты, жұмысы жүрмей тұрған нысандардың құрылысы жанданып, мектептер мен үйлер пайдалануға берілді. Бір жағынан, Елбасымыз айтқандай, кәсіпкерлерге жасалатын бақылауларды азайтып, кедергілерді жоюға үлес қосамыз. Ол үшін біздің ұсынымдарымыз толығымен орындалуы керек. Құрылыс немесе жол сапасы сын көтермесе бақылауды, тексеруді тәптіштей жүргізуге қақымыз бар. Өйткені,  бой көтерген ғимараттар аздаған жер сілкінісіне немесе дауыл, боран секілді табиғи құбылыстарға шыдамай қирап қалып жатса масқара боламыз. Партияның жанындағы демократиялық күштердің 2050 жалпыұлттық коалициясын біріктіруге күш салуымыз керек. Себебі, қазіргідей ортақ іске жұмылатын кезде әр партия, әр кәсіподақ әр тарапқа тартса «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында айтылған, келешекке керекті мәселелер өз шешімін таппауы әбден мүмкін. Ондай болмас үшін бәріміз бірігіп, ортақ мақсатқа жұмыла жұмыс жасағанымыз жөн. Сол үшін еліміздегі өзге саяси партиялардың ұсыныстары мен жобаларын қолдауға әзірміз.
Топырағы құнарлы Жетісу жері ауылшаруашылығы саласын өркендету үшін таптырмас мекен екені белгілі. Соған орай ауылшаруашылық саласына қатысты көптеген жұмыстар күтіп тұр. Елбасының былтырғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында осыған қатысты нақты мәліметтер келтіріліп, еліміздің Орта Азия үшін нан кәрзіңкесіне айналуы керектігі айтылды. Ол үшін азаматтарымыз ауылдық жерлерде астық пен дәнді дақылдарды молынан өсіріп, мемлекет тарапынан беріліп жатқан субсидияны алуы тиіс.
– Көпшілік «Нұр Отан» партиясын үлкен күш ретінде таниды. Соның әсерімен болар, депутаттарға басындағы жағдайды айтып қалғысы келеді. Тіпті, арнайы хат жолдайтындар бар. Жалпы облыстық мәслихат депутаттарының қаншасы партия атынан сайланған?
– «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Амандық Баталов бекіткен 2018 жылға арналған жоспар бар. Сол жоспар бойынша биыл депутаттық корпуспен жұмыс істеп жатырмыз. Облыстағы 334 депутаттың 327-сі «Нұр Отан» фракциясының құрамында. Халық қалаулылары халықтың мұң-мұқ-тажын өтеуді негізгі міндеттерінің қатарына жатқызады. Сонымен қатар, демеушілікпен айналысып, мұқтаж және аз қамтылған отбасылардың қажеттілігін қамтамасыз етіп жатады. Ондай қайырымдылық шараларын көптеген депутаттарымыз құпия түрде, ешкімге жарияламай-ақ атқарады. Мұндай игілікті іс кімнің болса да абыройын асқақтатады. 
Тұрғындардың басындағы жай-күйді партия талқысына салып, ұсыныстар жасаса көптеген мәселелердің шешімін табары сөзсіз. Сол арқылы халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, жоғын бірлесе іздейтін партияға айналамыз. Дегенмен, партия мүшелерінің бәрі бірдей белсенді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймын. Олардың ішінде тек мүшелік жарнасын ғана төлеп, қоғамдық жұмысқа селқостық танытатын азаматтар да бар. Сол себептен партия жұмысының тиімділігін арттыру жұмыстары жүргізіліп, сананы жаңғыртуға байланысты шаралар қабылданады. Әдетте «Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың үнжариясы, үнпарағы» деп жатады. Сол айтқандай, «Нұр Отан» партиясы да халықтың талап-тілегін білдіретін мінберге айналуы тиіс.
– Сонда осы уақытқа дейін жұмыс істеп келген партиялық жобалардың да жаңғыруын күтеміз бе?
– Бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясының 7 жобасы бар. Солардың ішінде бір-біріне ұқсайтындарын өзара біріктіруіміз керек. Атап айтсақ, «Бақытты балалық шақ», «Сәтті қадам», «Жастар – Отанға» сынды жобаларды біріктіріп, жастар мен жасөспірімдерге арналған ауқымды жоба жасауға болады. Ол үшін өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге үлес қосатын ақсақалдарға, арнайы күтімді қажет ететін мүгедектерге, қашанда алға ұмтылар жастарға арналған жобаларды қалдырып, қалғанын осылар-дың төңірегіне топтастыру маңызды болмақ.
– Қоғамдық қабылдаулар тұрғындар үшін мүмкіншілік мінбері іспетті. Тіпті, басындағы ауыр жағдайды айтып келушілердің де бар екенін білеміз. Қабылдау жұмыстары былтыр қалай жүрді?
– «Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық филиалдарын қосқанда 20 қоғамдық қабылдау кабинеттері жұмыс істейді. Былтыр тұрғындардан келіп түскен 6238 өтініштің 30%-ы шешімін тапты. Бұл қалған 70%-ы орындалмай, қараусыз қалды деген сөз емес. Біз олардың салаларына байланысты ақыл-кеңес беріп, құзырлы органдардың көмектесуіне ықпал жасадық. Сондықтан келіп түскен өтініштер аяқсыз қалмайды. Бұл «Нұр Отан» партиясына деген халықтың сенімін көрсетеді. Сол сенімнен айырылып қалмау – басты міндет. Себебі, басындағы жағдайға байланысты барлық саланы адақтап, ана есікке кіріп, мына есікті қағып, амалы әбден таусылған жан біздің партияға келеді. Осыған орай біздің қызметкерлер келушінің шағымына құлақ қойып, оның орындалуына барын салады. Сондай жанашырлықтың, ықыластың арқасында түйткілді мәселенің шешімін табары сөзсіз.
– «Нұр Отан» партиясының күнімен құттықтай отырып, ашық әңгімеңізге рахмет айтамыз.
 
Сұхбаттасқан 
Мәди Алжанбай

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.