Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

ӘКЕ МҰРАСЫНА АДАЛДЫҚ

01.11.2017
ЕКІ ТІЗГІН
WhatsAppTelegramFacebook

     Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевты білмейтін адам қазақта аз шығар. Ал енді ол кісінің мұрагерлері жайында көпшіліктің біле бермейтіні анық. Соған орай біздің бүгінгі мақаламыз ақын атаның ұрпағы Мұхит Кәрібаев жайлы болмақ.

 

Болайын деген азамат,
Бос жүргенді  мін көрер.
Аузында жұрттың аңызы,
Еңбегі елге сіңген ер, – деп өз әкесі Үмбекең жырлағандай, Мұхит ағамыз ағайын-туыстың жанашыры, әке мұрасына адал азамат. Білетін жұрт ол кісінің атқарған қызметі, мамандығы өлеңге, өнерге ешқандай қатысы жоқ болғандықтан ол жайында не айтуға болады деп ойлауы мүмкін. 
Рас, Мұхит ағаның мамандығының поэзияға еш қатысы жоқ. Ол еңбек жолын Жамбыл ауданының «Ленин» колхозында зоотехник болып  бастап, содан кейінгі жерде аудандық комсомол ұйымының хатшысы,  аудандық партия ұйымының нұсқаушысы болып жалғастырған болатын. Кеңес өкіметі тарағанда Жамбыл ауылының әкімі болып бірнеше жыл жемісті еңбек етті. Кейіннен жұмыстан қол үзбей жүріп сырттай оқып заңгер мамандығын алып, жұмысын мүлдем басқа бағытқа бұрады.  Ұзақ жылдар «Казпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры қызметін абыроймен атқарса, қазіргі таңда аталған қоғамның Алматы облыстық филиалын жемісті басқарып жүр. 
Мақаламыздың басын Үмбетәлінің  ұрпағы деп бастаған соң енді Мұхит Кәрібаевтың қысқаша өмір жолына, әкесі Үмбетәлінің мұрасын дәріптеуге сіңірген еңбегіне тоқталайық.
Мұхит Кәрібаев 1957 жылғы 29 қазанда Жамбыл ауданының бұрынғы Киров, қазіргі Үмбетәлі ауылында дүниеге келді. Үмбекеңнің атына жазылып, қолтығында өскен баласы 1964 жылы Киров орта мектебінің табалдырығын аттап, 1974 жылы мектепті үздік бітіріп шықты. Бала күнінде өзі де ептеп домбыра шертіп, әкесі Үмбетәліге келген Кенен Әзірбаев, Әсімхан Қосбасаров, Уәли Бекенов, Әлімқұл Жамбылов, Нұрғиса Тілендиев сынды майталмандардың қолына су құйып, ұлағатты сөздерін тыңдап өсті. Әкесінің таңды таңға ұрып жырлаған өсиет, өлеңдерін, дастандарын, айтыстарын өз аузынан нешеме рет тыңдаған ол Үмбекеңнің шабыттанған сәттерінде дауысы қыран құстай саңқылдап, бір орында отыра алмай төрден есікке, есіктен төрге дейін жорғалап өлең айтатын қасиеттерін тебірене еске алады. Үмбетәлі ақынның түрі бір қарағанда сұсты көрінгенімен бала, немерелер дегенде шығарда жаны бөлек, ерекше мейірімді жан екенін де біз осы Мұхит ағамыздан естідік. Өз балалары түгілі көрші-қолаңның түрік, орыс, неміс балаларын жинап алып, кемпірі Мәрия апайға шелпек, тоқаш пісіртіп таратып беріп, оларға ұлағатты сөз, өсиет өлең айтатыны да ағаның есінде. 
Міне, осындай текті әкенің тәрбиесін көрген азамат қалайша жаман адам болсын. Ес білгелі әкесінің мұрасын жинақтап, мұқият сақтап  келеді. Үмбетәлі Кәрібаевқа арнайы әдеби-мемориалды музей ашылғанда ақыннан қалған тарихи жәдігерлерді музейге өткізген де осы Мұхит ағамыз болатын.  Өйткені, қазіргі музей ауласындағы Үмбетәлі ақынның өзі тұрған, 1949 жылы салынған тарихи үйдің заңды мұрагері өзі болатын. Үмбекеңнің ұлындай болып кеткен күйеубаласы, ҚазПИ-дің профессоры Сейілбай Мұсабеков ақынға музей ашуды қолға алып,  республика, облыс басшылары кабинеттерінің  есігін қағып тынбай еңбек етіп жүргенде, әкеден қалған мұраны музейге өткізуге алғашқылардың бірі болып кіріскен Мұхит бастаған ақынның ұрпақтары Зейнеп, Дәмегүл, Әлия апайлар еді. Олар әкеден қалған үйді де, тарихи мұраларды да өкіметке тегін  өткізіп берген болатын. Одан кейін де әкеден қалған мұраны жер-жерден іздестіріп, ұқыптап жинап жүретін әдеті бар. 
Әкесі Үмбетәлі ақынның кітаптарын өз қаражатына шығарып, топтастырып жүретін Мұхит Жамбыл ауданында өтіп жататын әртүрлі қоғамдық шаралардың басы-қасында жүрмесе де қажет кезінде демеушілік көрсетуден ешқашан сырт қалған емес. Әсіресе өзі туып-өскен ауылында өтетін мәдени іс-шараларға, музейдің жұмысына қаржылай да, рухани да көмек көрсетіп, әкесі Үмбекеңнің музейіне жиі келіп, қандай көмек қажет екенін біліп жүруді әдетке айналдырған. 2016 жылы Алматы облыстық музейлері қызметкерлерінің «Үздік экскурсия жүргізушісі»  конкурсында Үмбетәлі Кәрібаев музейі бас жүлдені жеңіп алғанда Мұхит аға жеңімпазға ойланбастан толық компьютер жабдығын сыйға тартып, мәрттік жасағаны бар. Жалпы Үмбетәлі ұрпақтары жыл сайын әкелерінің музейінде бірнеше рет бас қосып, Құран оқытып, шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетуді әдетке айналдырған.
Мұхит ағаның қазіргі таңдағы бір арманы – Қырғызстандағы, Қытай Халық Республикасындағы Үмбетәліге қатысты деректерді тауып, музей қорын толықтыру. «Әттең, қызметте жүріп ондайға уақыт табыла бермейді» деп өкініш білдіреді. 
Бағалы болсаң халқыңа,
Басыңа қалап бақ қонар.
Ер жігіттің белігісі,
Айтқан сөзге сақ болар, – деп әкесі Үмбетәлі жырлағандай, Мұхит аға көп сөзге жоқ, ол тек қана істің адамы. Ал енді кей кезде көңілі түссе Үмбекең жайлы, ол  кісімен араласқан қазақтың айтулы азаматтары туралы әңгіменің тиегін ағытып, көрген-білгені жайлы біраз көсілетіні бар. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласының бір тармағы «Туған жерге туыңды тік» атты шара болса, Мұхит аға да қызмет бабымен қайда жүрсе де туған жерге деген перзенттік сезімін ұмытқан емес. Үмбетәлі ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткіші жасалғанда өзі тарапынан қомақты қаржы қосса, Үмбетәлі ауылын абаттандыруға да атсалысып, жылда өткізілетін Үмбетәлі оқуларына демеушілік көрсетіп келеді. 
Менің күйеуім Үмбетәлі Кәрібаев музейінің меңгерушісі, ақын Әуелбек Ысқақов Мұхит ағаға туған жиен болады. Келін  ретінде жиі араласып жүрген сәттерде бір байқағаным, ағаның туыстар дегенде жаны ерекше. Әрқайсымыздың жетістігімізге қуанып, ренішімізге жаны ауырып жүреді. Текті атадан туған ұл екендігін көрсетіп, өзінің қызмет дәрежесін пайдаланып ешқашан өркөкіректік жасаған емес. Керісінше, өте кішіпейіл. Өзінен кіші іні-келіндерге ақыл айтып, сабырға шақырып жүреді. Қатты дауыс көтеріп сөйлегенін де байқамаппын. Не мәселені де ақымен, парасаттылықпен шешеді. Қиналғанда әрдайым көмек қолын созуға даяр тұратын абзал жан.
Ағаның үлкен-кіші, ағайын-туыс, қызметтестер мен дос-жаран алдындағы беделі де жоғары. Қашан көрсең ел-жұрттың жағдайын сұрап, елегізіп жүретін жайы бар. 
Құлын-тайдай тебісіп бірге өскен әпке-бауырларымен де сыйластығы өте жоғары. Әрине, мұндай мінез текті атасы Үмбетәлі мен анасы Мәриям апайдың қанымен, тәрбиесімен келген шығар десек те туған әке-шешесі Сейілбай Мұсабеков пен Дәмегүл Үмбетәліқызының, әпкесі Әлия Үмбетәліқызының да Мұхит ағаның айтулы азамат болып өсуіне сіңірген еңбегі зор. 
Ағамызға мерейлі сәтіңіз құтты болсын, абыройыңыз дәйім арта берсін демекпіз. 

Қалдыгүл Денгелбаева,
Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев
 әдеби-мемориалды 
музейінің қызметкері.

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.