Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

КЕҢЕСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАЙДЫ

16.09.2023
ЕКІ ТІЗГІН
КЕҢЕСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Қазақстанға атом электр стансысы қажет пе?» деген мәселе замандастарымызды көптен бері толғандырып келеді. Отандастарымыздың бір бөлігі елімізге мұндай қуат көзі қажет, онсыз экономикалық жағынан алға басу мүмкін емес дегендей сындарлы позиция ұстанса, енді бір бөлігі оның экологиялық жағынан қауіптілігін алға тартып, атом стансысын салуға үзілді-кесілді қарсы шығуда. Түптеп келгенде бір-біріне қарама-қарсы екі позиция ұстанған замандастарымыздың қай-қайсысын да түсінуге болады.

Атом деген сөз құлаққа шалынғанда бұрынғы кеңестік кеңістікте ғұмыр кешкен замандастарымыздың көз алдына ең алдымен Семей сынақ полигонының келе қалатыны анық. Содан кейінгі жерде санамызда Чернобыль атом электр стансысындағы жарылыс қылаң береді.

Сөз жоқ, осынау екі нысанның да адамзатқа тигізген зардабы аз болған жоқ. Әсіресе Семей полигоны дегенде қандастарымыздың тұла бойы күні бүгінге дейін түршігеді. Тәуелсіздігіміздің тұңғыш жемісі ретінде аталған полигон жабылғанда қуанбаған адам қалмаған болар.

Әйтсе де атом түсінігін тіршіліктің қас жауы, қайғы-қасірет әкелетін радиация деп қана қарастырудың тым келте түсінік екендігін де көзі қарақты замандастарымыз дәлелдеп бағуда. Елді мекендер қарамы өсіп, өндіріс өркендей түскен сайын электр қуатының жетіспеушілігі де барған сайын қаттырақ сезілуде. Уақыт өткен сайын бұл орайдағы зәруліктің өсе түспесе кеми қоймайтындығы да айдан анық. Шындығына көшетін болсақ, атом электр стансысынан бұрын көмір сияқты қатты отынды пайдаланатын жылу электр стансыларының табиғатқа көбірек зиян келтіретіндігі ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді. Содан кейін де болар, дамыған елдердің денінде электр энергиясының зәрулігі мәселесі көп ретте АЭС салу жолымен шешілуде. Бүгінде бүкіл әлем бойынша өндірілетін электр энергиясының 10%-ға жуығы атом электр стансыларының еншісінде.

Әрине, осындай мәселелердің бәрін сарапқа сала келе ешкіммен ақылдасып жатпай-ақ түбегейлі шешім қабылдай салуға да болар еді. Әйтсе де Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз Жолдауында  бұл жайтқа айрықша мән беріп, мәселені жалпы көпшіліктің ұйғарымымен қабылдауды ұйғарғаны қуантып отыр. «Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем. Атом электр стансысын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз» деген тұжырым шын мәнінде көпшілік көкейінен шықты. Мұның өзі де еліміздің демократиялық өзгерістерге қарай шындап қадам басқанын, көкейкесті мәселелерді шешуде ел пікірінің де ескерілетінін көрсететін нышан десек, ешбір асырып айтқандық бола қоймайды.

Осы жерде Кеңестер кезінің кесірлі саясаты ойға оралмай қоймайды. Ол кезде де қазіргідей жариялылық белең алып, ел тағдырына тікелей қатысты шешімдер талқыланып барып қабылданатын болса, ашық ядролық жарылыстар жүздеп жасалып, мыңдаған, миллиондаған тағдыр тәлкекке салынбас еді ғой. Кеңес көшбасшылары сайын дала тұрғындарын ашаршылық аранына құлатып, бүтін бір республика халқына Семейдегідей сұмдық сынақ жүргізбеген болар еді.

Қойнауы қазынаға толы Қазақстанның бұл орайдағы бір артықшылығы – өз жерінде уран өндіріп, әлемдік деңгейде көшбасшылық тізгінін қолға ұстап отырғандығы. «Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом стансысын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық стансылар салу керек деген пікір айтады» деген Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауда бұл жайтқа да айрықша тоқталып өтті.

Иә, өз жерімізде уранды көптеп өндіре отырып АЭС салмаудың өзі, жұмсарта айтқанда, ысырапшылдық болып көрінеді. Атом электр стансысын салу еліміздің электр энергиясына деген зәрулігін толықтай жойып, көршілес елдерге энергиялық жағынан тәуелділігін болдырмайтын айтарлықтай аршынды қадам болмақ. Әйтсе де, Жолдау жолдарында айтылғандай, бұл мәселені түптеп келгенде халықтың өзі, көпшілік көңілінің қалауы шешпек.

Халық арасында атом электр стансысын салғанның өзінде қай елдің ядролық технологиясын қолданған жөн деген сауал төңірегінде де талас көп. Бірқатар жарияланымдарда Қытай мен Корея, Ресей мен Франция елдерінің реакторлары мен өзге де ядролық технологиялары арасында таңдау жүріп жатқандығы жайында әңгіме айтылып жүр. Маман емес адамға бұл мәселе жайында пікір айту да қиын. Содан кейін де, референдум нәтижесінде шешім қабылданып жатқан жағдайда, бұл таңдауды мамандардың еншісіне қалдырғанымыз жөн болар. Ең дұрысы, аталған мәселе жайын да жалпыұлттық референдум арқылы шешкен дұрыс деп ойлаймын.

Президентіміздің биылғы Жолдауы бүкіл еліміз бойынша жақсы бір үрдісті қалыптастыруға бастама болды. Өз кезегінде бұл бастаманың алдағы уақытта да жүйелі жалғасатыны ешқандай күмән тудырмайды. «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деген халық даналығы да осындай бір сындарлы кезеңде айтылса керек.

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ


ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында саяси өзгерістер елдің әлеуметтік-экономикалық өмірін реформалаудың негізі болуға тиіс екеніне баса назар аударып, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға тікелей қатысты нақты шараларды ұсынды.

Ел Президенті жариялаған жаңа экономикалық саясатын іске асыру еңбек нарығының көптеген заманауи сын-тегеуріндеріне жауап қана болмай, өз кезегінде, экономиканың серпінді дамуы, отандастарымыздың өмірі мен еңбегіне лайықты жағдай жасауға оң әсер ететіні белгілі. Экономиканың өсуін отандастарымыздың еңбегінсіз елестету мүмкін емес, сондықтан әлеуметтік-еңбек саласының проблемалары елдің экономикалық көрсеткіштеріне пропорционалды түрде шешімін табуды қажет етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіптің көптеген жетекші салаларын, аграрлық және қаржы секторларын, білім беру жүйесін, тіршілікті қамтамасыз етудің инфрақұрылымдық жобаларын дамыту жөніндегі алға қойған міндеттері еңбек нарығының дамуына және аталған сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына оң әсерін тигізетіні сөзсіз. 

Мемлекет басшысының елдің жаңа экономикалық бағыты қағидаттарымен белгіленген әділдік, инклюзивтілік, үнемшілдік қазіргі қоғамда шешілмей тұрған көптеген мәселенің бастауы болатыны анық. Жекелеген салалар бойынша тың көзқараспен қарап, саннан сапаға көшіп, отандық өнімді алдыңғы қатарға қоюға мән беру, басты қағидаттардың бірі. Яғни өзіміздің жерден шығып жатқан қазба байлықтар, егін, мал шаруашылығы өнімдері заман талабына сай сұранысқа қарай терең өңдеуден өтіп, ұсынылуы керек.

Президент өз Жолдауында жұмыс орындарында еңбектегі азаматтардың өндірістік жарақат алуы өткір мәселе болып отырғанын халыққа ашық айтып, 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын осы жылдың соңына дейін қабылдауға Үкіметке тапсырма берді. Мұндай құжат азаматтардың жұмыс орнында өздерін еркін, келетін қауіп-қатерден қорғаулы екенін сезінетін болады.        

Қаһарман Жақсылық,
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.