Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Киіздің киесі

30.01.2017
ЕКІ ТІЗГІН
Киіздің киесі
WhatsAppTelegramFacebook

Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш болып айбынымыз әлемге тараған еліміздің еркіндігі күн санап нығаюда. Ата-бабамыздың өсиеті жүрегі қазақ деп соққан әрбір ұланның қанында намыс отын ойнатты. Алайда «жау жағадан алғанда, бөрі етектеннің» кебін киіп, тағдыр сынының небір зұлматтарынан сүрінбей өттік. Өзгенің қолында кеткен құндылығымыз­ды кері қайтаратын күн де туды. Ұмыт болған ұлттық мұрамыз қайтадан жанданды. Бұл баршамыздың ортақ арманымыз еді. Сондықтан, құрметті оқырман қауым, «Әжем айтқан әңгіме» деп аталатын жаңа айдарымызда жоғымызды түгендеп,  барымызды бағамдайтын боламыз.

Тақырыбымыздың әлқиссасын текемет басу өнерінен бастағанды жөн деп білдік. “Малым – жанымның сада­ғасы, жаным – арымның садағасы”, – деген қазақтың жатса да, тұрса да жанынан бір елі ажырамаған төрт түлік малды керегіне жаратты. Етін талғажау қылып, терісінен киім тігіп, сүтінен таңдай үйірер небір тағамдар жасады. Тіпті, жүннің өзін пайдаға асырып, өнер туындысына айналдырды. Кейіннен мұны шетелдің ғалымдары жарыса жазып, халықтың ұлттық ұстанымын әлемге танытты. Киелі өнерге кіріспес бұрын алдымен дайындық жасайды. Ол үшін сапалы жүннің болғаны абзал. Әсіресе, қойдың күзем жүні. Қырқылған жүн бірден пайдаға аспайды, оны тулақтың үстіне үйіп әбден қопсытады. 1-2 метрден аспайтын сабау жүнді шаң-тозаңнан ажыратады. Жүн сабау ертеректе бозбала мен бойжеткендерге таптырмас ойын алаңына айналған. Әңгіме-дүкен құрып, артынан «тулақ шашу» деген салт бойынша дастарқан жайып, сауық өткізген. 
Бұдан соң киіздің көлеміне қарай тоқылған шиге сабалған жүнді аса ыждағаттықпен салып, біркелкі етіп жаяды. Содан соң қайнаған суды жүннің бетіне себелейді. Ал енді білек күші мен тәжірибесі ұштасқан әйелдер жүн салынған шиді домалатып орайды. Үш жерден мықтап арқанмен байлап, шидің сынып қалмауы үшін екі басына дорба кигізеді. 
Шаңырақ иесі салтқа салып алдымен шиге ақ тамызып, кейін соған қатысатын адамдарға дәм татқызған. Тамыры тереңге тартқан бұл дәстүрден алар тағылым да аз емес. Айталық, «татуластық, бауырластығымыз сүттей ақ болсын», – дегенді аңғартады. Буулы шидің ортасынан екі арқанды өткізіп, иін қандырғанша домалатады. Осы орайда өткен күнге шегініп, ауылда есте ұмытылмастай қалған естелікке тоқталғанымыз жөн болар. Балалық шағымыздағы бұл әрекет қызық болатын. Құдды біреуге ашуланып, соның өшін осы шиден алып жатқандай көрінетін. Жан дәрменімізді салып, балалығымызға қарамай біз де тебетінбіз. Риза болған үлкендер жағы: «мынау атасының баласы екен ғой», – деп арқамыздан қақса болды, одан әрмен өршеленіп, малмандай терге шомып кетеміз. Ол кезде ойын болып көрінетін кездің қазір осыншалық қадірі барын ұғына алмаппыз.
«Темірді қызған кезінде соқтың» уақыты келіп, білектің нағыз сыналар сәті де туды. Тепкіден нағыз киізге айналған жүнді шиден босатып әйелдер үш рет білектеп, үш рет алақандайды. Киіз басу қызығы енді басталғандай. Қыз-келіншектің сыңғыр­лаған күлкілері сап тыйы­лып, оның орнын жүрегіңді елжіретер әсем ән басады. «Алма ағаштың гүліндей-ау, Текеметтің түріндей-ау. Өтіп дәурен бара жатыр, Сіз бен бізге білінбей-ау», – деген ән құлағыңнан кіріп, бойыңды балбыратады. «Тоқтамаса екен, бітпесе екен» – деген тілегің орындалып, әндер аспанда қалықтаған тізбек-тізбек қаздай қиқулап шығатын еді. Ойынның қызығынан арылып, шаршаған балалардың талайы әжелерінің етегінде жатып-ақ тәтті ұйқының құшағына еніп кетер еді. Содан кейін екі бүктеп, екі шетін қосып, шуда жіппен көктеп, бір сағаттық қарпудан соң оянатынбыз. Оның себебі, киіздің басылып, дайын болғанын аңғартады. Жүннің қалайша киізге айналғанына таңырқап қарап қалатынбыз.
Таңғалатын жайттың көкесі әлі алда. Дайын киізден енді көздің жауын алар текемет жасалады. Оны тәжірибесі мол шеберлер өз ықтиярымен іске асырады. Түрлі түске боялған жүндерді оюлап, рет-ретімен орналастырады да қайтадан шиге орап, киіз бен ою бір-біріне қабысқанша қайтадан піседі. Осы үдеріс іске асқанша жоғарыдағы әндердің неше түрлісі орындалып, боз­баланың бойжеткенді баурап алуына жол ашады. Текеметке сән берер оюдың түсі таза табиғи. Қына мен неше түрлі гүлдерден алынған түс қанықтығымен бірден көзге шалынады. Киіз үйдің ішіне әр кіріп, кірсең шыққысыз кейіпке енеді. Өткен тарихтан хабар берер ұшы-қиыры жоқ ою-өрнек өзінің биіктігін байқатады. Ал кейде текеметті киізбен қатар жасайтын тәсіл де бар. Ол үшін киіздің жүніне түрлі түсті жүнді де бірге орналас­ тырып дайын­дайды. Алайда, тәжірибеге сүйенсек, алдымен киіз, сосын барып текемет басқанның артықшылығы көп. 
Әдетте, әжеміз дайын текеметті топтастырып, шаңырақ құрған немере-шөберелеріне үлестіріп отыратын. Ондайда біраз жанжалдың да шеті байқалады. Өйткені ең әдемісіне талас туып, талай еріндер бұртия бастайтын. 
– «Судың да сұрауы бар», осыны естен шығармаңдар, қарақтарым! Бүгін басылған киіздің бір түйірі де жерде қалмайды. Артылса тым құрығанда аяқтарыңа пима жасап береміз. Бәтеңкелеріңе ұлтарақ қылып саламыз. Сонда қыста тоңбайсыңдар, асыр салып, омбылатып қар кешесіңдер. Аяқтан төрге орын тепкен киіздің қасие­ті көп. Киіздің киесі бар. Атадан балаға қалған мұраны ұмытпаңдар! – дейтін әжемнің ақылын әлі де ұмыта қойғаным жоқ. 
Дайын киізден текеметтен бөлек сырмақ сырылып, тұрмыстық қажеттілікті қанағаттандыратын алуан түрлі бұйым жасалады. Мысалға, киім-кешек, көрпе-жастық, дастарқан сынды таптырмайтын заттар шебердің қолынан шығып, ел кезіп кетеді.  
Қазіргі таңда киіз басып жатқандарды кезіктіру қиынның-қиыны. Технологияның дамығанының айғағы ретінде киізді сан алуан зауыт, фабрикалар өндіріп, әрмен қарай пайдаға жаратады. Ең өкініштісі, онда ауылдағыдай басқосу мен той-думан болмайды, ән шыр­қалмайды, махаббат жыры құлақ құрышын қандырмайды.
«Алма ағаштың гүліндей-ау, Текеметтің түріндей-ау» – менің құлағыма мәңгі ұмытылмастай орнаған ән. Алыстан жаңғырып жетіп, көз алдыма қызығы көп балдәурен шағымды әкеледі. Әжемнің қоңыр дауысы мен қылықты қыздардың сыңғыр күлкісі жадымда жатталып қалыпты. Осылайша текемет десе ауыл, ауыл десе жаныма жақын ағайын бір-бірін байланыстырып, үзілмес жіпті одан әрі қалыңдата түседі. 

Иә, қазақ елінің қабырғасын қайыстырар жайттар жетіп артылады. Тауқыметтің кермек дәмін татып, талай рет зардаптың запыранын да құстық. Қол жетпес арманға айналып, сағымның шымылдығына тығылған тәуелсіздікке анасына ұмтылған сәбидей қол создық. Айымыз оңынан туып, оған да қолымыз жетті. Керей мен Жәнібек көтерген шаңырақ қайтадан қалыпқа келіп, жыртығымыз жамалды. Ат тұяғының дүбірі ғалам құлағына жетті. Ендігі кезек осындай қанымызға сіңген ата дәстүрімізді жаңғыртып, баба мұрасын бала санасына сіңіру.

Мәулен Әнербай

 

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

31.01.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

31.01.2026
Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.