Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Күйініш күйзелтпесін

03.03.2018
ЕКІ ТІЗГІН
Күйініш күйзелтпесін
WhatsAppTelegramFacebook

Адамның жан дүниесі, жігер-күші тағдырын басқарады. Мына алмағайып заманда  санаңды басқару толыққанды өмір сүру үшін үлкен рөл атқарады. Сол жан дүниені   зерттейтін-зерделейтін маманды психолог деп атайды.  Психолог, әсіресе, жасөспірім шақта керек. Себебі, мінез аумалы-төкпелі. Оны дәрігер гормондардың «ойнауымен» түсіндіреді.  Міне, балалардың  әр нәрсеге  еліктегіш келетіні де осы шақпен тұспа-тұс. Алғашқы махаббаттың әлегі де ағзадағы өзгеріспен қабаттасып, санаға салмақ түсіреді. Жауапсыз махаббатты «мені менсінбедіге» балап, күйінетін де осы кез. Ата-ананың ақылынан  көшедегі достың азғыруы күштірек болатын да балалықтан жастық шаққа өтер кез.   Мектепте 6-9-сынып аралығында балалармен тәрбие  жұмысы күшейеді.  Психологтар балалардың жүріс-тұрысын,  күдікті әрекеттерін жіті қадағалайды.  Осы орайда  бала тәрбиесіне байланысты сұрақтарымызды Талдықорған қаласындағы № 19 мектептің психологі Айжан Шаяхметоваға қойған едік. 

– Айжан Әбілғалиқызы, қазір баланы интернет, қоғам тәрбиелейді. Ата-ананың балаға қарайтын уақыты жоқ деген сөзге қалай қарайсыз?
– Бала – көзі көргенге көп еліктейді. Шындығында олар ата-ананы кешке жақын ғана көреді.  Олар бүгінде  әлеуметтік желіге тәуелді.  Күндіз-түні  сондағы іс-әрекеттер мен болып жатқан жаңалықтарды  бойына қабылдауда. Баяғыдай ата-анамен дастарқанда әңгіме-дүкен құрып, тағылымды әңгіме айту жоқ. Үй қарасын көрмей жұмыс істейтін әке-шешелер де бар.  Сондықтан, баланы қоғам тәрбиелеп жатыр деген рас. 
– Ата-ана қызметіне байланысты  көбінесе сыртта жүреді делік. Сонда баланы қалай қадағалауы тиіс?
– Баланың қандай іске бейім екенін байқау керек. Қызығушылығын аңғарған жөн. Содан, сол пән немесе қосымша сабаққа берген дұрыс. Кейбір бала спортты жақсы көреді. Ата-ана  күніне бір сағат болса да  балаға уақыт бөліп, күндіз не істеді, қандай шаруамен шұғылданды біліп отыруы керек. Мүмкін балаңыз біреумен ренжісіп, күйініп отырған шығар. Сіз әңгімелесе бастасаңыз ол шыдамай ағынан жарылуы мүмкін. Сүйтіп, оның бәрі өмірдің ұсақ-түйек қиындығы екенін балаға түсіндіресіз.  Ұл-қыздар бізге  отбасында өзіне көңіл бөлінбейтінін айтып шағымданады.
– Осы жерін толығырақ айтсаңыз. Жалпы баланың ішкі-дүниесіне, өмірге көзқарасына қалай үңілесіздер?
– Бұл жерде әртүрлі әдіс қолданамыз. Көбінесе мақсатымызды жасөспірімдерге байқатпауға тырысамыз. Тест алғанда 100 сұрақ қоямыз. Соның бірі ғана негізгі сұрақ болады. Мысалы, елеусіз бір тұсына «Өмірді сүйесің бе?» деген сауал тастай саламыз. Сонда  күйзеліп жүрген бала «Ойланбаппын», «Қызық емес» деген сияқты жауап жазады. Сондай-ақ, эссе жаздырамыз. Онда «Мен болашақта…», «Менің отбасым» деген тақырыптарды қозғаймыз. Жауаптағы  «Уақытында көреміз», «өзімді жалғыз сезінемін» деген сөйлемдер баланың күйзелісте жүргенін байқатады. Менің байқауымша, көбінесе ортаңғы бала күйзеліске түскіш келеді. Отбасында үлкенді  тұңғыш деп еркелетеді. Кішіні – кенже дейді. Ортаңғы «ерекшелерге»  қызғанышпен қарап жүргенін кей ата-ана сезбейді. 
– Балалардың күйзеліске түскенін қалай байқауға болады?
– Балалардың күйзелісі екі түрге бөлінеді. Біріншісі  – жан-жағына күшін көрсетіп, қорқытуға тырысады. Қоршаған ортаға жеккөрінішпен қарап, айбат шегеді. Мұғалімге сөз қайтарады. Үйден қашады.  Қатарластарымен ерегеседі, жаға жыртысады.  Ондай бала ашу үстінде не істегенін байқамай да қалады. Екінші түрі  – бала торығады. Жалғыз қалуға тырысады. Тұйықталып, өз ойымен өзі әлек болады. Мәселесін ешкімге айтпайды. Өмірдегі келеңсіздіктерге мен кінәлімін деп ойлайды. Басқалардан өзін кем санай бастайды. 
– Сіздер  күйзеліске түскен балаға қалай көмектесесіздер? Ата-ана не істеуі керек?
– Мұндайда біз көбінесе балаға білдірмей сол сыныптың ата-анасын түгел жинап тест аламыз.  Сол жердегі жауаптарға қарап, әңгіме-дүкен құрған болып, ата-анасына ой саламыз.  Керек болса, жеке сөйлесеміз. Тәжірибемде байқағаным, ата-анамен сөйлескеннен кейін отбасында байланыс орнап, үйлесім, жарастық таба бастағанын сеземіз. Сол кезде бала да жарқырай бастайды.
– Бала көбінесе қандай жағдайға күйінеді?
– Отбасында ұрыс-керіс болғанда  бала жүйкесі сыр бере бастай-        ды. Ата-ананың ажырасуы әсіресе  ұл балаларға қатты соққы болып тиеді. Үйдегі жетіспеушілік, қаражат қиындығына  балалар өзін кінәлі сезінеді. Мен болмасам осылар тату тұратын шығар деген  ой айтатындар да бар. Әке-шеше отбасында  барынша татулық сақтауы тиіс. Ұл-қызға бар-жоқты онша білдіртпеген жөн.  Бар ақша менің  киіміме, қосымша сабағыма кетіп жатыр-ау деп іштей қиналып жүретіндер бар. Сондықтан бала тәрбиесін ақсатып алмайық. Шаңырақтағы шаттық ержетіп келе жатқан баланың өміріне  оттегіден де артық қорек. 
 
Гүлжан ТҰРСЫН
 

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.