Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Кітап және компьютер

30.07.2016
ЕКІ ТІЗГІН
WhatsAppTelegramFacebook

Кітап кеміріп өскен кешегі ұрпақ онлайнда өмір сүретін бүгінгі буынға үрке қарайды. Бірақ ел ескі мен жаңаның арасындағы томпақ теориядан әбден титықтаған. Жастар туралы айтылатын жаңсақ сөз халықтың санасын сансырататын жауыр әңгіменің біріне айналды. Олардың арасын аз уақыт бұрын кітап пен компьютер бөліп жататын. Ал қазіргі таңда кітап компьютерленді. Ғасыр алдында ғана әріп танып, сауат ашқанына балаша қуанатын қоғам басылымдағы көлдей мақаладан да, радиода сағат салмай сарнаған ақпарат ағынынан да, теледидардағы топ-топ бағдарламадан да баз кеше бастағандай. Әлеуметтік желіге әу баста лек-легімен тіркелген халық бірін-бірі мақтаған, одан қалса даттаған арзан жазбалардан жалықты. Ең сорақысы, ел таныған, ұлт мұрасын арқалаған, салмақты сөз айтып келе жатқан зиялылар қаршадай қыздың күлімсіреп түскен суретіне пікір жазып, болмашыны сөз қылатын ұсақ мінезге салынды. Күн, ай, жыл аралап ортамызға енетін озық технологияның тұтқасын ұстаған сайын ұлттық болмысымыз босаңсып, жылдам жалығатын, тез жеритін ұрпақ өсіп келеді.

 

Аспан айналып жерге түсетіндей ыс­тық. Шамамен шіліңгір шілденің кезі. Жазғы демалыстың орта тұсына таяп қалғанбыз. Үйдің жанында кеңестік кезең­нен қалған көне кинотеатрдың ғимараты бар. Әлгі нысанның қосымша есігінен кіретін екі бөлмеде аудандық кітапхана жайғасқан. Бастауыш сыныпта оқимыз. Күнде ойын. Күнде көшеден-көше аралап, шаң қауып кетеміз. Сондай күндердің бірінде әлгі кітапханаға бас сұқтым. Өзімнен үш жас үлкен досым бұдан бұрын бұл жерден бірнеше кітап алыпты. Маған сөреде тізіл­ген кітаптарды үйге жаздырып беретіні қатты қызық көрінді. Балалықпен барған кітап­ханам болашақтағы мамандық таң­дауыма түрткі болғандай сезіледі. Төбемен тірескен кітаптарға шалқалай қараймын. Асықпай аралап жүрдім де, суреті көп жинақтың біріне қол создым. Бір емес, бірнешеу. Қанша кітап алсам да үйге оқығанға беретіні мені тіпті таңғалдырды.

Кітапханашы апай қолыма жұқалтаң келген журнал тәріздес әр беті суретке толы жинақты ұстатты. Мен тағы бес кітап жаз­дырдым. Әлі есімде, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің жиырма томдық шығар­малар жинағына ең алғаш сол кітапханада көзім түсті. Не деген қалың кітап деп салмақтап көрдім де, суреті жоқ болған­дықтан тез арада орнына қойдым. Бұл – бірінші сынып­ты бітіріп, екіге аяқ басқан кезім. Дәл сол кез үйге кітап арқалап қуана кіргенім есімнен кетпейді. Тегін бергендей сезім болды бойымда. Кірген бетте парақ­тай бастадым. Ұмытқан жоқпын, орыс ертегілерін қазақша аударған жұқа кітап. Бүлдіршін қыздың қыстыгүні далада адас­қаны, орманда үйін таба алмай қалғаны, сайдың арғы бетінен қасқырдың жолық­қаны туралы баян­далады. Мен бұл сюжетті мәтіннен гөрі суретке қарап түсініп алған­мын.

Бірінші сыныпқа дейін кітап көрген емеспін. Ең алғаш әліппеден әріп үйреніп, бүкіл өміріме сәуле шашқан кітаппен қош­тас­қаннан кейін кітапханадан суреті көп ертегі жинақтарын таси бастадым. Алға­шында анам мен таңдамай, талғамай әкеп алған кітаптарды он бес күн өткенде қайта­дан өзі апаратын. Келе-келе, мен де қайта өткізуге машықтандым. Сөйлемдерді кід­і- ріс­сіз оқи алғаныммен, оны түсінуге, тара­зылауға, мазмұндауға келгенде ақсап жатушы едік. Сол себептен де шығар, суреті бар кітаптар маған әлемдегі ең қызық та құнды қазына сияқты көрінетін.

Біз технологиядан жерімей өскен соңғы буын сияқтымыз. Өйткені, біздің балалық шақта ұялы телефон атымен болған жоқ. Компьютерді мектеп қабырғасынан ғана көрдік. Таңсық заттың қадірін кетірмейтін едік. Қолдан-қолға өтіп, аялап ұстай­тынбыз. Велосипедті қос қолымыз майға малынып, қызыққаннан таңды-таңға ұрып күрделі жөндеуден өткізетінбіз. Бәрі күні кешегіндей есімде ғой. Велосипед тебу дүниенің рахаты еді. Мүдірмей меңгерген кезде тіпті ауыл-ауылды аралап, көше-көшеде ит біткенді соңымызда шулатып жүрдік.

Жетінші сыныпта қолыма Шерхан Мұр­та­­заның «Қызыл жебе» романы тиді. Сонда Тұрардың әкесі Рысқұлдың түрмеге айда­латын әсерлі эпизоды бар. Арба үстінде ерекше күзетпен отырған асқар таудай арысты белгісіз Сібір даласына айдай жөнелгенде қаршадай Тұрардың жүрегі алып-ұшып, жалма-жан алдыға қарай ұмты­лады. Сонда әке мен баланың арасын белбеу ғана бірнеше адымға дейін жалғап тұрады. Оқырман да осы сәтте үміт пен жоқтықтың арасында арпалысқа түседі. Жазушы да әке мен бала арасын жай ғана үзе салмай, үміт шоғын қайта үрлеп, екі араны баланың белбеуімен жалғап жібе­реді. Керемет емес пе? Бұл көрініс тұрмыс тауқыметін тартпаған, тағдыр сынына ұшырамаған адамға әбден түсініксіздеу болуы мүмкін. Шын мәнінде, «Қызыл жебе­нің» Рысқұл мен Тұрарды айыра­тын деталі оқырманды ғана емес, жазып отырған жазушының өзін де толқытқаны ақиқат. Өйткені, әкеден айырылғанның қандай екенін Тұрар да, Шерхан да, оқырман – мына мен де жақсы білетін едік.

«Кітап маған тақтан да қымбат», – деген Шекспирдің сөзі бар екен. Десе де, кітап­тың орнын кино мен компьютер басыпты. Жас­тардың беталысына қарасақ, том-том кітап оқуға уақыттың жоқтығын желеу етіп, түрлі бұлтартпас себептерді айта қояды. Меніңше, мұның бәрі рухани дағдарыстың өтпелі кезеңі. Қазір жұртты таңдандыру мүмкін емес. Бүгін тосырқайды, ертең таңырқайды, бүрсүгүні теріс айналады. Біздің буынның балалығы қазіргі бал­дәурен шаққа мүлде ұқсамайды. Бесіктің тербелгеніне емес, ұялы телефонның шырылына уанатын сәби өсіп келеді.

Компьютер адамның құндылықтарын арзандатады. Кітап кемелдендіреді. Бұған күн өткен сайын көзіміз жетті. Бірақ біз жастарға кітап оқымайды деп кінә артқа­нымызбен, сол оқитын дүниелердің маз­мұны мен сапасына назар аудардық па? Жоқ, олай жасағандар аз. Біз оқырманға ой салатын қандай кітапты ұсына алар едік дегенде тосылыңқырап қалатынымыз шындық. Сіз білесіз бе, кітап оқу – бұл бос уақыт өткізу емес, тұлға болып қалыптасу құра­лы.  М. Горький минутына төрт мың сөз оқи алған. Ал Сталин күніне 400 бет кітап оқыған және оны ең дұрыс норма деп есептеген. Ғалым Томас Эдисон бірден 2-3 қатардан оқи алған, оның аса бір зейін­мен оқи алғаны соншалық, ол тіпті мәтінді жаттап алып отырған. Ғалым­дардың ай­туын­ша, кітапты баяу оқуға қара­ғанда, жылдам оқу кезінде көз шаршамайды. Атақты француз жазушысы Оноре де Баль­зак жарты сағаттың ішінде екі жүз беттік романды оқып шығатын болған. Наполеон кітапты минутына 2000 сөз жылдам­дығы­мен оқыған.

 

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Қатысты жаңалықтар

Руслан Желдібай қызметінен босатылды

Руслан Желдібай қызметінен босатылды

29.01.2026
Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.