Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

«ADIDAS» ПЕН «PUMA» БІР-БІРІНЕ ЖАУ БОЛҒАН

06.10.2019
ЕКІ ТІЗГІН
«ADIDAS» ПЕН «PUMA» БІР-БІРІНЕ ЖАУ БОЛҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Спорттық аяқкиім шығарушы әйгілі «Адидас» және «Пума» компанияларының негізін қалаған ағалы-інілі Дасслерлер өмірлерінің соңына дейін бір-бірімен сөйлеспеген.

Оқиға 1920 жылдары Германияның Херцогенаурах қаласынан бастау алды. Рудольф Дасслер 1898 жылы 26 наурызда аяқкиім жасаушы шебер мен тазалықшының отбасында дүниеге келген. Екі жылдан кейін дүниеге інісі Адольф келеді. Рудольф пен Адольф бала кездерінен спортқа әуес болып, үнемі өз араларында жарыстар ұйымдастырып отырған. Спорттық жарыстар жас Адольф Дасслерге тістері бар спорттық аяқкиім өндіретін өзінің жеке ісін бастауына түрткі болды. Осылайша кіші Дасслер жанына таныс ұстаны алып, анасының тазалық бөлмесінде спорттық аяқкиім жасайтын шағын өндірісін іске қосады. Аз уақыт өткен соң ол ағасы Рудольфты  серіктесі ретінде жұмысқа алады. Рудольф аяқиім өндірісінен хабары аз болса да, оларды сату қолынан жақсы келетін. Ағайынды Дасслерлердің басты құпиясы да сол еді. Бірі жаңа идеяларды іске қосып, аяқкиім өндірісін алға жылжытуды ойласа, енді бірі сатып алушыларды тауып оларға дайын спорттық аяқкиімдерді жарнамалаумен айналысқан. 
1924 жылы «Gebrüder Dassler» (Ағайынды Дасслерлер) деген атпен алғашқы фирма ашылды. Өндіріс біртіндеп кеңейе түсті. Өнімнің сапасы да жоғарылады. Ал 1928 жылы Амстердамдағы Олимпиада ойындарында бірнеше спортшы «Gebrüder Dassler» спорттық аяқ киімімен жарысқаны компания үшін алғашқы үлкен жетістік болды. Тағы төрт жылдан кейін Лос-Анджелесте өткен ойындарда неміс спортшысы Артур Йонат осы фирманың спорттық аяқкиімімен 100 шақырымға жүгіріп, қола медальға ие болды. Ал 1936 жылы Берлин Олимпиадасында танымал афромерикандық жеңілатлет  Джесси Оуэнс ағайындылардың қолынан шыққан спорттық аяқкиімді киіп төрт алтын медальды жеңіп алған болатын. Бұл оқиға спорттық аяқкиімдер сатылымының күрт өсуіне түрткі болды. Осылайша Дасслерлер Берлин Олимпиадасына дейін байлыққа кенеліп, Херцогенаурах қаласындағы ең беделді отбасыға айналды. Үлкен үй сатып алып барлығы  бірге тұрды: бірінші қабатта – Адольфтің отбасы, екінші қабатта – Рудольфтің отбасы, олардың үстінде –ата-аналары. Көп ұзамай үй тарыла бастады. Рудольфтің әйелі Фридль  Адольфтің әйелі Кэтимен тіл табыса алмады. Ал ағайындылардың әрқайсысы өз әйелін жақтады.

Алғашқы жанжал

1932 жылы ағайынды Дасслерлер НСДАП үшін (Ұлттық социалистік неміс жұмысшы  партиясы) дауыс беріп, 1933 жылы партия мүшелері атанды. Салауатты өмір салтын насихаттап, спорттың дамуына қосқан үлестері көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Бірақ Екінші дүниежүзілік соғыс басталған соң ағайындылар әскери аяқкиім жасауға мәжбүр болды. 1943 жылы Дасслерлер майданға шақыртылып, көп уақыт өтпей  Адольф оралып фабриканы қайтадан қолына алды. Ал Рудольф екі жыл баспа машинасы бюросында қызмет етіп, оны тастап өз еркімен үйге оралғаннан соң ұсталып қамауға алынды. Концлагерьге барар жолда оны америкалық әскерилер босатады. Кейін Рудольф АҚШ әскерімен байланыс жасағаны үшін қайта тұтқынға алынды. Іс барысында Рудольфке Адольфтің сатқындық жасағаны белгілі болады. 
1948 жылы Адольф пен Рудольфтің әкесі Кристоф Дасслер қайтыс болады. Осыдан бастап Херцогенаурах қаласында екі аяқкиім шығаратын фабрика «Addas» пен «Ruda»  пайда болды. Көп уақыт өткен соң Рудольф өзінің фирмасының атауын – «Puma» деп өзгертті. Ал Адольф болса «Addas» атауына бір әріп қосып «Adidas» деген  екі емес үш қара жолағы бар тауар өндіретін жаңа фирма қалыптастырды. Осы уақытта бүкіл Херцогенаурах қаласы өштесе бастады. Қала тұрғындарының бір бөлігі Адиге, екіншісі Рудольфке жұмыс істейтін екі лагерьге бөлінді.  Екі фабрика бір-бірінен 500 метр қашықтықта тұрды және әрқайсысы танымал болуға ұмтылды. 
Алғашқы үлкен жеңіске «Adidas» бірінші болып қол жеткізді. Футболдан Германия ұлттық құрамасының жаттықтырушысы тістері бар бутсы киіп оны дымқыл көгалда   сынап көріп, келісімшартқа қол қойды. Көп ұзамай бүкіл команда үш жолақты аяқкиіммен жаттығу жасады. Бұл жағдайға Рудольф қатты ызаланды. Себебі, тістері бар бутсы алғашында оның  идеясы еді.  Және бұл келісімшарт та алғашында «Puma» компаниясымен жасалмақ болған. Бірақ фабрика қаражатының аздығынан серіктестік жүзеге аспады.
Екі фирма арасындағы бәсекелестік шынымен қатты болды. Тіпті қызметкерлерге бәсекелес компаниялардың адамдарымен кездесуге немесе үйленуге қатаң тыйым салынды. Фирмалар үнемі бір-бірін тыңшылық  әрекет жасады деп айыптайтын.

Бәсекелестіктің соңы

Рудольф Дасслер 1974 жылы 76 жасында өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмды.  Ал Адольф жерлеу рәсіміне келмей, дін қызметкерімен тек телефон арқылы сөйлесіп ағасын кешіретінін жеткізді. Осыдан төрт жыл өткеннен кейін Адольф та дүниеден өтті. Бірақ, компаниялар арасындағы өшпенділік Адольф Дасслердің мұрагерлері бір-бірімен ұрысып, жылдық айналымы жарты млрд. долларды құрайтын компанияны тек 390 миллионға сатып жібергенде ғана аяқталған.
Араздықтан 60 жыл өткен соң ғана, 2009  жылы  компаниялар келісім матчын өткізді. Олар мұны 21 қыркүйек Халықаралық бейбітшілік күніне орайластырып жасады. «Adidas» компаниясының бас директоры Герберт Гейнердің: «Спорт –адамдарды жақындастыра алатынына сенеміз» деген сөзіне «Puma» компаниясының басшысы Йохен Цайтц та қосылып, бұл әйгілі екі компания үшін ең маңызды күн екенін атап өткен еді.

 Айсұлу ЧЕЛЕКЕН,
https://techno.tviigetz.ru сайтынан аударылды

 

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.