Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Өлең сөздің зергері

24.10.2016
ЕКІ ТІЗГІН
Өлең сөздің зергері
WhatsAppTelegramFacebook

Халықтың жүрек түбіндегі сөзін дөп басатын, сұлу табиғат пен адам жанын егіздей жырға қосатын ақындар көп. Сәкен Сейфуллиннің «Жазушы деген сөз қалаушысы, сөз кестешісі, сөз зергері, зергері болғанда жай ғана зергер емес, сөз арқылы адамның жан дүниесін, сана-сезімін тәрбиелейтін зергер. Сондықтан да ол «адам жанының инженері» деген сөзінің астары тым тереңде. Осындай қара сөзден қамшы өрген, адам жанына қажеттіні ақ параққа қара сөзбен төгілткен ақындардың бірі –  Жомарт Игіман.

Ақынның бала күннен кітап оқуға деген ынтасы күні бүгінге дейін артпаса кеміген емес. «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» деп жырлаған Мұқағали ақынның ұранын ұлы еліне арнап жүрген ақын Жомарт Мақатұлының қазақтың салт-санасы, әдет-ғұрпы мен мәдениетінен бастау алған жырларын бүгінгі ұрпақ жадына сақтап келеді. Оған Еркін ауылындағы Бекзат Құрмашев басшылық ететін №26 мектеп оқушыларының «Өлеңнен өзімді іздеп…» атты кездесуі дәлел. Ақынын құрметтеген елдің ұрпағы қаламгерді ерекше ілтипатпен қарсы алды. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын, сайдың тасындай тізілген оқушылардың алғырлығы, сөзшеңдігі, дайындығы көпшілікті тәнті етті. Былтыр ғана бой көтерген жаңа әрі заман талабына сай салынған білім ордасының акт залында өткен кездесудің кейінгі ұрпаққа берері мол. Қаламгердің өмірбаянын таныстырумен басталған кешке  жазушы Айгүл Мағазқызы, сазгер, композитор Өмірсерік Арапов, республикалық «Елназар» журналының бас редакторы, ақын Ерғазы Манапұлы және ақын Жангелді Немеребаев қатысты. 
«Жүздесу», «Шарайна», «Көкжиек», «Ғұмыршырақ» сынды кітаптарды өмірге әкелген ақынның жалынды жырларын жаттаған бір топ оқушы сахна төрінде мәнерлеп өлең оқып, көрініс көрсетті. Қаламды және оның жазуын жоғары бағалап, құрметтеген оқушылар Жомарт Игіманға арнаған өз туындыларынан шашу шашты. Залдағы көрермендер де бұл кездесуге асқан дайындықпен қатысып отырғандығы көңілге жылылық ұялатты. Олар ақынның бір шумақ өлеңдерін жатқа оқып, содан кейін өздерін толғандырған қызықты сұрақтарын қойды. Мұндай жаңашылдық тәсілді енгізіп, барлық оқушыны жұмылдырып, ақынның шығармашылығымен таныстыруға асқан жауапкершілікпен қарап, өзінің біліктілігі мен білімін ұштастырған жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сұлушаш Төребекқызының ұйымдастырушылық қабілетін, еңбегін ерекше атап өткеніміз жөн. Қазақ «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы», – деп текке айтпағанын осы арадан-ақ байқауға болады.   
Жомарт Игіманның 40 жылы шығармашылықпен өткен. Сол жылдардың тізбегіне көз жіберетін болсақ, талай жырды тудырып, 8 кітап жазған. Ақынның адами болмысын, рухани әлемін жоғары бағалаған замандастары мен інілері ізгі тілектерін арнады. Ақын Айгүл Мағазқызы қаламгердің өлеңдеріне талдау жасаса, композитор Өмірсерік Арапов ақын сөзіне жазылған әндерді баянмен орындап шықты. Сонымен қатар қаламгердің қаламдас інісі Ерғазы Манапұлы мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде «Ара» журналынан ақынның өлеңдерін жаттап өскенін айтып, ақын шығармашылығына шолу жасап, рухани ұстазына арнаған арнау жырын оқыса, ақын інісі Жангелді Немеребай да жырдан шашу шашты.  
Жаратылысы жамандық пен зұлымдыққа қас ақынның кешінде өткен өмірі туралы сыр шертіліп, әзіл-шыны аралас әңгімелер сәтімен сабақталды. Тамылжыған тамаша кештің соңында тарих пәнінің мұғалімі Думан Қошқарбаев ақын әкесінің шығармашылығын топтастырған кітапты сыйға тартса, кешті жоғары деңгейде ұйымдастырған Сұлушаш Төребекқызы қазақы дәстүр бойынша Жомарт Игіманның иығына шапан жапты. 
Рухани кештің өтуін ұйымдастырған ұстаздар мен біркісідей атсалысқан оқушыларға алғыс айтқан ақын өзінің қолтаңбасы қойылған кітапты сыйға тартты.

Еңлік КЕНЕБАЕВА

 

Қатысты жаңалықтар

Баукеңнің еркелігі

Баукеңнің еркелігі

29.01.2026
Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

29.01.2026
Жетісуда сынақ емтиханы: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей ме?

Жетісуда сынақ емтиханы: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей ме?

29.01.2026
Төмен пайызды несие: Парламент бизнеске арналған жаңа келісімді мақұлдады

Төмен пайызды несие: Парламент бизнеске арналған жаңа келісімді мақұлдады

29.01.2026
Алакөл ауданы әкімінің орынбасары 5 жылға сотталды

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары 5 жылға сотталды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.