Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ БАСТАУЫ

30.11.2017
ЕКІ ТІЗГІН
WhatsAppTelegramFacebook

   Елбасының биылғы жылы халық назарына ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмыс жоспарына 29 ірі жоба енгізілген. Солардың қатарында, біздің Қарасай ауданындағы Райымбек ауылдық округіне қарасты Қырғауылды ауылының аумағында орналасқан «Батыр бабалар» мемориалды музейі бар. Алматы қаласына және қазыналы Қарасай жеріне келген қонақтар мен туристердің, тұрғылықты халықтың, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қызыға келіп тамашалап, танымдарын кеңейтетін орынға айналып үлгерген бұл мемориалға жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та арнайы келіп, атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.

 

    Жалпы Алматы – Жандосов бағытындағы жоғарғы күрежолдың бойындағы сәні мен салтанаты келіскен демалыс кешені кім-кімнің де назарын аудармай қоймасы анық. Онда «Нұр – Мұсахан» мешіті, «Күлиман ана» медресесі, «Анаға құрмет» мұражайы мен алдындағы зәулім ескерткіші, қазақ үй пішіндес мейрамхана және осы біз сөз етіп отырған мемориалды музей қаз-қатар орналасқан. Мәдени мұрамызды жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, азаттыққа жету жолындағы сан қилы тарихымызды өскелең ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтқан олардың барлығының негізгі идеясы ауданымызға танымал, абыройлы Шпекбаевтар әулетіне тиесілі екенін көпшілік біледі. 
     Ал музейдің өзіне тереңірек тоқталатын болсақ, сыртқы келбетіне қарасаңыз, қазақтың киіз үйінің пішінін көресіз. Жалпы көлемі бір гектар жерді алып жатқан ғимараттың диаметрі – 30 метр, ішкі аумағы – 1000 шаршы метр, биіктігі – 9 метр. Жерден алғандағы төбесіндегі стелланың ұшы – 25 метр биіктікте тұр. Әдемі абаттандырылған ауласымен жүріп, есігіне қарай беттесеңіз, жолдың екі жағындағы тастан жасалған екі ескерткішке кезігесіз. Олардың бірі – қазақ батырының бейнесі болса, екіншісі – сақ заманында өмір сүрген садақшы әйел екенін байқау қиын емес. Екеуінің де биіктігі 5 метрді құрайды. Күрті гранитінен жасалған мүсіндер тасты да жарып шығуға дайын қазақ тарихындағы батырлардың арасында ерлермен қатар нәзік жандылар да болып, әділдік пен азаттық үшін күрескендігін айғақтап тұрғандай. Сондай-ақ, сәл әріректе, қос бетте қарама-қарсы тұрған Есік қорғанынан табылған Алтын адамның киіміндегі алтын жапсырмалардың бірі – ат үстіндегі қанатты барыс бейнесі де жанарды жауламай қоймайды. Музейдің айналасынан домалап жатқан үлкен тастарды да көруге болады. Тарихи әдебиеттердегі аңыздарға сүйенсек, ертеде батырлар қандай да бір жорыққа аттанар алдында көтере алатын тастарын әкеліп бір жерге үйеді екен. Күндерге ғана емес, айларға созылған шайқастардан аман оралған ержүрек азаматтар тау болып үйіліп жатқан тастардан өз тасын қайта алып тастайтын көрінеді. Содан сырттай қанша батырдың жорық даласында жер жастанғанын топшылауға болатын дай. Музейдің осы сыртқы келбетін, құрылымын сәулетші Бексұлтан Елдос жауапкершілігіне алған. 
    Бұл оның үшінші авторлық еңбегі, Қайсар Әміреев есімді тағы бір тәжірибелі сәулетшімен бірлесіп, осындай ауқымды жобаны жүзеге асырған. Бұған дейін Елдос Елмұратұлы көпшіліктің оң бағасын алған «Аналарға мәңгілік құрмет» және «Ана мен бала» атты жеке туындылары арқылы танылып үлгерген. 
    Бұл музей өзі бір залдан, үш экспонаттар бөлімінен тұрады. Яғни сақ заманынан алашордаға дейінгі кезеңді қамтитын бір бөлімде осы уақытқа байланысты тарихи мәліметтер, кітаптар, ғұн, түркі дәуірі, Алтын Орда, қазақ хандығы жайындағы мағлұматтар бар. Сондай- ақ, жоңғар шапқыншылығы, ұлт-азаттық көтерілісіне арналған және алашорда көсемдері тақырыпқа арқау болған экспозицияларды қызыға тамашаларыңыз анық. 
    Келесі, ортаңғы бөлімде қазақ тарихынан белгілі, ел билеген хандар мен төрелік айтқан билер туралы жәдігерлер сыр шертеді. Ал жаугершілік замандағы батырларға арналған бөлімде жұдырығы тоқпақтай, жауырыны қақпақтай, алдынан шыққан жауын жайрата жеңіп, жылдарға созылған жорықтардан жеңіс туын көкке желбіретіп қайтатын хас батырлардың ерлігін көзбен көргендей әсерге бөленіп тәнті боласыз. 
    Осы орайда, академик Шәміл Қожаханов басшылық ететін «Заман Ту» ЖШС жүргізген көркемдік-безендіру жұмыстарына жоғары баға беруге болады. Оны қолға алғандағы негізгі мақсат – қазақ елінің ерте заманнан қазіргі кезеңге дейінгі тарихын бейнелеп, батыр бабаларымыздың ерліктерін, оның ішінде Жетісу жеріндегі Орбұлақ, Аңырақай шайқастары жайлы мәлімет беру болды десек, ұжымның діттеген мұратына жеткендігі айқын көрініп-ақ тұр. Бұл ретте, тақырыптық-экспозициялық жоспар жетекшісі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлиев екенін де айта кеткен жөн. Ал, ағайынды қолөнершілер Тұрсынжан Құлмантегі, Махмұд, Айтберген Жетекұлдарының ағаштан, теріден, темірден жасаған жиырмаға жуық бұйымдары мұндағы жәдігерлерді толықтырып, тарихи маңыздылығын еселей түскендей. 
Әсіресе, музейге енгенде бірден көзге түсетіні – төбесінен бұлтсыз ашық аспан көрінетін шаңырақ астындағы төрт қабырға. Оның ортасындағы жер шарының үстінде сәйгүлік атты тізгіндеген нар тұрғалы батыр қазақ елінің ерлігі мен өрлігін айғақтап тұрғандай әсерге бөлейді. 
    Жалпы, экспозициялардың төрі ел тәуелсіздігіне арналған. Бұл қатарда айбынды азаттығымызды айғақтайтын жәдігерлер, кітаптар, суреттер орын тепкен. Әсіресе, бойтұмар бейнесіне ұқсас, «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» композициясының мән-маңызын тереңнен іздеген ләзім. 
    Мысалы, ол өзі тасбақа тәріздес пішінді тастың үстіне орналасыпты. Көне көшпенділер тарихында тасбақа ең ұзақ жасайтын жануар ретінде есептелген. Яғни оны «шексіз» деген ұғыммен байланыстыруға болады. Негізгі үлкен шеңберді жалпы «Жер шары» деп алсақ, оның ішінен түркі халықтарының шежірелі мәңгілік белгісі мен көкпен ажыратылған қазақ жерін аңғара аласыз. Мұндағы барыстың бейнесі біздің батырларымыздың ержүректігінің, тәкаппарлығының, мықтылығының белгісі. Ал жоғарғы жағындағы «Өмір ағашына» қонған Самұрық құс – Мәңгілік қазақ елінің сан жылдар арман болған, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жеткен азаттығын, тәуелсіздігін, халқының бірлігі мен тірлігін сақтап, қауіп-қатерден қорғап тұратындай… 
Музейдің сыртқы бөлігі де өзіндік сыр сақтап тұратын тәрізді. Жоғарыда, кіреберістегі екі үлкен ескерткіш жайында айттық. Бұдан бөлек, ғимарат айналасында түрлі кезең тарихын өзіне тақырып еткен барельеф тақталар орналасқан. Қысқаша түсінік бере кетсек, ол – бедерлі мүсіннің бір түрі. Француз тілінен сөзбе-сөз аудармасы – аласа бедер. Барельеф ауқымды кескін әрі техникалық негіз әрі фон болып табылатын тегіс бетке салынады. Кескін композициясы негіздің тұтастығын сақтай отырып, оның жарты қалыңдығындай мөлшерде шығыңқы тұрады. Яғни, баспалдақтармен жылжи отырып, келушілер сақ дәуірінен кеңес кезеңіне дейінгі аралықтың тарихын осы керемет өнер туындылары арқылы көзбен шолып шыға алады. 
Музей қолданысқа берілгенде бірқатар жұмыс орындары да ашылған. Мұндағы барлық штат саны 12 болғанымен, негізгі төрт қызметкер, атап айтқанда, меңгерушісі – Жәмилә Елгандиева, ғылыми қызметкер – Әлім Орынбасар, экскурсовод – Айман Ердесбаева, қор сақтаушы – Аида Тұрлыбаева келушілермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.
Сонымен, сан ғасырлар халқымыз үшін арман болып, оның жолында қаншама қан төгіліп, қайғы-қасіретті бастан кешірткен, қастерлі азаттығымыз үшін айқасқан батырларымыз жайлы білуге құмартқан әр адамның енді осында келіп, мол мағлұматқа қанығуға мүмкіндігі бар.

Орынбасар Тәліпжанұлы,
«Батыр бабалар» мемориалды   музейі меңгерушісінің 
міндетін атқарушы.
Қарасай ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.