Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТҰРАН ЖОЛБАРЫСЫ ЖАЙЛЫ АЙТҚАНЫ

10.10.2021
ЕКІ ТІЗГІН
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТҰРАН ЖОЛБАРЫСЫ ЖАЙЛЫ АЙТҚАНЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумында ТҰРАН ЖОЛБАРЫСЫНА қатысты Мемлекет басшыларының арасында пікірталас болды. Әдеттегідей Қасым-Жомарт Кемел-ұлы өзінің кенен білімін көрсетіп, Экология министрінің жауабына қанағаттанбай, ДАЛАЛЫҚ ЖОЛБАРЫСТЫҢ біздің жерімізде өткен ғасырдың 30-жылдарына дейін өмір сүргенін айтты.

ТҰРАН ЖОЛБАРЫСЫНЫҢ біздің жерімізде өмір сүргені және оның ұлтымыздың әдебиеті мен фольклорына үлкен әсер еткені айдан анық. Балқаштың қалың қамысы мен Іленің төменгі алабында, Шудың бойында жолбарыстың көп болғаны қазақ әңгімелерінде жиі айтылады.
«Балқаштың барыс жортқан қамысындай» деген сөз халқымыздың арасында ну қамыстай кеңдіктің белгісі ретінде қанатты тіркеске айналып кеткен. Қазақ әдебиетінің классигі Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» дастанында Балқаштың барысы туралы керемет эпизод бар. 
Дастан қаһарманы Келденбай қалмақтың қолынан құтқарып алып шыққан жары Құралай сұлу қазақтың қалың ортасына кіргенде батырға өтініш қылып Балқаштың суына түседі. Батырдан қымсынып, шоқ қамыстың далдасына суға түсіп жатқан сұлуды жолбарыс жазым етеді. 
…Кейін өмірі баланы арман еткен атақты бай бала көре алмай айналасынан «Бұл жалғанда армансыз пенде бар ма екен?», – деп сұрағанда айналасы «Он тоғыз ұлын он тоғыз ауыл етіп шығарып отырған, дәулеті судай тасыған бір армансыз адам болса, Келденбай батыр армансыз шығар», – деп жауап береді. Келденбай батырды іздеп келген арманды бай:
Бақ мынау, байлық мынау, бала мынау,
Келдеке, сізде арман жоқ шығар-ау?
– деп сұрайды. Сонда Келденбай жаудан құтқарып, елдің ішіне жеткенде ЖОЛБАРЫСТАН жазым болған сұлу жары Құралай туралы айтады. Сонда бай «Бұл дүниеде армансыз пенде болмайды екен», – деп іштегі шерін шығарыпты дейді.
«Қамбар батыр» жырында: 
Сол уақытта жолбарыс
Түгінің бәрін жатқызып,
Құлағын жымып жапырды.
Көріктей ашып ауызын,
Ырылдап жаман ақырды, 
Даусы жерді көшіріп,
Нар маядай бақырды.
Бүркіттей жазып тырнағын,
Тұлпарға барып асылды,
– деп келетін тұстар бар. 
Біз бір жырды ғана мысалға келтіріп отырмыз. Әйтпесе, қазақ жырының кез келгенінен ЖОЛБАРЫС туралы эпизод табуға болады.
Ал атақты жазушы Мұхтар Мағауинның «Шақан шері» романын баршаңыз оқыдыңыз. Бұл шығарма ұлы далада жортып өткен жолбарыстың біздің руханиятымызға әсері қандай болғанын көрсетеді. Сол ТҰРАН ЖОЛБАРЫСЫ үшін кеше Президентіміздің шыр-пыр болып, баласын арашалағандай сөзге кіріскені көңілімді толқытты. 
…Сұс пен сұлулыққа сұқтанған жан аз болмаған секілді. Тұран жолбарысының терісіне Дала губернаторы Перовский қатты қызығып, оны аулауға арнайы пәрмен беріп, әр теріге 25 сомнан сыйақы тағайындаған екен. Ал ең соңғы ЖОЛБАРЫСТЫ 1936 жылы орыс аңшылары атып алған. Кеңес одағының 1947 жылы шығарған ТҰРАН ЖОЛБАРЫСЫН атуға тыйым салу туралы қаулысы тым кеш қолға алынған дүние еді. 
«Біз осы жолбарыстардың популяциясын қалпына келтіру бойынша халықаралық жобаны дамытып жатырмыз», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Балқаш пен Іленің, Талас пен Шудың ну қамысына ежелгі тұрғын ЖОЛБАРЫС келсе, бұл Ұлы Дала үшін «өшкені жанған» жаңалық болар еді. 
Шүкір, адамың тұрмақ, аңыңа ара түсетін Президентің бар, Алаш баласы!

Ербол Алшынбай

Қатысты жаңалықтар

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

29.01.2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

29.01.2026
Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

29.01.2026
Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.