Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Мерей

29.12.2017
ЕКІ ТІЗГІН
Мерей
WhatsAppTelegramFacebook

Ақша қарлы жыл сөресінде Алаш жұртына амандық тілейміз, ағайын! Өткен жылға өкпе жоқ. Көк Тәңірі тыныштығымызды сақтады. Жыл мәресі төгілген терді ақтады. Арғы да бергі әлем елдері берекелі ісімізге бәрекелді десті. Арды ойладық, адамзаттық бейбітшілік мұратымен арағайындыққа жүріп, аузын айға білеген алпауыттардың басын бір ноқтаға кіріктіріп бақтық. Хош-риза бағаларын өздері-ақ беріп жатыр. Бұл реттегі ертеңгі тарихтың айтары енді басқа әңгіме. 
Бар қазақ – бір қазақ қағидасын қаперімізден  шығармадық.  Айналайын, бір Димаш Құдайбергеннің өзі  жарым жаһанды қазақ  деген халыққа қызықтыра, еліктіре ұмсындырды. Димашты берген неткен жұрт деп тамсанған миллиондаған қытайлықтар «Абай жолы» эпопеясын қолдан-қолға жүгірте оқу үстінде. Ал енді елдігіміздің әр саласында туабітті қазақы қалыптағы Димаштай бір-бір оғланымыз шығып жатса, жасындай жарқылдап, көрер еді жаһаның кешегі күндей күркіреп, Аспан мен Жердің арасын кернеген көк түріктер ұрпағының қалайша жаңғырып, қалайша жасампаз күйге енгенін!
Жетісулықтардың да мерейі өсті. Дәл қазір шаруаның кең шапанының қай етегінен тартсаңыз да ақжолтай істің үстінен түсер едіңіз. Мұнымызды Елбасы да, айнала ел-жұрт та айтып жатыр. Халық айтса, мүлт кетсін бе, NUR.KZ. порталы ұйымдастырған «Халық дауысы» бірінші республикалық жобасында көпшіліктің ұйғарымымен облысымыздың әкімі Амандық Баталов ел көлемінде «Ең халықшыл әкім» атанды. Талдықорғанымыз арудай сыланған сәнді сарайлардың шаһарына айналды. Жүрек жылып сала береді, көз сүйсініп. Әлемді таңдай қақтыра тамсандырған ардақ бейне Астананың Жетісудағы жарқылындай сезілер. Ойымызға осы сәт Ұлы Дала төсінде ордалы орын тепкен Ақ Сарай, Көк Сарай, Сарайшықтар оралады. Сарайшықтың түбіндегі көлге аққулар үйір болсын деп үнемі секер төктіріп қоятын Жәнібек хан, үй құсындай үрікпес күйге жеткен аққуларды шелектерімен ығыстырып барып  ырғала көлден су алатын  мың бұралған бикештерге қатысты және бір жәдігер жүрек төрінде рух шақыра жаңғырып тұр. Тарих керуені осылайша қайталанып жатса, тәләйлі өткенімізбен жалғап келген кіндік-тамырымыздың суала қоймағаны-ау деп, шүкіршілік еткейсіз!
Табалдырық аттаған жылғы мерейлі тағы бір дүние – «Жетісу» газетінің 100 жылдығы дер едік! «Жүз жылдыққа – жүз шара» айдары аясында оның қамы басталып та кетті. «Жүрегімдегі «Жетісу», «Мың бір мезет», «Ғибратты Ғасыр», «Жадымда жаңғырған жазулар» секілді арнайы айдарлар бойынша  ғасырға созылған ғибрат, әсерлі естеліктер мен өшпес өрнекті сәттерге тән жазбаларымен барша оқырманның атсалысуына әбден болады. Іргелі аймағымыз бұрынғы екі облыстан құрылуы себепті бұл айтып отырғанымыз тарих еншісіндегі Талдықорған облыстық газетінің шежіресіне де қатысты екендігін естеріңізге саламыз. Құрылтайшы қамқорлығымен мерейтойдың дайындығы мен өткізілуінің жай-күйі арнайы қаралып, саралана хатталып, жауапты адамдардың санасында сайрап тұр. Ендігі жерде көне басылымның қуанышын елдік шаралармен негіздеп, рухани өрісіміздің шұрайын арттыруға ұластыра білсек, ұтқанымыз. Замана ызғарына қарай шекпенінің түр-түсі өзгеріп тұрғанымен халықтық асыл мұрат, ұлттық құндылықтар темірқазығынан бір мезет те көз жазып көрмеген бұқара газетінің барын бағамдап, асылын айшықтайтын шағы бұл.
Көзі қарақты оқырмандардың зердесінде сайрап тұр, газетіміздің аға басылым бейнесіндегі тәлімгерлік қыры да басым түсетін. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдары мен орталық билік органдарында қызмет еткен, болмаса бүгінгі таңда сол ортадағы тайқазанның отын маздатып жүрген жас та жасамыс әріптестерімізді санамаласақ ақ қағаздың бетінен асып түсері сөзсіз. Иә, несін айтасыз, ылдидан шауып өрге озған небір қабырғалы қазақ журналистерiнiң қаламын шыңдап, қанаттандырды. Қара шаңырақта қазақтың күйін күйттеген Алаш арыстары үнінің лебі әлі күнге сақталған, қалам қоламтасы өшпеген. Ұлттық баспасөздің абыройын асқақтатқан жарияланымдары  мен  ұстынды ұсыныстары  өміршеңдігін ешқашан жоғалтпақ емес. Күні кешегідей жігеріңді жанып, биіктерге бастайды. Рухтық, сапалық, мазмұндық  деңгейi әлі де тамсандырады. Осынау соны соқпақ, соқталы үрдіс ғасыр жүгін арқалаған аға басылымның  отандық журналистикадағы бүгінгі кескін-келбетінен де менмұндалайды. Ақпарат айдынындағы ақ кемеміз көз жетер кеңістікті ғана емес, көңіл қонақтар межені де шолып тұр шабыт шақыра. Мерейді өсіретіні де осы!

Әміре ӘРІН.

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.