Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Қоғамдық институттар құзыреті кеңейеді

29.05.2023
ЕКІ ТІЗГІН
Қоғамдық институттар құзыреті кеңейеді
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған сала жетекшілері екі күнге созылған «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері мен перспективалары» атты азаматтық форумда пікір алмасып, тәжірибелермен бөлісті.

Форумның шымылдығы Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында түрілді. Алғысөзді Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Башбаев алып, жеті өзеннен нәр алған киелі мекенге сапарлап келген меймандарға, мұндай ауқымды шараның Жетісу өңірінде алғаш өтуіне мұрындық болған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшылығына алғысын жеткізді.

 – Мұндай келелі жиынның Жетісу жерінде өтуінің өзіндік мәні бар. Бұл -талай өркениеттің дүбірі қалған киелі топырақ. Асанқайғы бұл мекенге келгенде «Мынау Жетісудың ағашының бұтағы сайын жеміс екен, шаруаға жайлы қоныс екен» депті. Бабамыз осы сөзімен ақ бұл өңірдің шынайы келбетін бедерлесе керек. Форумға қатысуға ниет білдіріп, шалғай облыстан келген меймандарымызға алғыс білдіреміз. Айтулы форумымыз тәжірибе мен біліктілік алмасатын алаңға айналады деген ойдамын, – деді Айдар Карбозұлы.

Келесі кезекте шараны ұйымдастырушылар еліміздің әр өңірінен сапарлай келген меймандарды таныстырды. Арғысы қарт Каспий жағалауынан, бергісі Алатау бөктерінен келген сала жетекшілері таныстырылымда шынайы ризашылықтарын білдіріп жатты. Солардың қатарында Алматы облысы, Іле аудандық мәслихатының төрағасы Роза Абилова да бар. Оның айтуынша, мұндай форумдар жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарын жетілдіруге нағыз қажетті шара екен.

 – Мемлекет басшысы бір сөзінде «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», — деген еді. Шыны керек, Азаматтық қоғамдық институттарды жетілдіруде осындай форумдардың маңызы зор, – деді Р. Абилова.

Шара барысында облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Е. Қошанбеков те сөз тізгінін алып, қатысушылардың белсенділігіне разылығын білдірді. Мұнан кейін айтулы тақырып бойынша тәжірибе алмасуға келген меймандар екі секцияға бөлініп, бір тарап Руслан Асаубаевтың «Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың сын-қатерлері мен перспективалары» тақырыбындағы баяндамасын тыңдаса, келесі тарап Абай Мырхинның «Ауылдық округтерді дамытудың инклюзивті жоспарлауы» тақырыбындағы дәрісін талқыға салды.

TEDх форматында басталған жиын түстен кейін Тіл сарайында Жетісу облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық кеңес отырысына ұласты. Күлтөбедегі жиынды облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли бастап, қос мәселенің тіні тарқатылды. Әуелі мінберге көтерілген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев құзыретіндегі құрылымның атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары жөнінде баяндады. Оның айтуынша, өңірде 22 мың мүгедек азамат болса, оның 2,5 мыңнан астамы балалар екен. Ал олардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыста 24 үкіметтік емес ұйыммен 8 бағытта өзара тиімді қарым-қатынас негізінде ауқымды шаруалар еңсерілуде.

 – Жалпы, аталған жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін облыстық бюджеттен 850 млн. теңге қаралды. Үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен Мемлекет басшысының тапсырмасына сай мүгедектігі бар тұлғаларға қолайлы орта түзуге жағдай жасап келеміз. Мәселен, «Асар» қоғамдық бірлестігі Талдықорған қаласы тұрғындарына тегін оңалту қызметін көрсетеді. Сонымен қатар, «TEN QOGAM» мүгедектігі бар азаматтарды қолдау орталығы мүгедектігі бар тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне заң, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру бойынша ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау көрсету, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу сынды ауқымды жұмыстарды атқарып отыр, – деді басқарма басшысы.

Мұнан кейін сөз тізгінін қолға алған Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сержан Құрманов та осы бағыттағы қарекеттің тінін тарқатты. Оның айтуынша, Холида Есболова жетекшілік ететін «Делай добро, Текели» бірлестігі сынды ҮЕҰ арқылы мүгедектердің қоғам өмірінен алшақтамауы үшін қарымды тірліктер жасалуда.

 – Бір ғана Х. Есболованың бірлестігі «Мейірім мекені» атты жәрмеңке өткізіп, көмекке мұқтаж 500-ден астам қала тұрғынына жәрдемдесті. Сондай-ақ, Б. Файзулланың бастамасымен «Шарапат-Сауап» бірлестігі ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, қазақы салт-дәстүрді насихаттауға аса мән беріп отыр. Текелі қаласында 21 ҮЕҰ болса, оның 17-і дерекқор базасына жыл сайынғы есептілікті тапсырды. Жалпы, қаламыздағы үкіметтік емес ұйымдар аса белсенді, –  деді қала әкімінің орынбасары.

Шара соңы сұрақ-жауапқа ұласып, өзекті мәселелердің шешімін табу жайы таразыланды. Осы кезде Салтанат сарайында форум тақырыбына сай Аяужан Ашимова «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту: Шығыс Қазақстан облысындағы тәжірибе» атты баяндамасында жаңашылдықтарымен бөліссе, Жібек Ахметбекова «Қазақстан өңірлеріндегі ҮЕҰ мен жергілікті қоғамдастықтардың бірлескен жұмыс тәжірибесі» тақырыбында сөз қозғады. Спикерлердің тұшымды жаңалықтарына қаныққан форумға қатысушылар Талдықорған қаласының көрікті жерлерін аралап, «Oshaq» орталығының жұмысымен танысты.

Форумның екінші күніндегі кезекті жиын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жетісу облыстық филиалының ғимаратында жалғасты. Алғысөзді қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Башбаев алып, халықтың азаматтық қоғамдық институттарына сенімі күн санап артып отырғанын жеткізді. Бұл өз кезегінде Әділетті Қазақстан құруға септігін тигізуде. Өйткені бұл институттар халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған.

 – Жетісу облысы аумағында 30 этномәдени орталық, 377 үкіметтік емес ұйым, 12 салалық кәсіподақ бірлестік, 42 бұқаралық ақпарат құралы мен 7 саяси партияның облыстық филиалы жұмыс атқарады. Бүгінгі таңда еліміздегі азаматтық қоғам институттары мемлекеттің стратегиялық серіктесі және тірегі болып отыр. Оның айқын мысалы «Жігер» тігін цехы әлеуметтік осал топтағы әйелдерді жұмыспен қамтып отырса, «TEN QOGAM» мүгедектігі бар азаматтарды қолдау орталығы да ауқымды жұмыс атқарып келеді, – деді басқарма басшысы.

Кезекті отырыстың негізгі өзегі жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері болды. Мінбеге көтерілген Қазақстанның Азаматтық альянсының Президенті Б. Нұрғазиева, «Oshaq» тұрақты даму орталығының басшысы С. Молдабаев, Панфилов ауданындағы Жаркент қаласының әкімі А. Исабаев жергілікті өзін-өзі басқару бағытындағы жаңашылдықтармен, тәжірибелерімен, жоспарларымен бөлісті.

Шарада тыңнан түрен салған жобаларымен дараланған ҮЕҰ арнаулы сертификаттармен, қаржылай жүлделермен марапатталды.

Дастанбек Садық

Қатысты жаңалықтар

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

29.01.2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

29.01.2026
Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

29.01.2026
Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.