Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

ПАНДЕМИЯҒА ҚАРАМАСТАН ТОҚТАУСЫЗ ЖҰМЫС ЖҮРІП ЖАТЫР: ЖОЛ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

27.07.2020
ЕКІ ТІЗГІН
ПАНДЕМИЯҒА ҚАРАМАСТАН ТОҚТАУСЫЗ ЖҰМЫС ЖҮРІП ЖАТЫР: ЖОЛ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Индустрия және инновациялық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Жол активтері ұлттық сапа орталығы еліміздегі жол құрылысы, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарын сараптауды жалғастырып келеді.  

Биылғы жарты жылда орталық мамандары  іс-сапарға шығып, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 3732 инспекциялық тексеру, ал жергілікті жолдардың желісіне 1915 тексеру жасап үлгерген. Нәтижесінде Жол активтері ұлттық сапа орталығының қызметкерлері жол салуда 3,9 мың олқылықты анықтады, жол-құрылыс материалдарының 9 мың сынамасын алып, сынақтан өткізді.

Бұдан бөлек, осы жылдың алғашқы жартыжылдығында жолдардың 2442 шақырымы құралдық диагностикадан, 1457 шақырымы жол учаскелерінің кепілді мониторингінен өткізілді. Еліміздегі пандемияға қарамастан ел игілігі үшін тоқтаусыз жұмыс жүргізіп жатқан жол саласы мамандарының ісін ерлікке баласақ артық болмас.

Биылғы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасының 2020-2025- жылдарға арналған жаңа кезеңі қолға алынды. Жоспар бойынша елімізде 9,8 мың шақырымға жететін автокөлік жолына жөндеу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін 2,6 мың шақырым жолды халық игілігіне тапсыру міндеті тұр.  Айтып отырған «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыға Алматы облысынан 18 жоба енгізілді. Қазірдің өзінде 5 бағыттағы жол құрылысының қарқыны айтарлықтай. Бұлар: «Талдықорған – Өскемен», «Күрті – Бурылбайтал», «Ұзынағаш – Отар», «Қапшағай – Күрті», «Үшарал – Достық» автожолдары.

Әрине, жол салу үлкен әңгіме. Ал оның сапалы болуы ең маңызды мәселе. Жолдың сапасы өз-өзінен келмейді. Ол үшін табанды да қажырлы, әрі адал және талапқа сай қызмет істеу керектігін әрбір қызметкерден жұмысшыға дейін жапкершілікпен сезініп атқаруы басты қағида.  Осы орайда жолдың сапалы салынуына ықпал етіп, бақылауда ұстайтын мекеме — «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Аталмыш мекеменің Алматы облыстық филиалындағы мамандар еліміздегі карантинге, тіпті демалыс күндеріне қарамастан жұмыс жүргізуде. Олар жол құрылысы қызу жүріп жатқан аймақтарға барып, Жылжымалы жол зертханасында орнатылған диагностика жасайтын бағдарлама арқылы және заманауи құралдармен арнайы тексеру жүргізіп отыр. Соның нәтижесінде біраз олқылықтар мен кемшіліктер дер кезінде анықталып, тапсырыс берушілер мен мердігерлерге хат жолданып,  қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының мамандары күрделі жөндеу жүріп жатқан «Көкпек – Кеген – Түп – Жалаңаш —  Саты – Құрметті – Көлсай» маңындағы 43-78 шақырым аралығындағы жолдың сапасын бақылау үшін арнайы сапарға шығып, жол-құрылыс материалдарынан 10 сынама үлгісін алып, зертханалық тексеру жұмыстарын жүргізді.

Сол сияқты «Көкпек – Кеген» автожолының 41-53 және 88-99 шақырымында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында 6 сынама алынып, мұқият тексеріліп, кемшіліктер анықталды. Сондай-ақ,  «Алматы – Бішкек» автожылының 16 – 19 шақырымындағы жол құрылысы жұмысынан алынған 6 сынама үлгісі талапқа сай болып шықты. Мекеме мамандары «Алматы – Өскемен» автожолының Талдықорған қаласы сыртындағы айналма жолын да бақылап қайтты. Әрбір іс-сапар кезіндегі көзге ілінген олқылықтар мен сынамадан анықталған кемшіліктер дер кезінде тапсырыс берушілер мен мердігерлерге хатпен жолданып отырады.  Осындай қатал талаптан болар, соңғы уақытта жол құрылысына жауапты кәсіпорындар  өз жұмыстарына ширақ қарап, үлкен жауапкершілікпен атқара бастағаны анық байқалады.  Оның үстіне аймақтағы автомобиль жолдарының сапасы мен күтімі мәселесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарында. Олар «Сапалы жол — Адалдық алаңы» жобасы аясында «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының мамандарымен бірлесіп,   облыстық  Полиция департаменті Жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері,  БАҚ өкілдері мен блогерлердің қатысуымен аймақтағы жолдарды күту бойынша мониторинг жүргізіп отыр. Бұл шараны алдағы уақытта да жалғастырмақ. 

Ақбөпе ЖИЕНҚҰЛОВА, 
 «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК
Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.