Күншығыс елі күні бүгінге дейін суға тәуелділікті зерттеп әлек. Мұнысымен қоймай, меңіреу тамшының тілін табуға бар күш-жігерін сарқуда. Онысы орынды да. Дегенмен, мұхит жағасында орналасқан елдің айтқандары қоспасыз шындық екеніне шек келтіре алмайсыз. Себебі, тасты тесіп, дүлей екпінімен небір жарды, бөгесінді орып түсетін осынау стихия бойында қандай да бір құпияның бүгіп жатқандығы айдан анық.
Ғаламат күшке ие
Жапон технологиясының тезінен өткен жұмбақ құбылыстардың қасиеті лезде әшкереленіп қалады. Әу баста адамзаттың санасына қонбаған дүниелер оларға келгенде дәрменсіздік танытатыны қызық. Осыдан ғасыр бұрын әлгі әккі халық бір тылсымның шетін шығарды. Әлемдік ақпарат кеңістігін дүр сілкінтті десек те артық етпес. Жалпы дүниеде судан жұмсақ әрі оп-оңай майда түйіршікке айналып, шашылып кететін зат жоқ. Оны олар ертеден білсе керек. Өз ісіне сонша берілген ғұлама ғалымдар ақыл-есі түзу адамдарды биологиялық дене ретінде сынақтан өткізеді. Қалай дейсіз ғой, кәдімгі оң мен солын ажырата алатын саналы жанды өздері ойлап тапқан құлтемірше қинау арқылы. Иә, үлкен мақсатқа жету үшін құрбандыққа баруына тура келетіні аян. Әйтсе де бұлардың бұл қылығы Азияға ауыр соққы болды. Онысы былай. Салмағы 1 центнер тартатын болмыс иесін ыстық моншаға қамап әбден терлетеді. Ағза құрамындағы сұйықтықтардан толықтай босағанша күйдіріп бағады. Әрине, оған адам баласының әл-дәрмені жетпесі белгілі. Ұзаққа бармай, көздері шарасынан шығып, ес-түсінен айырылады. Қимылдауға қауқары келмей, әлсіздіктен қураған жапырақша жерге құлай бастайды. Сынақ соңында тек жұнттай қатып құрғақ сүйекке жабысқан тері ғана қалады. Содан соң жансыз денені таразыға салып өлшейді. Бағанағы алып адам бар-жоғы 28 килограмм тартады. Нәтижесінде жапон ғалымдары адам денесінің 72 пайызы судан тұратынын дәлелдеп шықты. Жанкештілік деп осыны айтыңыз. Кез келген тіршілік иесі сусыз өмір сүре алмайтыны заңдылық. Қытай философтары қайран қалғаны соншалық: «Әлсіз мықтыны жеңеді, жұмсақ қаттыны илейді, мұны бәрі біледі. Бірақ дәл солай әрекет етуге дәттері жетпейді», – деп мәлімдеме жасап, тәжірибенің сәтті шыққанын жарыса жазды. Осы орайда Австрияның зерттеушісі Аллоис Грубер температураның минус кезінде су тығыздығының көлемі ұлғайып, плюс кезінде кішірейетініне қайран қалған болатын. Яғни, аптапта сұйықтық адам денесінен ыдырайды.
Бертінде ғалымдар зерттей келе, судың кішкентай түтікшелерге түскеннен кейін жасушалар арқылы жылжып, ғаламат қысым тудыра алатынына көздерін жеткізді. Соңыра, ылғал тиіп ұрықтанған дәннің жер астында 400 есеге дейін атмосфералық күшке ие екені дәлелденген. Қылдай нәзік бәйшешектің асфальт жолдың тас қорғанын қақ жарып өсіп шығатыны осындай әлеуеттің құдіретінен.
Жер шарының солтүстігін мекен еткен халықтар аяз болар алдында қабақтағы тастың жарығына су құйып, мұз құрсауынан ажыратқан. Сосын оны баспана салуға материал ретінде пайдаланған көрінеді. Ал оңтүстікте тастың жарығына сына қағып, одан кейін су құйып ісіндіріп, миллион жылдық тұтасқан шеңгелді сөгіп жіберген екен. Мұның бәрі судың сыртқы көрінісі ғана.
Енді өзімізге оралсақ. «Судың да сұрауы бар», – деп тәпсірлеген дала халқымыздың әдет-ғұрпында суға деген ерекше ілтипат бар. Оны мақалынан да, мәнді мәдениетінен де аңғарамыз. Алдымен шошынған баланың төбесіне ыдыстағы суды ұстап, оған қорғасынды ерітіп құятын ырымға көз жүгіртсек, онысы бала неден шошынса, соның бейнесі көрінеді деген ұғымды алға тартқаны. Бұл да бір мистикалық құбылысқа саяды. Сонымен қатар, «Түнде әйел баласы суға бармайды, барса да жалғыз бармауы тиіс», «Суға дәретке отыруға болмайды», «Ағын суда арамдық жоқ», «Су ішкен құдығыңа түкірме» деген ұлағатты сөздер тегіннен-тегін айтылмағаны ақиқат. Осындайда бір оқиға еріксіз еске түседі. Үлкендер: «Кірдің суын баспаңдар, жын қонады», – деп айтады. Десе де оны құлаққа ілген жан бар ма? Ойын баласы болған соң жүрмейтін жеріміз жоқ. Мектеп оқып жүрген кезімде ауылда бір сұмдық жайт болды. Сабақтан ерте қайтқан Айдос шелектегі анасы киім жуған лас суды есік алдына шаша салады. Сөйтіп, өзі доп тебуге аттанады. Сол күні әке-шешесі қонаққа кетіп қалса керек. Ойыннан әдетінше түн батқанда келген оған ешкім есік аша қоймайды. Қараңғыда кілтті ары іздеп, бері іздеп таппаған ол үйдің бұрышына қалжырап құлай кетеді. Түнгі екілер шамасында қонақтан қайтқан ата-анасы ұлын оятып, үйге жатқызады. Ертеңінде Айдостың сабаққа баруға шамасы келмейді. Сол ұйықтағаннан кешкі ақшам әлетіне дейін оянбайды. Дел-сал күй кешкен ол әлсіреп, сандырақтай беріпті. Ауруханаға жеткізілгенімен ешқандай дәрігер нақты диагноз қоя алмады. Амалдары қалмаған ата-анасы қазақы емге жүгінген. Ал емшінің айтуына қарағанда балаға көз де тимеген, сөз де өтпеген, кәдімгі жындар соққан. Қанша уақыт өтсе де баласын емдете алмаған ата-ана үміттерін біржола үзіп, мектептен шығарып алды. Осыдан кейін оның ақыл-есі де, дене бітімі де сол қалпында жетілмей қалып қойды.
Бір қызығы, Айдос содан бастап, біртүрлі күйге енді. Қанша жерден жынды десек те, көріпкелдік қасиетке ие болған. Ауылда орын алатын оқиғаны алдын ала сезіп қоятынды шығарды. Әуелде оған ешкім мән бермейтін. Кейіннен келе көздері жете бастады. Бала күнімізде ата-әжеміз кірдің суын адам аяғы баспайтын жерге төгуімізді ескертіп отыратын. Тазалық болмағандықтан ол жерді жын-шайтандар мекен ететін көрінеді. Ал көріпкелдер жындармен сөйлесіп, болашақты біліп отырады деседі.
Тамшыда түйсік бар
Естір құлаққа ерсі көрінсе де айтайын, судың да ес-жады бар. Әрине, бұл таңғажайып құбылысқа таңырқап қарауыңыз мүмкін. Басында біз де сондай жағдайда қалғанбыз. Бірақ ізденіс барысында көзіміз анық жетті. Ғылымға сенсек, адамнан асқан саналы тіршілік иесі жоқтай. Ол тіпті дәлел қажет етпейді. Әйтсе де мұнымыз қате болып шықты. Мөлдір сұйықтық саналы түрде мейірімге зәру келеді екен. Әрі бізге қарағанда анағұрлым сезгіш қасиетке ие.
Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында бір кісі әлдебір нәрседен уланып, жедел түрде ауруханаға жөнелтіледі. Ізінше тергеу жүргізгенімен, салдарын таба алмайды. Мәжіліс кезінде үстелде графиндегі кәдімгі судан басқа бөгде зат болмаған. Суды тексергенде құрамында жат дәнеңе ұшыраспайды. Химиялық құрамы – Н2О. Нәтижесінде сараптамашылар: «Уланудың себебі – кәдімгі су», – деген қорытындыға келеді. 20 жылдан кейін ғаламат болжам шындыққа ұласады. Ол – адам айтса нанғысыз жайтты көлденең алға тартады: судың миы бар екен. Әлемнің көптеген елінде жүргізілген тәжірибе негізінде су кез келген әрекетті қабылдап, есінде ұстап қалатыны дәлелденген. Өзін қоршаған кеңістікте болып жатқан құбылыстардың барлығын жадында тоқиды. Суға бар болғаны дүниенің не екенін білу үшін тисе болды, қасиетін әп-сәтте пайымдайды. Және осы ақпаратты мүлтіксіз сақтайды. Бұл қасиетін ата-бабаларымыз ежелден аңғарса керек. Қарапайым суды күміс құтыға құйып дем салып, емдік сусынға айналдырған.
Ақпаратты бойына сақтай отырып, су жаңа бір қасиетке ие болады. Бірақ соған қарамастан оның химиялық құрамы бастапқы қалпында қала береді. Осы уақытқа дейін ғылымда судың химиялық құрамы маңызды деген ұғым қалыптасқан. Ендігі сенсациялық жаңалық – судың химиялық құрамы түкке тұрғысыз екен. Бар құпия құрылымында болып шықты. Судың құрылымы тек қана молекулалар жиынтығынан тұрады. Молекулалар жиынтығы өзара бірігіп топ құрады. Бұл топты «кластерлер» деп атайды. Ғалымдардың пайымдауынша дәл осы кластерлер ес-жады ұяшығы болып табылады. Осылардың өзіндік ерекше қасиеті арқылы су магнитафонның таспасындай көргенін, естігенін, сезінгенін қалтқысыз жазып отырады.
Су құрылымы жан-жағында болып жатқан нәрсенің бәрін жадында тұтып қалуға, тірі жүйенің бәрін бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Біздің әрқайсымыз үздіксіз ақпарат беретін ұласпалы тізбек жүлгесіндейміз. Бұдан бөлек, жеке-жеке ақпарат көзі болып табыламыз. Әрбір әрекетіміз, ойымыз, эмоциямыз, іштей айтылған сөз бізден бөлініп шығып, судың жадына барып тоқылады. Үздіксіз ізденіс нәтижесінде Австрияның зерттеушісі Аллоис Грубер:
– Адам сумен қандай қатынас жасайды, сондай нәтижеге қол жеткізеді. Егер ол суға жақсы оймен қараса, ризашылығын білдірсе, алғысын жаудырса, судың сапасы артады. Су адамға жағымды әсер етіп, оның ағзасына жұғымды болады, – деген тұжырымға келеді. Рухани тұрғыда ой деңгейінде кімде-кім жағымсыз ниетін біреуге жолдаса, ағзаның 75-90 пайызын құрайтын өзінің бойындағы суын ластайды.
Ғалымдар су құйылған табақшаларға атақты адамдардың ныспысын жазып, кристалын байқаған. Қызығы сол, әлгі мөлдір молекулалар Гитлердің есімі аталғанда ешқандай формаға келмейтін құбыжық кейпінде бедерленген. Осыдан-ақ байқауға болады. Сөз – суды неғұрлым тазартатын, оған энергия беретін дыбыс. Сөз дегеннен шығады, 1881 жылы қыста «Лара» кемесі Ливерпульдан Сан-Францискоға аттанады. Сапардың 3-ші тәулігінде кемеде өрт шығып, аз ғана адам аман құтылады. Араларында капитан Нэль Керри де бар еді. Апатты бастан кешкен бейшаралар уақыт озған сайын шөлден қаталайды. Үш апта бойы теңізде бағыт-бағдарсыз сандалған олар ақырында Алланың жәрдемімен жағалауға ілігеді. Шындыққа тура қарап үйренген капитан оларды не құтқарғанын кейіннен былай суреттейді: «Біз тұщы суды армандадық. Көкжиекпен ұштаса жалғасқан ұшы-қиырсыз көк теңізді ауызсуға айналғандай елестеттік. Мен бар күшімді жинап, қайықтың ернеуінен еңкейіп барып суды қолыммен іліп ап ұрттағанымда, ол шындығында да тұщы су болды», – дейді. Құдды кинодағыдай.
Орыс химигі Николай Коротковтың зертханасында адамның суға қаншалықты эмоциялық ықпалдылығы бары жөнінде көптеген тәжірибе жүргізілді. Бір топ адамды жинап, алдарында тұрған банкідегі суға ең жағымды сөздерді айтқызады. Содан кейін шыны құтыны айырбастап, бұған керісінше тасжүректік пен қатыгездік, жеккөрушілік сияқты жағымсыз жайттарды баяндайды. Бұдан соң ізінше тексергенде, мейірім шуағы төгілген судың энергиясы артып тұрақтанған да, лағнет айтылған құтыдағы судың энергиясы төмендеп кеткен. «Жақсы сөз – жарым ырыс» екені осыдан-ақ көрінеді. Шынында біз суды рух тұрғысынан ластаймыз. Барлық қызғаншақтық пен күллі ашу-ыза, шытынаған шамқорлықты су өзіне оп-оңай сіңіріп алады. Сосын ағзамызға өлі күйінде барады.
Ертеде тұлдыр жетім, өзінің туған жерін білмейтін міскін халдегі бақташы несібесін іздеп, қиырға бет алады. Биік-биік таулардан асып, өзендерді жалғыз кешіп өтеді. Кенет оның өне бойын тылсым дүние билеп, көкірегіне жарық сәуле енгендей болады. Әлде бір әлеуетті күш оны қажетті бағытқа қарай дедектете жөнеледі. Ну тоғайдың ішінде сылдырап бұлақ ағып жатыр екен. Қаталаған бейшара таяп барып, жүрелеп отыра қап қолымен көсіп су ішеді. Шөлі қанғанда барып бейшараның бірден бұл жер есіне түседі. Әке-шешесі ойына оралып, туған үйі мен өлкесін тани кетеді.
Қорыта келгенде, бүгінгі ғылым дәлелдегендей, адамның ағзасындағы су құрылымы оның туған жерінің өзен-көлімен айна-қатесіз бірдей. Тіпті, ешқашан өзгермейді де. Сондықтан біздің кіндік кескен топырағымыз бен ішкі байланысымыз ең соңғы деміміз біткенше сақталады. Әрі Отан ұғымы тек қана асқақтаған поэтикалық мәнге ие емес, нақты физикалық мазмұнға толы. Әлемде бірдей тұрғыдағы су жоқ. Осыны екшегенде, қасиетті ұлттық құндылықтарды елемейтін мәңгүрттерге туған жердің суын ара-тұра ішкізіп тұру керек пе деп ойлайсың.
Міне, қызық
Өртенеді
Мінер көлігімізді қуаттап жүрген жағар-жанармайдың құрамында белгілі бір мөлшерде су болатынынан хабардар шығарсыздар? Егер жанармай құрамындағы судың бір тамшысын қалдырмай айырып тастаса, ол жанбайды. Бұл ғылымда XIX ғасырда белгілі болған жайт. Кез келген нәрсенің жануы үшін әрқашанда мардымсыз түрде болсын судың қатысуы қажет.
Ән тыңдайды
1995 жылы доктор Эмото Масарудың зертханасында тұңғыш рет судың музыкаға әсерін анықтады. Бірінші суға музыка тыңдатып, оны шұғыл түрде қатырған. Содан кейін микроскоппен қарағанда су бойындағы әртүрлі кристалдарды көрген. Бахтың шығармасының образы алмас алқа сияқты, Моцарттікі алты тармақты керемет әшекей, Бетховеннің әуені сәл симметриясын сақтамағанымен күміс шыныдай көз тартады. Ал ауыр рокқа келгенде молекула кластері шашырап кеткен.
Мұхтар КҮМІСБЕК





