Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

ТАҢБАЛЫДАҒЫ ТОЛЫМДЫ ІС

19.04.2021
ЕКІ ТІЗГІН
ТАҢБАЛЫДАҒЫ ТОЛЫМДЫ ІС
WhatsAppTelegramFacebook

«Таңбалы» қорық-музейі тарихи музейлер топтамасына жатады. Көне дәуір шежіресі болып табылатын «Таңбалы» қорығы Жетісу өңіріндегі ашық аспан астында орналасқан табиғи ландшафт. Жартас өнерінің ерекшелігі бойынша Орталық Азиядағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне алғаш енген музей. Ол қола дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі аралықты қамтитын, жалпы саны 5 мыңға жуық жартас суреті, жерлеу орны, қола дәуіріне тиесілі тұрақтар мен құрбан шалу орындары және басқа да тарихи ескерткіштерден құралған кешен.

Кез келген тарихи-мәдени құндылық зерттелуі мен насихатталуы арқылы тарих сахнасына енеді. Ғылыми-зерттеу саласында музейлердің өзіндік орны бар. Бұл барлық саладағы орталық музейлермен қатар аймақтық музейлерге де тиесілі. Зерттеулер музейдің ғылыми жұмыстарының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның нәтижесі ғылыми жаңалықтардың қазынасын толтырып, ғалымдардың зерттеу жұмысына септігі тиеді. «Таңбалының» жартас өнері осыған дейін де отандық және шетелдік ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапқаны анық. 
Бүгінде музей ұжымының алдында ғылыми зерттеудің сапасын қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл бағытта өткен жылы музей жанынан ғылыми кеңес құрылды. Кеңес музейдің ғылыми-зерттеу бағытында атқаратын жұмысын жоспарлап, археологиялық зерттеулерге негізделген ғылыми жобалар әзірлеуді мақсат етеді. Осы арқылы Жетісу өңірінің тарихи-мәдени құндылықтары насихатталады. Кеңес жоспарына сәйкес музейдің ғылыми қызметкерлерінен құралған топ «Жетісу петроглифтері» атты танымдық-экспедиция бойынша ғылыми барлау жұмыстарын жүргізді. Экспедиция аясында облыстың бірқатар ауданын аралап, Баянжүрек, Малайсары, Ешкіөлмес, Арқарлы және өзге де толық зерттелмеген петроглифтерді жинақтады. Нәтижесінде «Жетісудың жартас өнері» атты үш тілдегі монографиялық жинақ жарыққа шықты. Бұған дейін де музейдің ғылыми қызметкерлері бельгиялық ғалым Люк Херманның қатысуымен Ақтерек, Құлжабасы, Басбатыр шатқалдарындағы тарихи ескерткіштерге жүргізген археологиялық зерттеу жұмыстары бойынша «Құлжабасы сілемінің жартас өнері» атты үш тілдегі фотоальбомды көпшілікке ұсынған еді.     
Музей қызметі үздіксіз ізденісті, ғылыми жаңалықты талап етеді. Осыған орай былтыр Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың геоархеология зертханасының мамандарымен бірлесіп, Жамбыл ауданының Кеңсай елді мекенінде археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Қазба барысында қола дәуіріне тиісті 8 қабір, орта ғасырға тән 2 қабір және ерте темір дәуіріне жататын 2 қорған ашылды. Табылған тарихи жәдігерлерге зерттеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, музей қорына алынды. Осы тұста музейдің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетімен тығыз байланыс орнатқанын айта кеткен жөн. Жыл сайын «Таңбалы» қорық музейі мен университеті бірлесіп дәстүрлі түрде республикалық «Оразбаев оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізіп келеді. 2019 жылы аталмыш факультеттің археология, этнология және музейтану кафедрасының ұсынысымен музейдің ғылыми қызметкерлері Ресей Федерациясының Санкт-Петербург, Түркияның Анкара, Әзербайжанның Баку қалалары мен Қырғызстанның Ыстықкөл аймағындағы ғылыми-танымдық конференцияға қатысып, баяндама жасап, тәжірибе алмасты. Бұл «Таңбалы» қорық-музейі тарихындағы үлкен жетістік және қызметкерлер үшін де тәжірибелік мәні зор іссапар болды. 
Ағымдағы жылды музейдің ғылыми-зерттеу саласы тың жаңалықтармен бастады. Атап айтсақ, «Жетіжол жотасы мен Шу-Іле тауларының оңтүстік-батысының ежелгі бақташылары: археологиялық кешендері және мәдени ландшафт», «Ұлы Даланың мәдени мұрасы және қазақтардың мәдени коды: мәдениеттанудың мән-мәтіні» тақырыптарында екі ғылыми жоба әзірлеп, министрліктің қарауына енгізді. Аталған жобалар қолдау тапқан жағдайда Жетісудың археологиялық зерттеу жұмысының деңгейін жоғарылатары анық.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Таңбалы» қорық-музейінің сапар орталығынан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің археология, этнология және музейтану кафедрасы филиалы ашылды. Бұл бастама болашақ ғалымдар мен зерттеушілерді төл тарихымызды терең тануға, рухани құндылықтарды қорғау мен сақтауға негіз болмақ. Яғни, болашақ тарихшыларды музей саласына тартудың бір жолы деп білеміз. Ендігі жерде ғылыми-зерттеу саласына маманданған студенттердің Таңбалыда тәжірибелік зерттеу жұмысын жалғастыруға мүмкіндік мол. Оның қыры мен сыры, қосар үлесін аталмыш оқу орны мен «Таңбалы» қорық музейінің бірлесіп өткізген «Тәуелсіз елдің тарихы» атты «дөңгелек үстелде» университеттің тарих, археология және этнология факультетінің деканы М. Ноғайбаева, кафедра меңгерушісі Р. Жұматаев, профессор А. Қалыш, доцент Е. Тұрғынбаев және профессор Т. Қартаевалар анықтап, атқарылатын жобалардың реті нақтыланды.
Сан ғасырдан бергі тағылымды істерден сыр шертетін «Таңбалы» музейі әлі талай ұрпақтың өткен тарихты тануына жол нұсқайтыны анық. Сондықтан бүгінгі күні келешектің тағаны ретінде табандылықпен жұмыс істеу музей қызметкерлерінің басты ұстанымы. Осы ұстаным болашақта «Таңбалы» сапар орталығын тарихи зерттеулерге негіз болатын ғылыми ортаға айналдырады деп сенеміз.

Гүлзат Асқарова,
«Таңбалы» қорық-музейінің
жетекші ғылыми қызметкері

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.