Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Табиғат ғажайыбы – Бұрқанбұлақ

07.09.2023
ЕКІ ТІЗГІН
Табиғат ғажайыбы – Бұрқанбұлақ
WhatsAppTelegramFacebook

Сапарға шыққан жақсы. Әсіресе  адам аяғы баспаған тұмса табиғат, сұлу көрініс тынымсыз тіршіліктен талған жүйкені бірден қалпына келтіреді. Осыны ескерген «Respublica» партиясының Жетісу облыстық филиалы мен «Visit Zhetysu» туристік орталығы журналистерге арнайы пресс-тур ұйымдастырып, Жетісу Алатауының қойнауында жатқан Бұрқанбұлақ сарқырамасын таныстырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорғанға жасаған сапары кезінде Қаратал өзенінің бастауы саналатын Қора шатқалының бір мүйісін алып жатқан сарқыраманы туризмнің ошағына айналдыру керектігін ескерткен болатын. Соған орай сарқырамаға апаратын жолдың жобасы жасалып, қажетті қаржы бөлініп отыр. Биылғы ақпан айының 1 күні облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Бұрқанбұлақ» сарқырамасына дейінгі автомобиль жолын қайта жаңарту жөніндегі Жол картасын бекіткен болатын. Қазір ұзындығы 52 километрге тең жолдың техникалық паспорты әзірленіп, жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Оған облыстық бюджеттен 94,8 миллион теңге бөлу үшін облыстық мәслихат шешім шығарған. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 85 298,4 мың теңгенің шарты жасалған «Бұрқан-Бұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысты биыл қарашаның 30-да бітіруі тиіс. Қазір Қора өзенін бойлай жатқан жолдың топографиялық түсірілімі жасалып, инженерлік-геодезиялық есебі дайындалып жатыр. Өзен суының шығынын анықтау үшін инженерлік-гидрологиялық есептеу жүргізілуде. Өйткені, арқыраған тау өзені анау-мынау көлікке өткел бермейді.

Журналистерді тиеген «ГАЗ-66» көлігін судың күші қалай теңселткенін өз көзімізбен көрдік. Жар жағалай жүрген жол талғамайтын көлік кенеттен аунап кететіндей әсер қалдырғанын қалай жасырайық?! Экстремальды сапарға құмар жандарға таптырмас сапардың қаупі басым. Соған қарамастан сарқыраманың жанындағы демалыс орнына келушілер қатары толастамайтын көрінеді. Ол жайында бізге сұхбат берген қонақүйлердің менеджері Екатерина Николаева әңгімелеп, соңғы кездері шетелдіктердің көптеп келе бастағанын жеткізді. Оның айтуынша, қия құзды, жақпар тасты, қалың қарағайлы тұмса табиғат шетелдіктердің қызығушылығын тудырып отыр.

– Жолдың ауыр әрі күрделі екендігіне қарамастан айына 300-500-ден астам саяхатшы келеді. Туристердің басым бөлігі Германия, Ұлыбритания, Ресей және ТМД елдерінен. Биыл Үндістаннан алғаш рет қонақ келді. Біздің «Бұрқан-бұлақ» демалыс орны 50 адамға арналған, – деген қонақүйдің менеджері ұсынылатын қызмет түрлері мен бағасын таныстырып өтті. – Төрт үй 8 орынды және 12 адамға арналған үлкен үйіміз бар. Бағасына келсек, бір адамға эконом нөмірлер 17 мыңнан, VIP орындар 22 мың теңгеден. Оған жатар орны мен 3 уақыт тамақ кіреді. Мамыр айынан қыркүйек айына дейін күн суытқанша жұмыс істейміз. Саяхатшыларды Талдықорғаннан жол талғамайтын арнайы көлікпен әкетеміз және апарып тастаймыз. Трансфер құны бір адамға 12 мың теңгеден. Көлікке 15 адам сыяды. Бұл жердің таңғажайып сұлу да әсем табиғатына сүйсінбеген жан жоқ. Барлығы риза боп, қайта келуге уәде беріп кетеді. Жол салынса, саяхатшылар үшін жағдайлар жасалса, Жетісудың көркем табиғатына келушілердің қатары молаяр еді.

Иә, жол болса, электр жарығы, интернет байланысы және басқа да өркениеттің белгілері келсе, таудың қуысында, Жаратқан Алланың уысында жатқан сарқырама көпшіліктің сүйікті мекеніне айналары анық. Алайда адамға тән бейқамдығымыз бен салақтығымыз сұлу көріністі тұрмыстық қалдықпен, қараусыз қоқыспен ластамасына кім кепіл?! «Табиғатты қорғаймыз!» деп қанша күпінсек те пластик шөлмек пен жұқа пакетті жинамай кететін жаман әдетіміз бар екені жасырын емес. Сондықтан тазалық жағын мықтап қолға алуымыз керек. Әйтпесе, әлем елдері қызығар тамаша табиғатымызды аяқ алып жүргісіз хәлге түсіреріміз анық.

Бұл – бір. Екіншіден, Жаратқан Алла Тағала мекен етіп берген жеріміздің өзіне тән тарихы, шежіресі, баяны бар. Алайда соңғы жылдары халқымыздың ұлттық болмысына қайшы келетін ұғымдар мен теріс түсініктер түрлі аңыздардың әсерінен туындап жатыр. Мысалы, биік құздан арна жасап аққан сарқырамаға қойылған «Бұрқанбұлақ» атауына орай облыстық туризм басқармасының мамандары ақылға сыймайтын, қазақы танымға жат аңыз-ертегі шығарып, келушілердің санасына құюда. Расында «мал құлағы саңырау, қазан аузы жоғары» деген ұғыммен өмір сүрген қазақ жаман әдет атаулыны аузына алмаған. Әлгі аңыз-ертегіде Бұрқан деген жігіт Хора есімді байдың қызына ғашық болып, қолы жетпеген соң құздан құлап өліпті. Соған күйінген анасының көз жасы сарқырамаға айналыпты-мыс. Ғашықтық дертіне күйінген қазақтың ондай ақымақтыққа бармайтынын ескерсек, бұл Кеңес одағынан қалған халықтық сананы шатастыру екендігін бағамдаймыз. Төбелесі сендіре алмайтын үнді фильмдері секілді анасының көз жасы да көңіл мен қисынды нандырмайды.

Ертеден Құран мен хадиске терең мағына берген халқымыз Ислам өркениетін жанына жақын тартқаны белгілі. Соны көре алмаған патшалық Ресейдің қазақ даласын шоқындыруды мақсатты түрде бастағаны тарихи шындық. Жаратқан Алла Тағаланың есім-сипаттарын жақсы білген халқымыз: «Құлдарына ақиқат пен адамгершіліктің жолын көрсетіп, өзінің және барша жаратылыстың бар болуына дәлел болған Бұрhан» деген мағына беретін Алланың Бұрhан есім-сипатын тасты жарып аққан сарқырамаға телігенін ұмыттық. Біздің осындай асыл тарихымызды білмейтін бейшаралығымызды пайдаланған орыс басқыншылары ақылға сыйымсыз аңыз-ертегі тарату арқылы саналарды шатастырды, елді бүлдірді. Мұндай келеңсіз аңыздардың кесірі мен кесапаты өскелең ұрпаққа тиіп жатқанын көріп жүрміз. Сондықтан да жамандық атаулыны айтпайтын қазақ ауылдарында бүгінгі күні өз өзіне қол салу тіркеліп жатыр. Ал, жалған аңыздың жарға апарып жығар тұсының осылай түйінделерін ескерген ешкім жоқ. Сол себепті ұл мен қызға айтар аңыз-ертегіге абайлап бару керек.

Осындай күдік пен күмәнімізді «Vizit Zhetysu» туристік орталығының басшысы Жандос Нұриевке айттық. Біздің айтқанымыздан нәтиже шығып, халқымыздың басына түскен ауыр жылдарда ерлікпен көз жұмған батырларымыз мен қыршын кеткен ата-бабаларымыздың есімдерін жаңғыртуды қолға алса құба-құп. Әйтпесе, адасқанымыз адасқан.

Жалпы, Орта Азиядағы ең биік сарқырама саналатын «Бұрқанбұлақтың» биіктігі 168 метрге тең. Бастауын мұздықтан алатын сарқырама Қора шатқалында жатыр. Аты айтып тұрғандай, мал қоралауға ыңғайлы аңғар. Бір қора қойды кіргізіп жіберсең кешке дейін көз алдыңда жайылып жататындай мүмкіндігі бар. Соны ескерген халқымыз шатқалдан бастау алатын өзенді Қора деп атаған.

Адамды күлкіге жетелейтін тағы бір аңыз аңғарды жағалай өрлеген күре жолдың бойында жатқан алып тасқа байланысты айтылады. Онда әлдебір киіз үйде босанғалы жатқан келіншектің баласының шыр еткен даусы таудан құлаған алып тасты тоқтатқан делінеді. Біріншіден, киіз үйді жолдың бойына тікпейді. Екіншіден, тура тас құлауы мүмкін қауіпті жерді мекен етпейтін қазақты ақымақ көруді қашан тоқтатамыз? Міне, осыны жақсы ұғынғанда келешегіміздің жарқын болуы өзіміздің қолымызда екендігін түсінеміз. Сіз қалай ойлайсыз, құрметті оқырман?!

Мәди Алжанбай

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.