Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Құтқарушылар қалай жұмыс істейді?

24.04.2017
ЕКІ ТІЗГІН
Құтқарушылар қалай жұмыс істейді?
WhatsAppTelegramFacebook

Жедел құтқару жасағында бірнеше мамандықтар тоғысады. Судан құтқарушы, өрт сөндіруші, қар көшкінінен құтқарушылар мен кинолог мамандар осы саланың аясында жұмыс істейді. Ал осындай бірнеше мамандықты қатар игерген жандардың жұмысы қаншалықты қиын екенін білесіз бе? Осыған орай біз әр салаға жеке тоқталғанды жөн көріп, судан құтқару қызметкерлерімен жолығып, жұмыстың жай-жапсарын білген едік. Олай болса маманның мәлім де беймәлім қырларына бойлауды бастайық.

Жедел құтқару жасағының мекемесіне ендік. Кіреберісте кезекші бөлім орналасқан. Аулада оқтай тізілген қарауыл. Рұқсатымызды алып, ішке кірдік. Мекеме маңында әскери форма киген сарбаздар. Ар жағындағы жаттығу алаңы екен. Арнайы киім киген жауынгерлер дайындық үстінде. Сол жерде құтқару жасағының бөлімшесі орналасқан. Басшылардың рұқсатымен жедел құтқару жасағының құтқарушысы Руслан Бершінбековпен жолықтық. Дене бітімі мығым, қол-аяғы балғадай, өз мамандығының шебері екені сырт көзге бірден байқалады. Ол бізді  жұмыс кеңсесіне апарды. Біз бірден бірнеше саланы біріктірген мекеменің жауынгеріне сауал қоюға асықтық.
Сауалымыздың негізгі ауаны судан құтқару қызметінің жұмысы жайлы, жалпы төтенше жағдай туындағанда атқаратын шұғыл әрекеттер турасында болды. Ағамыз сауалға жауап бермес бұрын біраз ойға шомып, демін ішіне терең тартып,  күрсініп алды. Содан кейін ғана өз ісінің қыр-сырын тарқатты.
–  Қарапайым жұрт судан құтқарушы дегенде: «Олар адам әбден суға батып кеткенде келеді», – деп ойлайды. Ол дұрыс емес. Негізі біз қоңырау түсе салысымен дереу аттанамыз. Айта берсек таусылмас, сондықтан басынан бастайын.
Таңғы тоғыздан, кешкі тоғызға дейін күнделікті қарауылға түсеміз. Бір қарауылда алты адам болады. Кезекші, кинолог, апаттан құтқарушы, өрт сөндіруші, судан құтқарушы және командир. Көбіне жұрт төтенше жағдай болғанда үрейге беріліп, кеш хабарласып жатады. Ал, алғашқы қоңырау департаментке түседі. Содан кейін олар дереу кезекші бөлімге хабарласады. Қоңырауға жауап алған кезекші дәл сол жерден дабыл қағады. Осы дабыл арқылы біз төтенше жағдайдың туындағанын білеміз. Жылдам киініп, автокөлік тұратын тұраққа жүгіреміз. Өйткені бір минуттың ішінде мекемеден шығып кетуіміз тиіс. Төтенше жағдайдың қай жерде және қауіптілігі қандай екені анықталады. Егер алыс жерге шақырту түссе, мәселен, Қаратал ауданында, Жаркент қаласында болса арнайы «УАЗ» көлігі жұмылдырылады. Қала ішінде болса жинақталған «Газель» автокөлігі жіберіледі. Қыс мезгілінде қар борап тастайтын жерлер бар. Оған арнайы «Неваз КамАЗ» деген үш мостты, батпақты жерлерге «Трекал» деген көліктермен барамыз.
Егер адам суға батты десе онда дабылды қосып, барынша жылдам жетуге тырысамыз. Бұл кезде көлік кептелісі, бағдаршамның қызыл түсі дегенге қарамаймыз. Ең бастысы жылдам барып құтқаруымыз керек. Ал, егер адам өміріне қауіп төнбейтін оқиғалар орын алса, онда бағдаршамға да, кептеліске де қарайлап, жол ережелерін бұзбауға тиіспіз. Осы тұста бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған көлікті көріп көпшіліктің ішінде теріс ойлауы мүмкін. Алайда біздің адам өміріне қауіп төнбейтін оқиғаларда бағдаршамға бағынатынымызды ел біле бермейтіні анық.
Сарбаздар бір минут ішінде мекемеден шығып кететіні бізді еріксіз таңғалдырды. Иә, мына кісінің айтып отырғанымен толықтай келісеміз. Бағдаршамға бағынып, әр жерде бір тоқтаса біздің де теріс ойлауымыз мүмкін. Алайда оның да өзіндік қыр- сыры бар екенін білдік. Ағамыз әңгімесін әрмен қарай жалғады.
– Оқиға орнына жеттік дейік. Мұндағы біздің міндетіміз – адамды аман алып шығу. Көбіне суға тәжірибесі жоқ балықшылар кетіп жатады. Жазда суға түсушілер. Суда іздеудің өзіндік тәсілдері бар. Ағыс жерде адамдар тұрмайды. Көбіне адамдар суға батып кеткенде иірімдердің астында қалып қалады. Иірімнің астына сүңгуір мамандарды түсіреміз.  Адам суға батқанына үш күн өтіп кетсе, судың бетіне шығады. Бұндай жағдайда біз адамды өзен жағасымен, судың бетімен, яғни қайықпен жүріп іздейміз. Егер жаңа батқан болса  маңында жүрген адамдардан қай жаққа батқандығын болжамды түрде біліп аламыз. Баса-көктеп суға кіріп, сүңгіп кете алмаймыз. Егер ортаға батса қайық арқылы барып, іздеу жұмысына көшеміз. Бізге 20 метр тереңдікке дейін түсуге рұқсат берілген. Сондықтан терең өзендерге де түсе береміз. Ең бастысы, техникалық қауіпсіздікті сақтау керек. Табылған жағдайда бірден жағаға шығарып, алғашқы көмек көрсетіледі. 
Бізде облыс бойынша төрт станция бар. Алакөл мен Балқаш, Қапшағайда екі станция. Жазғы мезгілде ол жақтағы құтқарушылар көлде қайықтармен жүріп суға түскен адамдарды үнемі тексеріп, сол маңды қадағалап жүреді. Біз де қаламыздағы жағажайларды қадағалаймыз. 
Біздің мақаламызға арқау болған мәлім де беймәлім қырлар маман сөзімен тарқатыла түсті. Мәлімі суға батқан адамды құтқару болса, беймәлімі батқан адамды иірімдерден іздейтіні және адам суға батқанына үш күн өтіп кетсе судың бетіне шығатындығы. Олардың 20 метрге тереңдікке дейін ғана сүңгуге рұқсат берілетіні бізге белгісіз қырлары. Иә, ауа райының қолайсыздығына қарамай басын қатерге тігіп, мұздай судың астына батқан адамды құтқару – үлкен ерлік. Осы тұста ағамыздан жұмыс барысындағы басынан өткен ерліктерін айтып беруін сұрадық. 
–  Барлығы біздің міндет болғандықтан ерлік деп айтуға келмес. Әйтсе де, басымнан өткен оқиғаны баяндап берейін. Қыс мезгілі. Үштөбе қаласында балықшылар мұздың астына түсіп кетіпті деген хабар келіп түсті. Жедел аттандық. Бес адам таң ата сағат 5-6 шамасында балық аулауға шыққан. Көлікпен Қаратал өзенінен өтпекші болғанда, көлікті мұз көтермей батып кеткен. Төртеуі судың бетіне шығып үлгерген.  Біреуі шыға алмай қалған. Шамамен  6 метр  тереңдікке кеткен адамды көліктің ішінен алып шықтық. Жұмыстан тыс кезінде жағажайларда суға батқан жандарды құтқарған кездерім көп болды. Олардың басым көпшілігі – кішкентай балалар. Енді бір ескерте кететін жайт, ата-аналар өзенге шомылуға барғандарыңызда балаларыңызды қадағалап жүріңіздер. Содан кейін біреудің суға батқанын көрсеңіз өздеріңіз іздеп,  үрейге бой алдырмай құтқару жасағына хабарласуыңызды сұраймыз. Өйткені, көп уақыт өтіп кетсе батқан адамды табу қиынға соқпақ. Алда жаз мезгілі келе жатыр. Міне, осыны назарға алсаңыздар екен деймін.
Иә, басымызға іс түссе ары-бері сабылып, не істерімізді білмей кететініз рас. Осының кесірінен судан құтқару мамандарының іздеуі ұзаққа созылып кетеді. Бабаларымыз: «Сақтансаң сақтайды», «Сақтықта қорлық жоқ», – деп текке айтпаса керек. Мамандардың айтқандарын есімізден шығармайық. Бұны білу қарапайым халыққа да керек екені хақ. Осыдан кейін ағамыздан ерліктерін қалай бағаланатынын сұраған едім. Маман бұл біздің міндетіміз деп байсалды  жауап қайырудан арыға бармады. Бұл оның қарапайымдылығы болса керек. Шын мәнінде, өз ісіне мығым адамдар қарапайым келетіні рас.

Міне, Руслан Бершінбеков бізге судан құтқару мамандығының қыр-сырын кеңінен тарқатып берді. Біз де маманның істеген ісі мен берген жауабына разылығымызды білдіріп, халыққа айта жүрер ой түйіп қайттық.

Айдар Қалиев

 

Қатысты жаңалықтар

Жаңа аудан көбейді

Жаңа аудан көбейді

31.01.2026
Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

31.01.2026
Су үнемдеу – уақыт талабы

Су үнемдеу – уақыт талабы

31.01.2026
Әріптен басталған әлем

Әріптен басталған әлем

31.01.2026
Әке аманатына адалдық

Әке аманатына адалдық

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.