Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Ұялшақтық жасықтық емес

12.12.2016
ЕКІ ТІЗГІН
WhatsAppTelegramFacebook

Бала кезімде «Ұялшақ сыбағасынан құр қалады» деген сөзді жиі еститін едім. Бүгінгі жас ата-аналар мақалдап айтпаса да ішкі дүниесі баласының ұялшақ болғанын қаламайды. Ұялшақтықты жасықтық деп санайды. Басқаның ойыншығын тартып алып жатса марқайып, балам немесе немерем өжет деп мақтанып отыратындар бар. Ал жалпы жастар тәрбиесі жайында сөз қозғалса солардың барлығы бірауыздан «қазіргі жастар тәрбиесіз, үлкенді сыйламайды, сөзіңді жүре тыңдайды, ақылыңа күле қарайды» деп  баға береді. Ал адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі ұят екендігін, ұятсыздықтың жеке басқа да, қоғамға да абырой әкелмейтінін білгіміз келмейді. 

Ұятсыздықты қазір ашықтық деп түсінетін болдық. Ашық болу заман талабы деп ойлаймыз. Данышпан Абай: «Ұяты жоқ бетке талмайтын жақ береді», – деген. Көпіріп сөйлеу, жамандық жасау, салақ болу, ақымақтыққа ұрыну, өтірік айту сияқты жаман әдеттер көбейгендіктен көптеген ізгі ұғымның мәнін жоғалтып, кейбірін мүлдем ұмыттық. Ұяттың екі түрі бар. Біріншісі, туа біткен ұят. Оны  Алла тағаланың өзі береді. Екіншісі, жақсы мен жаманды ажырата біліп, бірінен жиреніп, екіншісін бойына сіңіру арқылы қалыптасады. Олай болса ұят – біздің адамгершілік мұраттарымызды анықтайтын таразы, өміріміздің мазмұны.  Құдайға сену арқылы жүрекке ұялайтын асыл сезім. «Адамнан ұялмаған кісі, Алладан да ұялмайды», – дейді Мұхамед /с.ғ.с./ Өйткені ұяттың негізінде иман жатыр. «Мынау ұятсыз екен» деп айтсақ, астарында «имансыз» деген ұғым тұрады. Әсіресе көктем шыға көйлектері қысқарып, төстері жалаңаштанып кететін қыз балаларға қарап осы сөз жиі айтылып жүр. Қыз туралы әңгіме айтылса, «қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді»  деп қопаңдап қалатын халықпыз. Дегенмен де ата-бабаларымыз қыздың тәрбиесіне айрықша көңіл бөліп, өзіндік менталитетін сақтап, дәстүрге айналдырып, қыз – үйге құт, ауыл ажары, қыз ердің атын шығарады, даудың алдын бөгейді деп әлеуметтік мәселелермен де ұштастырып отырған. Есте жоқ ескі заманда қалыптасқан осы қасиетіміз Ислам дінімен үндесіп қамшының өріміндей өріліп кетті. Міне, осы шариғат заңдарынан аса алысқа кете қоймайтын ата-бабаларымыздың игі дәстүрлеріне кейінгі кезде сәл-пәл сызат түсе бастағандай. «Қызға қырық үйден тыйым» деп ауыл болып көңіл бөлетін дала педагогикасы бүгін естісең ертегідей, айтсаң аңыздай. Оның орнына сирағының ұзындығы мен кеудесінің көлемін сынап бәйге беретін болдық. Жұматай Жақыпбаев бір өлеңінде: «Көйлегің сенің, шешілмеген жұмбағым», – дейді. Бүгінде ол жұмбақ жартылай шешілген. Көйлегі қысқа қыздың балалық шағы да қысқа болатынын тастанды балалардың көбейіп бара жатқанынан байқап жүрміз. Құран Кәрімнің Ахзап сүресінде (35 аят): «Ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдерге Алла тағаланың  жарылқауы және ірі сыйлығы бар», – делінген. «Түзелмесін білген ез, түзу сөзге сене ме?» деп Абай айтқандай ұятты жерді жауып жүру екі дүниеде де тиімді екендігі айтылса да түзу сөзге сенбейтіндер «ақымаққа ақыл айтсаң өзіңе көңіл айтадының» керін келтіруде. «Қазақтар бұрын анадай болған, мынандай болған» деп пікір таластыратындар да жетерлік. Бір ғана мысал келтірейік. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолында»  Тоғжанның киімін «Судыраған биқасаптан әдемі жеңіл шапан киген. Басында жап-жаңа қара кәмшат бөрік. Мойнында әсемдеп, кең ораған құбылма түсті торғын шәлі. Құлағында үлкен алтын сырғасы ырғалып келе жаткан Тоғжан, мынау ат үстінде, мынадай топ қыздың ортасында, дәл көп жұлдыз арасындағы Шолпандай», – деп суреттейді. Санын жалтыратпай-ақ, төсін салбыратпай-ақ көп қыздың ішінде Шолпан жұлдыздай болып келеді. Халқымыздың осындай бай мұрасы тақиясына тар келіп, өзінікін қор тұтып, өзгенікін зор тұтып жүрген қыз-келіншектерді көргенде көңілің құлазиды. Әйел көркі жалаңаш көрсетіп жүрген денесі емес, тәтті қылығы екендігі жайында Жүсiп Баласағұн: “Жiбек мiнез – қыз-келiншек шырыны, Бiле бiлсең, әйел көркi қылығы”, – дейді. 
Олай болса, осы мінез көркемдігі, инабаттылығымен қыздарымыз дараланса дейміз. Ұяты жоқтың, иманы жоқ. Ал ұялшақ болу жасықтық емес. Тазалықтың, ізеттіліктің, имандылықтың бір көрінісі екенін естен шығармайық.

Жұмахмет ЖАЙЛАУБАЕВ.

Қатысты жаңалықтар

«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

30.01.2026
ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

30.01.2026
Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

30.01.2026
Қазақстанда ірі ірімшік зауыты салынбақ

Қазақстанда ірі ірімшік зауыты салынбақ

30.01.2026
Қазақстан өңірлеріндегі теңсіздік: Жетісу неге кедей аймақтар тізімінде?

Қазақстан өңірлеріндегі теңсіздік: Жетісу неге кедей аймақтар тізімінде?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.