Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Қыздың көркі әшекей

04.06.2016
ЕКІ ТІЗГІН
Қыздың көркі әшекей
WhatsAppTelegramFacebook

Қашанда киімге ерекше талғаммен қарайтын қыз-ке­лін­­шектер үнемі стиліне өзгешелік енгізіп, болмаса қа­лауын тап­сырыспен тік­тіруге құмар ке­леді. Сұлу­лық­тың сырын мең­герген кәсіби ма­ман­дар мұн­дай сән­қой­лар­мен жұмыс істеу шабытты еселен­ді­ре­тіндігін жа­сыр­майды.

Себебі, талғампаздардың көңі­лінен шығатын ерекше үл­гіні әзірлеу үлкен күш-жігерді талап етеді. Осындайда «Сұ­лулық әлемді құтқарады» деген тәм­сіл­дің шындыққа жана­са­тын­ды­ғын сан мәрте мойындаған Жан­гүл Жазылбекова алдына кел­ген тапсырыс иесін ажарлы ету­ден ләззат алады. Оның ай­туынша, тігін мен қолөнер бұйым­­­дарын (суреттегегі) жасауға деген қы­зы­ғушылық қызына аяғы ауыр кез­де ерекше артып, ол құмар­лық өзінің сән орталығын ашуы­на дейін жетелеген. Сәнді киім тігуші ше­бер Бе­рік­ Ысмайы­лов­та екі жылдан астам уақыт қыз­мет еткен Жангүлдің бүгінде өзі де ұстаз ретінде тігін мен қолөнер бұйымдарын жасауға бейім­ділігі бар жанға кеңесін бе­ріп, дұрыс-бұрысын үйрете алатындай-ақ тәжірибесі бар.  

Қазір ол «Айдана» деп ата­латын сән орталығында ұлттық бол­мысқа сай, қыз-келін­шек­тердің бойындағы нәзіктікті айшықтай түсетін қоғамдық орында да күнделікті қымсынбай киетін түрлі нақыштағы киім тігеді. Айта кетейік, тек бұл ғана емес, сондай-ақ, мұнда әдемі шаш үлгісін жасау қызметі де ұсынылып, тіктірген көйлекке сәйкес келетін әшекей бұйым­дар да табылады. Облыс орта­лығында ұлттық үлгіні наси­хат­тайтын мұндай тігін шебер­ха­на­ларының көптеп ашылуы ұлт­жан­дылық сезімді арттырып, әде­мі­ліктен бөлек, халқымыздың ою-өрнектерін кең қолданысқа ен­гізіп жатыр.  

Бұл шеберханадан арнайы тапсырыспен той көйлегін тік­тір­ген  Іңкәр Мұқашева бүгінде ұлт­тық нақыштағы оюлы кеңсе фор­масының дайын болуын күтіп жүр.

– Нәзік жандылар қандай ор­тада, қандай жағдайда бол­сын бір-бірінен ерекшеленіп тұр­ғаны жөн. Әдемі көріну үлкен ең­бекті, ыждағаттылықты талап ете­тін­дігін ескерсек, сауда үйіндегі бі­ріне-бірі ұқсас келетін киім­дер­ден гөрі көп жағдайда тап­сы­рыс­пен тіктіргенді ұнатамын. Өз қия­лым мен қалауымдағы үлгіні үс­тіме ілгенде біздің елдің «алтын қолдыларының» жұмысына риза боламын. Әлемдік брендке ай­на­латын ұлттық элементтерден тұ­ра­тын киім үлгісін шығару қазақ­стандықтардың да қолынан ке­летіндігіне сенімім арта түседі.      

Рас, сәнді көрініп, ұлттық киім үлгісін насихаттау үшін қазақша көйлек киіп, мерекедегідей жүру міндетті емес. Қаракөз­де­рі­міз­дің ұсынған идеяларын қолда­нысқа енгізуге жәрдемдессек болғаны. Алайда, біз өзімізден гөрі өзгенікіне құмартып тұруға әуес келеміз. Жас қыздар тек шетел компанияларының киім­дері мен бұйымдарын тұтынуға және оны жарнамалауға жақын. Шетелдің актерлеріне ұқсағысы келетін олар ұлттық нақыш аңқып тұратын киім үлгісіне аса қызығу­шылық таныта қоймайтындығы да шындық. Бірақ біз өз еліміздің өні­мін тұтынып қана қоймай, кең көлемде насихаттасақ оларды сатып алушылардың қатары ар­тып, бағасы да төмендей түсер еді.  

Бір бұйымның өзіне барын салып, жауапкершілікті сезіне отырып дайындауды ұнататын Жангүл сұлулық бағытындағы түрлі курстарға барып шебер­лігін арттырып жүр. Жуықта өз ынтасымен дұрыс боянудың тәсілін үйрететін сабаққа қаты­сып тәлім алған ол өз түсіні­гін­дегі сұлулықтың сырын ашты.

– Оның сыры – ең бірінші, әрине, нәзік көрінуде. Содан соң ішкі жан дүниең мен сыртқы келбетінің үйлесім табуында. Жай ғана шай құюдың өзінде-ақ сұлу көрінуге болады. Қалай дей­сіз ғой? Қарапайым ғана тәсіл, үйде жүрмін екен демей, әдемі оюлы сырғаңызды тағып, орамалыңызды тартып сыпайы­лықпен шай ұсыну да – сұлу­лықтың бір нышаны. Тіпті, дас­тарқанға бауырсақ, кәмпитті шаша салмай, керісінше, олар­ды ерекшелеп тізіп қойсаңыз сұлулыққа деген құмарлығыңыз бен жоғары талғамыңызды кел­ген қонақтар бірден аңғара­тындығы сөзсіз. Мен өзім тігетін киім үлгісіндегі көйлек пен бел­д­емшелердің етегі барынша ұзын болғандығын қалаймын. Өйткені, етек-жеңі жабық келін­шекті сұлу емес деп ешкім айта алмайды, – дейді жас тігінші.

Тойға, көпшілік қауым жина­латын ортаға барғанда үнемі сти­лімен ерекшелініп тұратын кейіпкеріміз өзіне келген әрбір жанды әдемі де, көрікті етіп шығарғанша жаны жай тап­пайды. Жұмысқа деген адал­ды­ғынан болар, шабыты артқанда екі, кейде, тіпті, бір күнде сыр­ға, білезік сынды бұйымдарды әзірлеп тастауға бар.

Ұлт жанашыры деп көп жағдайда елге танылған тұлғаларды тілге тиек етіп жатамыз. Олардың бірі мінберде тұрып бұқара халық құптайтын ұсыныс жасап, ел игілігі үшін қызмет етсе, енді бірі өзінің шағын ғана шеберханасында әлемді бағындыратындай үлгіні ұсынуға барын салуда. Тағы бірі жеке кәсібін ашып, елдің экономикалық дамуына үлес қосып жүр. Ендеше, экономика, саясат, әлеумет, ауылшаруашылық саласында, тіпті, сән үлгісінде де ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімдерді түрлі жолмен паш етуге болатынын ескерейік, қай салада да қазақ халқының ата-баба дәстүрі ешқашан ұмыт қалмақ емес. Оны тек жаңғыртып, заман талабына сай етіп ұсыну жолын меңгере білсек жеткілікті. Жангүлдің де алға қойған мақсаттарының бірі осы.

 

Қатысты жаңалықтар

Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

29.01.2026
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

29.01.2026
Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

29.01.2026
Баукеңнің еркелігі

Баукеңнің еркелігі

29.01.2026
Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.