Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Зеренің шын есімі кім?

30.01.2017
ЕКІ ТІЗГІН
Зеренің шын есімі кім?
WhatsAppTelegramFacebook

 

Зере дегенде ұлы Абайды тәрбиелеген қазақтың қарапайым әжесі көз алдымызға келеді. Әлбетте, «Абай жолын» оқыған көзі қарақты оқырман Зере ананың қадір-қасиетін жете танитыны анық. Айтпағымыз – Зере қазақ ұлтының маңдайына біткен дана ойшылы Абайды тәрбиелесе, ал хакім Абай бүкіл қазаққа имани-мәдени, адамгершілік-эстетикалық, жалпы рухани тұрғыда бағыт-бағдар беріп, тура жол көрсетті. 

Әлқисса, осыдан бірнеше жыл бұрын Қаратал ауданында алқалы жиын өтті. Осы жиынға қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Өрікбайұлы келіп, еліміздің дамуы, оны жүзеге асыратын болашақ жастар тәрбиесі жөнінде әсерлі әңгіме өрбіткен еді. Ол кісі сол кезде елдік тұрғыда ой қозғады. Биік мінберден ел болашағы, ұрпақ тәрбиесі жайлы сөз қозғалғанда ата-әже өнегесі де назардан тыс қалмаған. Әңгіме ауаны хакім Абай төңірегіне келіп ойысты. Сол кезде Серікбай Өрікбайұлы көпшілікке: «Ойшыл ақын Абайдың әжесі кім?» – деген сауал қойды. Залдағы отырған көпшілік қауым арасынан «Зере… Зере» деген дауыстар естілді. Серікбай Өрікбайұлы сәл жымиып:
– Дұрыс. Ал енді Зеренің шын есімі кім? – деп қайта сауал қойғанда ешкім ләм-мим демеді. Сұрақ жауапсыз қалған соң ол кісі: «Ал, жақсы. Зеренің шын атын айтқан адамға сыйлық беремін», – деп ынталандырып та қойды. Үлкен кісіден сый дәметуден ұялды-ау деймін, ешкім жауап қатпады. Білгендер үндемеді, білмейтіндер мектепте оқығанын еске түсіріп жатты. Менің де есіме мектептегі  ұстазым орала кеткені. Қазақ әдебиетінен сабақ беретін мұғалім ақын-жазушылардың шығармасын тәптіштеп сұрап, егер білмей қалсақ: «Кәні, кім айтады? Соған «бес» қоямын», – деп оқуға құмартып қоюшы еді. Әлбетте, тегін бестік журнал бетінде жатпайды. Сол кезде білмей қалғанымыз үшін өкініп, үйге келген соң кітапты қопарып, кітапхананың сөресін шарлап кететінбіз. Ал биік мінберден лауазым иесі ынталандырып тұрғанда білсек те айта алмадық. Айтқымыз-ақ келді. Бенжамин Франклиннің басы салынған екі көк қағаз көлеміндегі сыйлық үшін Зеренің азан шақырып қойған атын айтуға біз де ыңғайсыздандық. Расында, Зерені әр қазақ білуі тиіс емес пе? 
Иә, Бектемірқызы Зеренің азан шақырып қойған аты Тоқбала еді. Бірақ Зере есімімен танылған қазақ анасының, әжесінің шын есімін білу өз алдына, оның «қазақ қоғамындағы отбасы құндылықтарын сақтаудағы рөлі қандай?» деген сұраққа жауап іздеген жөн болар. Біз үшін Зере кім? 
Зере – ұлт әжесінің жиынтық бейнесі. Ол – ұлт анасының символы. Салт-дәстүр мен тәлім-тәрбиенің қайнар көзі. Кемеңгер Абай ақынның даналығының бастауы ғана емес, ұлтымыздың рухани төлқұжатына айналған айшықты тұлға.  
  Халық жақсыны қашанда көтермелеген. Жұрт Зерені ел анасы деңгейіне бекер көтерген жоқ. Халық жадында «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы Зере бейнесін – ұлт берекесі мен дәстүрі кейпінде сомдап шыққан дара жазушы Мұхтар Әуезовтің еңбегі ерен. Әлбетте, қазақта Домалақ ана, Құртқа, Ақжүніс, Гүлбаршын секілді аналарымызды әспеттеген халық – шаңырақтың уығы мықты, керегесі кең болуы үшін аса құрметтеген. Қазақ қашанда қыз баланы ерекше қадірлеген ғой.
Біз қазіргі жас келіндерге үлгі болатын сол асыл аналарымызды қалай дәріптеп жүрміз? Себебі, Зере дегенде көз алдымызға киіз үй ішінде қазақтың ұршығын иіріп, жүн түткен, немересін баққан әже елестейді. Ақжаулықты ананың айтқан ертегісі, өсиеті ғана емес, түр-тұлғасы, бір қарасының өзі неге татиды?! 
Былтыр Семейде үлкен шара өтті. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен кешегі Ақтамберді батыр мен Ақтайлақ бидің тағылымы қалған Жарма ауданының әкімдігі бірігіп, «Ұлы Даланың ұлы аналары» атты бұрын-соңды болмаған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Ғылыми жиын жұмысына Астана мен Алматыдан, облыс орталықтарынан елге белгілі ғалымдар мен ақын-жазушылар қатысқан еді. Сонда қай ананың есімі ұлықталды дейсіз ғой? Айтайық.
Семей қаласының жұртшылығы университетте «Құнанбай» көркем фильмінің режиссері Досқан Жолжақсыновпен және Жамбыл облыстық драма театрының әртісі Нұрсипат Салықовамен кездесті. Жұрт көркем туындыға қатысты небір қызық сұрақтар қойды, әсіресе Зере әже бейнесі тақырып өзегіне айналды. Жұрт  қазақтың әжесі болып кеткен Зеренің образы сәтті шыққанына риза болды. Ең кереметі, шара соңында Жарма ауданының орталығы Қалбатауда Зере әжеге арналған ескерткіштің ашылуы еді. Міне, аналарын құрметтеген халық осындай болса керек. Қалбатауда Зере әже ескерткішін ашу салтанаты да елдік деңгейде өтті десек, қателесе қоймаспыз. 
«Апыр-ай десейші, Зере әжем Қалбатауды бір көтеріп тастад-ау», – деп кемсеңдеген қарияны көргенде бүкіл халық тебіренді. Бір кейуана «Зерені бұрын кітаптан оқып, кинодан көруші едік, енді қасымызда тұрғандай күй кештік-ау» деп жылап сала берді. 
Ескерткіште зер салған адам білуге құмар, өзі зерек, ойы ұшқыр Абай немересін алдына алып отырған Зере әжені  көрер еді. Абыз әже мен немеренің отырысы, көзқарасы шынайы көрінеді. Образы ашылған. Ескерткіш авторлары – әкелі-балалы Ертіс пен Еркебұлан Тәти. Абай ауданының тумаларын Семей өңірі жақсы таниды. Ең қуанарлығы,  бейнесін көрсету арқылы олар бала күнінен ортасын, ақсақалдардың әңгімесін құлағына құйып өскен бала Абайды тәрбиелеген әже бейнесін сәтті сомдап, айтар ойын анық жеткізген.

Иә, Зере әже ұлт дәстүрінің алтын арқауы боларлық тұлға. Қалбатаудағы Зере әже ескерткіші – ұлттың ұлылығын айқындайтын, текті тәрбиенің шамшырағы болары анық. Біз осындай аналарды ұлықтау арқылы ел тарихын қадірлейміз. Дәл осындай ескерткіш әр облыс орталығында болса, құба-құп. Біз бұдан ұтпасақ, еш ұтылмаймыз. Көшеден әрі-бері өткен үлкен-кіші: «Мынау Зере әже ғой. Алдына салып тәрбие берген бала Абай ғой», – деп әдебиетіміз бен тарихымызды, қалпы бұзылмаған салт-дәстүрімізді еске түсіре бастайды. Мұндай ғибрат алар ескерткіштер елдік тәрбиенің жалғасы екеніне еш дау жоқ.

Асхат Өмірбаев. 

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

31.01.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

31.01.2026
Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.