Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Жасампаздыққа бастайды

05.09.2023
ЕКІ ТІЗГІН
Жасампаздыққа бастайды
WhatsAppTelegramFacebook

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет әлеуетін арттыруға негізделген ауқымды жоба-жоспарымен таныстырып, ондағы негізгі мәселелерге тиянақты тоқталып, түйткілдерді шешудің нақты жолын көрсетті. Еліміздің даму жайын екшеп айтқан Жолдауында халықтың әлеуметтік ахуалының артуы жайын жан-жақты саралап, нақты жоспарлар ұсынды. Сонымен бір мезгілде Президент әрдайым айтылып жүрген «Әділетті Қазақстан» деген тіркестің шынайылығын паш етті.

Бұл атом стансысын салуға қатысты пікірлермен байланыстырылды. Шыны сол, әлеумет арасында әралуан пікір бар. Пікірлер ядролық стансының қаупі күшті дегенге саяды. Алайда, Президенттің өзі айтқандай, еліміз – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет, сондықтан атом стансысын салуға әбден қақымыз бар. Дегенмен, Мемлекет басшысы: «Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем», – деді.

Мұнан өзге ұлттық экономиканың құрылымына қатысты реформаның басым бағыттары ашық сөз болды. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігі, азық-түлік қауіпсіздігі, ұлттық экономиканың ішкі және сыртқы сын-қатерлерге төзімділігі алдыңғы қатарға шығарылды. Мұның себебі, қазіргі кезде геосаяси ахуал ушығып, әлемдік нарықта экономикалық тежелу анық байқалады.

Президент «Ешкім де сырттан келіп, Қазақстанды көркейтіп жібермейді» деп барлық экономикалық құрылымды шұғыл түрде түпкілікті қайта қарап, өзгерту жолымен ғана өркендейтінімізді атап айтты. Өз экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету үшін қандай қадамдар жасауымыз қажеттігін егжей-тегжейлі түсіндірді. Мысалы, жаңа өнеркәсіп саясатын жүргізіп, еліміздегі жұмысқа отандық шикізатты, тауар мен кадрларды пайдалану керегін нығырлады.

Жолдауда мемлекеттің экономикаға ықпалын барынша азайту үшін қажетті шаралар қабылдау керегі айтылды. Негізгі мақсат – кәсіпкерліктің жаңа деңгейге көтерілуіне жағдай жасау. Орта кәсіпкерлікті «қолмен көтеру» керек деген Президент орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажеттігін атап айтты.

Қозғалған мәселелердің ішінде көңілге қонып, қуантқаны көп-ақ. Соның бірі – мына мәселе. Қазақстанның көптеген тауарды шетелдерден алып отырғаны белгілі. Өзімізді өз өнімімізбен толық қамти алмай келеміз. Жолдаудағы: «Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті» деген сөздер осы мәселенің бірден-бір шешу жолы болатынына сенім ұялатты. «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет», – деді Президент.

Бұл дәстүрлі Жолдау жаңалықтарға толы болды. Соңғы  уақытта елімізде су мәселесі аса ауқымды қаузалды. БАҚ, әлеуметтік желі шаруалардың жанайқайына толы еді. Таза ауызсудың өзін айтпағанда, егінмен айналысатын қарапайым халық судан әбден зәрезап болды. Халық санының өсуі тұтынудың да артатынын аңғартса керек. Президенттің пайымынша, жиырма жылдан соң Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екен. Болжалды болғанмен қазірдің өзінде тапшылық сездірген су мәселесі тиісінше шешілмесе, тап сондай қиындықтарға жетелейді. Трансшегаралық су көздеріне тәуелді болғандықтан әділ, тиімді су саясатын жүргізбесек, болжал ақиқатқа айналады. Ал ондай саясатты жүргізу үшін тиісінше құрылым, яғни, министрлік керек. Мұны ескерген Мемлекет басшысы Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылып, ведомство аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтінін ақжолтайлады. 

Президент сүйіншілеген екінші жаңалық – Көлік министрлігі құрылады. Стратегиялық жағынан маңызы зор көлік-логистиканы дамыту уақыт мінберіндегі мәселе еді. Президент осы уақытта еліміздің көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалана алмай отырғанына мысалдар келтірді. Сын көтермейтін автожолдар құрылысы, осы саладағы жемқорлықтың артуын Мемлекет басшысы айшықтап айтты. Арнаулы министрлік құру – осындай мәселелерді шешуге бағытталған қадам деп түйсіндік. 

Жалпы, әр Жолдау сайын Мемлекет басшысы білім-ғылым, денсаулық сақтау саласының өрістеуіне ерекше көңіл бөледі. Бұл жолы Президент «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынатынын сүйіншіледі. Жетісу өңірінде аталмыш бағдарлама өзегінде 7 мектеп салынады. Заманауи мектептер Алакөл, Панфилов, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласында бой көтереді. Қазірдің өзінде «Жайлы мектеп» жобасы  Панфилов ауданында қарқынды жүзеге асуда. 

Президентіміз Жолдауда өңірлердің бюджет саласындағы дербестігін арттыруға арналған нақты тапсырмалар берді. Соған сәйкес салық төлемдерінің бір бөлігін аймақтарға беру көзделіп отыр. Бұдан былай аудандық әкімдіктер бюджетті өздері жасақтай алады. Бұл, өз кезегінде, жергілікті жердегі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады. 

Айта кететін жайт, Мемлекет басшысы өз Жолдауларында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тапсырды. Нәтижесінде саяси реформа аясында былтыр ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылды. Бір жыл ішінде көптеген елді мекенде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметіне кірісті. Жетісу өңірінде құрылған күннен бастап 56 ауылдық округ пен аудандық маңызы бар қалалардың әкіміне тікелей сайлау өткізілді. Оның ішінде 2022 жылы 29 ауылдық округ әкімі осылайша сайланған. Оның ішінде 19-ы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты және 10-ы мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайланды. 95 кандидат саяси додаға қатысып, сайлаушылардың орташа қатысуы 72,78 пайызды құрады. Осынау демократиялық үрдіс алдағы уақытта да қисынды жалғасын таппақ. Президент дәстүрлі Жолдауында «Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындардың өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз», – деді. Бұл да демократиялық үдерістің күшейе түскенін аңғартады. 

Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауда экожүйеге дұрыс көзбен қарау, креативтік индустрия мен орта кәсіпкерлікті өркендету, IT саланы дамыту, банк жүйесінің тиімділігін және оның ел экономикасына қосатын үлесін арттыру, «Келешек» атты жаңа бағдарлама әзірлеу және т.б. да уақыт талабына сай бастамаларды ортаға салды. Бір сөзбен айтқанда, экономикалық саясаттың жаңа үлгісін жүзеге асыру еліміздің тұрақты дамуына бастайды. Бір сөзбен айтқанда, Жолдаудағы оңтайлы бастамалардың бәрі Әділетті Қазақстан құруға ауқымды үлес қосады.

Гүлнар Тойлыбаева, 
облыстық мәслихат төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.