Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Жақсылық ағаның батасы

05.01.2018
ЕКІ ТІЗГІН
WhatsAppTelegramFacebook

Жаздың ортасында бір апта ерекше ыстық болғаны белгілі. Сол бір аптапта Айбат екеуміз  шүмектей терлеп, Дариға тәтені қаладан Балпық биге көшіріп тастап, Көксуға бет алдық.  Күн табадай шыжғырып тұр. Тіпті, өзеннің суы да жылып кеткен. Күмп беріп «жанымыз қалды». 

Біраздан соң сол жерге желдей жүйткіп аппақ «Джип» келді. Терезесі сырғи түсіріліп, қазақ жігіті басын шығарды. Сәлем берді. «Ағалар, осы жерге суға түссек бола ма?» – деді. «Джип» мінгендер өктемдеу келетін еді, мына жігіттің кішіпейілдігі мен мәдениетіне таң болып тұрмыз. Көліктің артқы есігі ашылып, ішінен қазақ балуаны, көзі тірі Қажымұқан, ұлт мақтанышы Жақсылық Үшкемпіров түсіп келеді. Айбат екеуіміз елпеңдей ұмтылып барып, сәлем бердік. Жақсылық ағаны мына жерден көреміз деп кім ойлаған?  Ол кісі де ескі танысындай қауқылдап, қал-жағдай сұрап жатыр. Аға біраз шомылып, салқындап алғаннан кейін танысып, аты-жөнімізді айттық.  Айбат балуан ретінде күрес туралы сырдың шетін шығарып еді, кеңесіміз жанданып сала берді. Әңгіменің тиегі ағытылды. 
– Чемпион болу үшін еңбек пен намыс керек. Мені бір кезде Мәскеудегілер олимпиадаға жібермей  шеттетіп, әбден қақпайлаған кездері болған – деді Жақсылық Әмірәліұлы. 
Еңбегі мен қабілеті ескерілмеген, әділетсіздік көрген, күйінген Үшкемпіров жаттығуды тастап, күреспен айналыспай біраз уақыт жүріп қалады. Осы кезеңде қазақ балуанына сол кездегі Спорт министрі келіп, үш күннен соң Қонаевтың қабылдауына баратынын айтады.  Белгіленген күні екеуі Димекеңе кіреді. Ол: 
–  Жақсылық, сен мына бір жапырақ түріңмен қалай ғана бәрін жапырып жүрсің? – деп әзілдейді. Көңілім бірден көтеріліп сала берді – дейді ағамыз. Күресті неге тастамақсың? – дейді Димекең.   Балуан өзінің орыстардан шетқақпай көріп жүргенін айтады.   Мен тәулігіне төрт сағат қана ұйықтаймын. Республикадағы мал санын арттыру, егін шаруашылығы, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, медицина, ғылым, металлургия, білім, қысқасы барлық саланы дамытып көтеруіміз керек. Мен республикада қанша адам бар, соның барлығына жағдай жасауға міндеттімін және солардың тұрмысына жауаптымын. Менің жұмысым да кедергі жасамайды, мені шетқақпай қылмайды десең қателесесің. Күніне жүздеген проблемамен бетпе-бет келемін. Соның бәрі ел-жұрт үшін. Сенікі не? Қазақтық намыс қайда? Бұл жерде бүкіл елдің абыройы сарапқа салынғалы тұр.  Жігіттік жігер, қажыр-қайрат қайда? Алғашқы кедергіден күйреп қалсаң арғы жағы не болады? – дейді.  Ал, қарағым – дейді Димаш ақсақал. Ақ жол, ата-баба жар болсын! Әлгілерге өзіңнің, қазақтың қандай екенін дәлелде, көрсет! – деп жігерлендіріп арқасынан қағады. Жақсылық аға Қонаевтың батасынан қанаттанып, қайраттанып, өршеленіп шығады. Шыға дайындалып, олимпиадада бүкіл қазаққа, қала берді КСРО-ға алтын медаль олжа салады. Дүниеге танылады.
Көп әңгімелестік. Адамға жетістікке жету үшін еңбек, табандылық, намыс қажет. Қазіргі шаруашылығын ашу үшін де көп қиындық көріпті.  Тағы да өзі айтқан үш қасиет көмектескен. Олимпиадаға іріктеу жұмыстары жүріп жатқанын, осы мәселемен Талдықорғанға келіп, қайтып бара жатқанын да айтып өтті.  Облыс әкімдерінің ішінде іскерлік қасиеті жоғары Амандық Баталов пен Бердібек Сапарбаевты ерекше құрметтейтінін байқадық.  Сол сияқты Иманғали Тасмағамбетов пен Қырымбек Көшербаев туралы да пікірі жоғары екен.  Кетерінде қолын жайып мәнді-мағыналы бата берді. Суретін қолтаңбасымен сыйға тартты. Қимай қоштастық. Көпке дейін сол кездесуді ұмыта алмай жүрдім.  Жүрерінде мені Қонаевтың батасы өмір бойы жігерлендіріп, қолдап, қанаттандырып келеді – деді. Бізге де Жақсылық ағаның батасы жұғысты болғай!

Ербол БЕКБОЛАТОВ .

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.