Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Жақсылық қылсаң жар салма

26.12.2016
ЕКІ ТІЗГІН
Жақсылық қылсаң жар салма
WhatsAppTelegramFacebook

Есте жоқ ескі заманнан бастап, жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, шындық пен өтірік, дарындылар мен дарынсыздар жарыса ғұмыр кешіп келеді. Қайсысы озды, жеңіс туын көтерер мәре қай жерде?  Жалынан ұстатпайтын мына жалған дүниеде бұл сауалдың жауабын ешкім дөп басып айта қоймас. 

Қиямет сағаты соққан кезде ғана әр пенде өз тағдыр таразысына тартылып, өз мәресін анықтайды. Міне, сол сәтте езуің ермен татып, тізең қалтырап, көкірегіңді қылтанақ тескендей күй кешуден сақтасын. Ал біз сақтанып жүрміз бе? Қырық күншілік шөлді басып өтетінін біле тұра жарым торсық су ала шыққан сормаңдайдың кебін киіп жүрген жоқпыз ба? 
Дүние жалғаннан жүзіп жүріп қанған, орып жүріп тойған, аз күндік дәулет, аз жылдық дәуреннің буына пісіп, кекиіп сөйлеп, кедіреңдеп жүретіндер күнделікті өмірде көптеп кездеседі. Бөсіп ішкеніне, күйсеп жегеніне, қол астындағыларды тізесіне салып тізерлетіп, омырауға салып опырып жіберер ожарлығына мәз болып жүргендер де бар. Күндердің күнінде солардың бірі тұрақсыз жардан түңіліп, тұрлаусыз достан айырылып, фәни тірліктен безіп, өмірінің мәнін жоғалтады. Кеше ғана серкенің дауын  атан өгіз беріп сатып алатын пәлеқор тірлігі татымсыз, істері құнсыз болып, өмір шуағының арасында өлім сәулесінің қатар жүретінін санасымен саралайды. Саба түбі сарқынды жасы қалғанда бар ғұмыры шайтанның ермегінде, малғұнның жетегінде өткенін түсінеді. Түсінеді де қайтсем арманым ішімде, бармағым тісімде кетпейді деп кешегі шырмауықтай шырмалған күншілдігі мен кекшілдігінен туындаған жамандықтарын жою жолдарын ойластыра бастайды. Көп дүниені ой елегінен өткізіп, ақырында  беттің арын белге буып, құрығы жеткен жерге дейін қолын созып, жиған бар байлығын жақсылық жолына жұмсамақшы болады. Жарлыны жетістіремін, кемді теңестіремін деген соңғы тілек арманын жолбасшы етіп іске кіріседі. Қалтасының түбі көрінгенше қайырымдылық көрсете жүріп, бар жақсылығын жария етуді де ұмытпайды. Әлеуметтік желілер мен жергілікті телеарналарда жомарттығы айтылғанда аңыздай, естілгенде ертегідей  дүмпуі күшті, дабыры басым дүниеге айналады. Бірақ жүрегінің тазарғанын, өмірінің өзгергенін сезінбейді. Күндердің күнінде көшеде кетіп бара жатқан бір кісінің түймесі үзіліп түскенін байқап қалады. «Қойшы түймеде тұрған не жақсылық бар дейсің, басқа да түймелері жеткілікті ғой», – деп жүре бермекші болады да, соңғы сәтте кәрі денесін сықырлатып жердегі түймені иіліп алып,  әлгі кісіні қуып жетіп, қолына ұстатады. Көп ұзамай фәни дүниемен қоштасып бақилық болады. Сұрақ-жауап басталады. Алдына үлкен таразы қойылып, сол жағына барлық жамандықтары жиналады. Ал оң жағы бос. Таразының сол жағы басылып бара жатқан кезде оң жағына бір періште түймені салады да жақсылықтың таразысы басымдау болып шығады. «Мына жалғыз түйме менің барлық жамандықтарымды басып кетті. Бірақ менің басқа да жасаған жақсылықтарым көп еді ғой, олар неге көрінбейді»? – деп сұрайды. Сонда «Сен жасаған жақсылықтарыңның барлығын мақтан қылып жария еттің, сондықтан олар жойылды. Ал түймені ұмытып кеттің, ол сені тозақ отынан сақтап қалды», – деген екен. Әрине, бұл аңыз әңгіме. Дегенмен де осы аңыздың негізінде Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Оң қолың берген садақаны сол қолың білмесін» деген ескертуі, «Жақсылық жасасаң – жасыр, жақсылық көрсең – асыр», – деген ұлттық тәрбиеміз жатқан жоқ па? Өткенге көз жүгіртсек сахаба, табиғиндер басқа жұрттың емес, алған адамның өзі садақаны кім бергенін білмей қалуын қалаған. Садақа еткен нәрсені босағасының алдына қалдырып, есіктерін қағып қана кете барған.  Қасиетті Құранда да: «Егер садақаны (зекет, сол сияқты қайырлы істер) жария берсеңдер, қандай жақсы. Егер оны пақырларға жасырып берсеңіздер, бұл сендер үшін одан да қайырлы. Бұл себептен, Алла күнәларыңды жасырады. Сондай-ақ, Алла істегендеріңді толық білуші», – делінген («Бақара» сүресі, 271 аят). Басқаларға жұғысты, ұғысты болсын, біреулерге ой салсын деген мақсатта жария болғаны жақсы, бірақ сол жақсылығыңды қайталап айтып, мақтан ретінде көрсету рияға айналады, сауабы шайылып, адам күнәға батуы да мүмкін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жайында: «Менің сендер жайында ең қорқатын нәрсем – кіші ширк (серік қосу)», – деген. Сахабалар: «Кіші ширк деген не?», – дегенде, ол (с.ғ.с.): «Жұртқа көрсету үшін амал жасау», – деп жауап берген. Мұндағы айтпағымыз, жақсылықты жариялаймын деп жалған жарнамаға айналдырып, істеген амал, салмақты сауаптан айырылып қалмасақ екен деген ой ғана.

Жұмахмет
ЖАЙЛАУБАЕВ, 
журналист.

Қатысты жаңалықтар

Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

29.01.2026
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

29.01.2026
Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

29.01.2026
Баукеңнің еркелігі

Баукеңнің еркелігі

29.01.2026
Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.