Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

ЖҰМАҚ МЕКЕН

16.09.2018
ЕКІ ТІЗГІН
ЖҰМАҚ МЕКЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Дәні алтын, құмы шекер, қаймағы бал,
Қазақтың ырысты бір аймағы бар.
Күн тура көлден шыға келетіндей,
Мұнда кеп шомылуға ай да құмар,
– деп солақайлап қаламын бір жылжытса ғаламат тақырып, жүз жылжытса суретке бергісіз жанды сөз тауып айтатын ақын Ғұсман Жандыбаев жырлағандай, тұмса табиғатын көзбен көрмесең, құмарың қанбайтын киелі мекеннің түстігі мен терістігінің арасы 120 шақырым шамалас. 

Аудан өзінің көлдерімен әйгілі. Сасықкөл, Қоржынкөл, Қошқаркөл, Жалаңашкөл көлдерінің тоғысқан торабы Алакөлмен астасады. Тауларында арқар, тауешкі, марал, аю, барыс мекендесе, құмды жерлерінде ақбөкендер жортып жүреді. Бал татыған балықтарының өзі аса жоғары сұранысқа ие.
Ауданның негізгі байлығы – балық. Оны аулау үшін арнайы комбинаттар құрылып, бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Бұдан бөлек, өсімдіктер дүниесінің алуан түрі бар. Жанға шипа дәрілік шөптердің бірсыпырасын да осы жақтан табасыз.
Ақ шағалам!
Өзің барда болып па ем басқаға алаң?
Өзің барда, апыр-ау,  көзге іліп пе ем,
Аяғымның астында жатса ғалам, – деп жырлаған Сәкеннің сөзден сарай тұрғызған жыры талайды таңдай қақтырған. Расында, айдынды Алакөлді ақ шағаласыз елестету ешбір қисынға келмейді.
Елбасы Үшарал шаһарына келген кезінде туризмді дамыту керектігін ерекше атап өтті. Алтай мен Алатаудың асқарынан, Бурабай мен Алакөл жағасынан шетелдік туристерді көріп қалатынымыз жасырын емес. Өйткені қызығушылық бар. Тек соны дамытудың амалын табуға тиістіміз. Оларға Альпі тауы, Жерорта теңізі сияқты жерлер жерұйық болудан қалып барады. Дәл осындай сәтте сұңғылалық танытып, туризмді дамытудағы мемлекеттік саясаттың мүддесін баршамыз түйсіне алсақ нұр үстіне нұр болары хақ.
Бұл – қаржыны қыр асырмай, туған өлкеңе құй деген тұспал ғой, бағамдай білсек. Өрістемеген өнердің өкініші көп деседі. Алдында тұрған асын, сауған сүтін сатуды ар көретін кеңпейіл ұлт болғанымыздан шығар, біз қонақүй, қоғамдық тамақтану, дәмхана сияқты қызмет көрсету түрімен тәуелсіздік алған соң ғана айналыса бастадық. Ендігі көзделген меже – отандық кәсіпкерлер, шағын және орта бизнестің өкілдері бұл саланың тасын өрге дөңгелетеді деген пайымдамыз. Жадымызда болса, жалпы демалушыларға  арналған қызмет түрі 2000 жылдан бері түзеле бастады. Яғни, көп бола қойған жоқ. 
«Қазірдің өзінде демалушылар саны 700 мыңнан асып жығылады. Бүгінде алакөлдіктер мыңғыртып мал, жайқалтып егін өсіріп, бау мен бақты желектендіріп, балық өнімдерін Еуропа асырып, табыс табуда. Айдын көл арқасында туризм де мемлекеттік кіріс тіректерінің біріне айналды. Алакөл көлінің маңайындағы елді мекендерде заман талабына сай демалыс орындары салынып, өз елімізді қоса алғанда, алыс-жақын шет мемлекеттерден келетін демалушылар саны да алға жылжыған жылдармен бірге артып келеді. Биыл туристердің көлге шаршамай-шалдықпай жетуін қамтамасыз ету үшін жайлы автобустармен бірге, жолаушылар пойызы қатынасы жолға қойылды. Былтыр заманауи әуежай салынып, ұшақ қатынайтын болды», –  дейді аудан басшысы  Ә. Жа- қанбаев.
Алатау мен Тарбағатайды, Жетісу мен Арқаны тел емген төлдей Алакөл жазық даланы жастанып, бейнебір Балқаштан бөлініп шығып, Жоңғар Алатауының қойнына қотарыла көшкендей бұл мекен қашанда қараша үйдің түндігіндей жылы көрінері рас. Мидай ашыған мимырт тірліктен бірқауым тояттағыңыз немесе рахаттың не екенін сезінгіңіз келсе, киелі құт мекенге ат басын бұрыңыз. Өйткені, ол Жаратқанның берген жердегі жұмағы.
 
Темірлан АЙТБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.