Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Жұмыр жердің жылуы

13.04.2018
ЕКІ ТІЗГІН
Жұмыр жердің жылуы
WhatsAppTelegramFacebook

Жер-ананың алпыс екі тамырын идірген әз Наурыз мерекесінің негізгі амалдарының бірі – айналаны тазартып, ағаш отырғызу. Жұмыр жерді жылылыққа бөлеп, мейірім шуағына шомылдыратын мерейлі мерекеде арқа қағысып, төс түйістірген ағайын арқа-жарқа болып, атадан балаға мирас болған үрдістің жібін үзбей жалғасуына жұмыла кірісуі көңілге қуаныш ұялатты.

Соның бірі – 100 жылдық тарихы бар Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Өз ағашыңды отырғыз» атты республикалық акция аясында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ұйымдастыруымен көктемгі ағаш отырғызу шарасы. Үкілі кәмшат, оюлы камзол киіп, қырдың қызғалдағындай құлпырған қыздар мен жігіттердің мерекелік шараның шырайын кіргізе қызмет етулері игілікті істің мәнін арттыра түскені анық. Осы күні ғасырмен құрдас оқу ордасының ауласына 100 түп жас көшет отырғызылды. Мерекелік шараға «Ауыл» ХДПП өкілі Бөрібай Жексембин қатысып, акцияға атсалысқан азаматтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. 
– Ауыл-аймақтың көктеп-көгеруі, тұрмыс-жағдайының жақсаруы экологиялық, сонымен бірге, әлеуметтік ахуалдың жақсаруының кепілі болмақ. Ата-бабамыз ұрпақ өсіріп, ағаш отырғызуға ерекше мән берген. Сол себепті, ел ертеңі болар жас ұрпақ бүгінгі іс-шарадан тәлімді тәрбие алады. Осы колледжде білім алушы жастардан зор үміт күтеміз. Олардың әрбірі ауылды гүлдендіріп, аграрлық саланың дамуына өзіндік үлесін қосады. Жер-ана бусанып, жаңарған Жаңа жылда жаңа жетістіктерге жетейік. Ұлыс оң, ақ мол болсын! – деген ақжарма тілегін жеткізді ол.
Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Тойбаев та жиылған қауымды күн мен түн теңелген Жаңа жылмен құттықтады. 
«Бабалар ісіне адалдық таныта отырып, қоршаған ортаға құрметпен қарау, жас шыбықты күтіп-баптап, мәуелі бәйтерекке айналуына ықпал ету – жастардың басты міндеті», – дейді шараға белсене атсалысқан колледждің агротехникалық кафедрасының меңгерушісі, жас ұстаз Бағдат Мұстафин.
Ағаш отырғызудан бөлек құрметті меймандар оқу ордасының жабдықталуымен танысты. Сонымен бірге, «Ауыл» ХДПП «Жас Дәуір» жастар құрамына колледждің белсенді жастары салтанатты түрде қабылданды. Жас көшеттер отырғызылғаннан кейін ауылдың мақсат-мүддесін көздейтін партия өкілдерімен қатар колледждің ұстаздар қауымы Ұлыстың ұлы күніне орайластырылған концерттік бағдарламаны тамашалады. Дәстүрге сай ақ дастарқан жайылып,  қонақтар тілі дәм үйірер наурызкөжеден дәм татты. 

Ұлбосын ИСАБЕК
Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.