Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Жобалы жұмыстар жан қуантады

07.08.2018
ЕКІ ТІЗГІН
Жобалы жұмыстар жан қуантады
WhatsAppTelegramFacebook

Кеген ауданы туризмді дамытуға әбден қолайлы өлке. Ауасы тұнық, суы мөлдір, табиғаты таңғажайып өңірдің асты да, үсті де тұнған байлық. Жан-жануарлар мен өсімдіктерге тұнып тұрған бұл өлкеде көрікті Көлсай көлі, Шарын өзені, тарихи құндылығына толы Қарқара жайлауы бар. Емдік қасиеті мол Шөладыр секілді жерлері де жетіп-артылады. Соңғы екі жылдан бері Көлсай көліне баратын жол жасалуда.  Бюджеттен қомақты қаражат бөлінген республикалық маңызы бар жол биыл толықтай бітуі тиіс.

Кеген ауданының орталығында 2 қонақүй, Көлсай көлінің аймағында  18 қонақүй жұмыс істейді.  Әсіресе, Көлсайға келуші қонақтарға «Көлсай көлдері» ҰТП арқылы бірнеше маршрут бойынша қызмет көрсетілуде. Көгілдір көктем, жаз маусымы басталғалы ауданға 15 мың турист келді. Сол арқылы аудан бюджетіне 15 миллион теңге қаражат түсті. 
Аудандағы Қарқара ауылдық округіне қарасты таулы өңірлер де демалуға қолайлы жер. Осындағы Мыңжылқы жайлауына «Джади Вилли» туристік демалыс орны салынған. Онда қонақтарды күтетін заманауи бөлмелер, асхана, ойын залдары, шағын футбол алаңы, талапқа сай монша жұмыс істейді. Айналасын әдемі таулар, әсем қарағайлар, мөлдір сулар көмкерген бұл демалыс орнына келушілер қатары артып келеді.
Аудандағы Жіңішке өзенінің бойынан “Елдос” атты жеке кәсіпкерлік құрылымның иесі 40 адам қабылдайтын демалыс орнын ашты. Онда балық аулауға, атпен серуендеуге болады. Қалаған жандар уақытылы саумал ішіп, денсаулықтарын күтеді. Мұнда  бассейн бар, басқа да  қызмет түрлері көрсетіледі. Жылына 5-6 мың адам мәнді де мағыналы демалып қайтатын демалыс орнында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоғары жағында «Мойнақ» су электр стансысы салынған Шарын өзенінің бойынан «Park Canyon» ЖШС-і жобалық құны 500 миллион теңге болатын ойын-сауық паркін салуды жоспарлап отыр. Көрікті Көлсайға баратын жолдағы Саты ауылынан туристік мұражай ашу да ойластырылуда.
Өңірде туризмді дамытуға арналған мұндай игілікті жоба-жоспарлар аз емес. «Жамбаев Жүсіп» атты жеке кәсіпкерлігі  Күрметі ауылының маңына биылғы жылы Ресейдің Алтай өлкесінен 100 бас марал алып келуді жоспарлауда. Олар 2021 жылға дейін  маралдың басын 500 басқа жеткізуді  межелеп отыр. Жалпы, бұл құрылым ауданға 300 миллион теңге инвестиция тартады. Бұл   кәсіпкердің негізгі мақсаты – демалыс орнын аша отырып туристерге заманауи қызмет көрсету. Олар Күрметі ауылынан қонақүй салады, тау өзенінен рафтинг ұйымдастырады, зоопарк ашады. Пантамен емдейді, бал арасы мен форель өсіру  шаруашылығын дамытады. Осы арқылы 25 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. 
Аудандағы Жалаңаш ауылынан Көлсай көліне дейін көптеген азық-түлік дүкендері, қымызханалар, қоғамдық тамақтандыру орындары, жанар-жағармай бекеттері жұмыс істейді. Туризм саласы күрежол бойындағы Жалаңаш, Ақай, Қарабұлақ, Саты ауылдары тұрғындарына оңды әсерін тигізуде. Ауылдың сүт тағамдары, қымызы үлкен сұранысқа ие.  
Кеген ауданында Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында көптеген жұмыстар жалғасын табуда. Мектеп оқушылары, сырттан келген қонақтар Ереуіл ауылы маңындағы ұлт-азаттық көтерілісіне арналып орнатылған ескерткішке, Қарабұлақ ауылындағы Таңбалы тас тарихи орнына туристік саяхаттар жасауда. Биылғы жылы Саты ауылында облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Туризм ауылдық өңірлерді дамытудың жолы» атты тақырыпта қолөнерімен, кәсіпкерлікпен  айналысуға ниет білдеріп жүрген жергілікті тұрғындарға оқу өткізіліп, қолдарына сертификат тапсырылды. 
Адамға қуаныш сыйлайтын, жанын жадыратып, көңілін албырата түсетін табиғат тамашасына толы таулы өлкеде туризмді дамыту – іргелі мақсаттардың бірі болып қала береді. Бұл бағытта аудан әкімдігі, кәсіпкерлік бөлімі арқылы қолға алынып жатқан іс-шаралар аз емес.

Қанат БІРЖАНСАЛ
Кеген ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақ әдебиетінің алыбы Мұхтар Мағауиннің туғанына 86 жыл толды

Қазақ әдебиетінің алыбы Мұхтар Мағауиннің туғанына 86 жыл толды

02.02.2026
Қазақстан мен Кипр арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Қазақстан мен Кипр арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

02.02.2026
Бараат түні қандай құлшылық түрлерін орындаса болады?

Бараат түні қандай құлшылық түрлерін орындаса болады?

02.02.2026
Қар басу қаупі жоғары 157 шақырым. Жетісудағы жолдар бақылауда

Қар басу қаупі жоғары 157 шақырым. Жетісудағы жолдар бақылауда

02.02.2026
Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді.

Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді.

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.