Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Жұрт көңілінен шыққан басшы

16.02.2018
ЕКІ ТІЗГІН
Жұрт көңілінен шыққан басшы
WhatsAppTelegramFacebook

Бұрындары қолыма қалам алып, біреулерді мақтап көрмеп едім. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» дегендей, ауданымызға әкім болып келгеннен бері ел мен жер үшін қыруар жұмыс істеген Әлібек Жақанбаевтың жұрт көңілінен шыққан байыпты басшылығын көзбен көріп, көңілге түйгеннен кейін жерлестерімнің атынан алғыс айтқанды жөн көрдім.

Алакөлде Бұлақты атты ауыл бар. Бұл өзі теміржол бекеті және тағы басқа бірнеше елді мекеннің басын біріктіретін ірі ауыл. Өткен жылы желтоқсандағы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осында тірлік ететін жұртшылық үлкен қуанышқа бөленді. Қараусыз қалғанына ширек ғасыр болып, әбден қирап-бүлінген, жұртшылық қайта қалпына келеді дегеннен мүлде күдер үзген зәулім Мәдениет үйі қайта жаңғыртылып, жұртшылық үшін есігін айқара ашты. Күннің суығына қарамастан тайлы-тұяғына дейін жиналған ауыл тұрғындары 300 орынды залға сыймай, аяқтарынан тік тұрып, жергілікті өнерпаздардың концертін тамашалап, аудан басшылығына алғыстарын жаудырды. Ақжаулықты әжелер шашу шашып, ақсақалдар ақ батасын берді. Халық руханиятқа әбден шөлдеп қалыпты. 
Жаңа жылды сыңғырлап  тұрған салтанатты Мәдениет сарайында қарсы алған елдің ертеңгі күнге деген сенімі арта түсті. Өйткені Әлібек Әскербекұлы ауданға басшы болып келгелі қыруар істің атқарылып, көптеген күрделі мәселелердің күрмеуі тарқатылғанын көріп, біліп жүр. Барлығы жұрттың көз алдында жүзеге асырылып жатыр. Алғаш ауданға басшылыққа келе салысымен ауылдардың жағдайымен танысқанда Бұлақтыны да бір күн бойы жалықпай аралап, жағдайын өз көзімен көріп, қинала басын шайқаған әкім сол жолы ауылдың, ауданның атқамінерлерінің басын қосқан жиында: «Ештеңе айтпай-ақ қойыңыздар! Бәрін өз көзіммен көрдім. Бұған ешкімді кінәлауға болмайтын шығар. Уақыт солай болды. Қазіргі кезде еліміздің жағдайы жақсы. Ауылды көркейтеміз, қордаланған мәселелерді шешеміз» дегенде, бұған дейінгі басшылардан мұндай уәденің санын естіген біздердің көңілімізде үміттен гөрі күдік басым еді… 
Содан бергі жылдарда ауданда қыруар шаруа атқарылды. Соның ішінде тоғыз мыңға жуық адам тұратын Бұлақтының басындағы проблемалар да біртіндеп шешімін тапты. Есік-терезелері үңірейіп, үрей шақырып тұратын төрт бірдей көпқабатты үй жөнделіп, пайдалануға берілді. Оларды қалпына келтіру барысында жүздеген тонна қоқыс шығарылды. Жылдар бойы баспана ала алмай жүрген 200 отбасы пәтерлі болды. Жыл сайын қайталанатын жылудың жыры басылды. Үлкен қазандық салынды. Ауылдағы үш мектеп күрделі жөнеуден өткізіліп, инфрақұрылымдық желілері мен жүйелері жаңартылды. Екі бірдей балабақша іске қосылды. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуі үшін спорт алаңы жабдықталып, жұрт игілігіне берілді. Амбулатория да заман талабына сай ғимаратқа орналастырылып, жабдықталды, пошта жұмысы жолға қойылды. Ірі деген көшелер асфальтталып, жарықтандырылды. 
Биылғы қыс бүкіл Қазақстанда өте суық болды ғой. Облыстағы табиғаты қатал аудан екендігімізге қарамастан қысты да қиналмай өткізудеміз. Облыстың Алакөлмен салыстырғанда жылы болып саналатын аудан, қалаларында жылумен қамтуға қатысты күрделі жағдайлар тіркелгенде, Бұлақтының жұрты отын-судан таршылық көрген жоқ. Ауылдағы мектеп, аурухана, Мәдениет үйі сынды әлеуметтік-мәдени мекемелерде де жылуға қатысты түсінбестік туындамады. 
«Әлібек ауданның жағдайын өте жақсы білетін азамат. Барлық қызмет баспалдақтарынан осында өтті. Сол кездері көңіліне түйгендерді біртіндеп іске асырып жатыр. Бір ғана Бұлақты емес, ауданның экономикасы барлық жағынан даму үстінде. Басқаны айтпағанда, аудан орталығы Үшаралды осыдан алты-жеті жыл бұрынғымен салыстыра алмайсың. Көріктеніп, көркейіп, өзінің қала деген атауына лайық дәрежеге жетті. Анада Бұлақтыға барғанда жергілікті ақсақалдар: «Әлібек біздің ауылға жылу сыйлаған әкім» деп мақтап отырды. Одан артық бағалау бола ма? Шындығы солай!» – дейді кезінде ауданда басшылық қызметтер атқарған Алакөл ауданының Құрметті азаматы Келісхан Бүтіншінов.  
Егін шаруашылығында да оң өзгерістер бар. Жылдар бойы жөндеу көрмеген суландыру каналдары қайта ретке келтірілді. Соған сай егістік алқабының аумағы артып, халық мүлде қол үзіп кете жаздаған қант қызылшасын өсіруге де ден қоя бастады. Мал шаруашылығы да дамуда. Алакөл өңірінің керемет табиғатының адамзатқа тартуының бірі – орман мен көлдерді тиімділікпен пайдалану, туризмді өркендету де алға жылжыған жылдармен бірге оң шешімін тауып келеді. 
Қазіргі кезде Үйгентас өңірінің табиғи балына деген сұраныс үлкен. Осы орайда ауданда осы балды сырты ұлттық нақышта зерленген үлкенді-кішілі арнайы ағаш ыдыстарға салып, сатудың жолға қойылғанын, көлдерден ауланып, терең өңдеуден өткен балық өнімдерінің Еуропа елдеріне жөнелтілетінін де айта кеткен жөн. 
Жұртшылықтың «Әкім бол, халқыңа жақын бол!» деп бекер айтпағаны анық. Жұрттың жүрегіне жол таба білген Әлібек Әскербекұлының ауылдардағы және аудандағы халық алдындағы есептерінде тек жақсы тілектер мен шынайы алғыстардың айтылғаны оның жұртшылыққа барынша жақындығын білдірсе керек. 

Тасболат Дәулетханов, 
Бескөл ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.