Талдықорған: +22°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

     «Айналым қаражаты 2 жарым млрд теңгеден асады»: Кәсіпкерлікке жол ашқан жоба

11.04.2024
ЭКОНОМИКА
     "Айналым қаражаты 2 жарым млрд теңгеден асады": Кәсіпкерлікке жол ашқан жоба
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылының тұрғыны Өміртай Партияханұлы он саусағынан өнер тамған азаматтардың бірі. Бүгінде ол сол шеберлігінің арқасында үй жиһаздарының сан алуан түрін жасап, толағай табысқа кенеліп келеді. Кәсіпкер  қарапайым еңбекқорлығының арқасында жақында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арайы Алғыс хаты және Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісімен марапатталған.

Жастайынан тың жаңалық ашуға жаны құмар Өміртай Партияханның тума дарынына сай басты мамандығы сазгер. Ұлт аспаптарының тілін де еркін меңгерген. Бос уақытында ән салып, күй тартуға әуес.

Алайда  өмір ағысы адам баласының ойлағанындай жарқын бола беруі беймәлім. Оның жас та болса өмір жолы бұралаң. Бар арқасүйер әкесі – Партияхан өмірден ерте , отбасының бар ауыртпашылығы жанашыр жалғыз анасына түседі. Сонымен Өміртайға орта мектепті бітіре салысымен жанұясының қиыншылығын анасымен бірге арқалауға тура келген. 

Сол себепті, талапты жас Талдықорған қаласындағы арнайы кәсіптік оқу орыннан жиһаз жасау мамандығы бойынша біліктілігін шыңдап, ешкімге жалтақтамай қолында бар азын-аулақ қаражатымен кәсіп бастауға құлшынады.  Артынша өздері жалға алып тұрған үйдің ауласынан шағын шеберхана ашып, тапсырыс қабылдап, ағаш  жиһаздардың түр-түрін құрастыруды қолға алады.

«Көш жүре келе түзеледі» деген. Көп өтпей уақыттық қиындықтарды еңсерген жас шебер қолындағы кәсібінің де қыр-сырын еркін меңгеріп әкетеді. Кейін Талдықорған қалалық жұмыспен қамту және мәнсап орталықтарының қолдауында «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, 1 миллион 200 мың теңгеден астам грант ұтып алып, шеберханасына заман талабына сай жаңа құрал-жабдықтар толықтырып, кәсібін жандандыра түсуге мүмкіндік алады.

 – «Құдайға шүкір! Бүгінде кәсіпорынмыздың айналым қаражаты 2 жарым млрд теңгеден асады. Мұнда үй және мекемелерге керекті жиһаздардың түр-түрі құрастырылады. Талапқа сай қажетті  материалдар ірі кәсіпкерлер арқылы Түркия, Ресей сынды мемлекеттерден  сатып алынуда. Шығарылған затқа 10 жылға дейін сапа кепілдігін береміз. Сондықтан да біздің жиһаздарға сұраныс жоғары. Қазір Жетісу облысының әрбір ауыл, аудандары мен Текелі, Талдықорған қаласындағы жеке тұрғындардан және мектеп, балабақша, тағы басқа да мемлекеттік мекемелерден стол, орындық, киім ілетін жиһаздарға дейін тапсырыс жиі түсіп тұрады.  Біздің басты ұстанымыз көптің көңілінен шығатын сапалы заттар шығару, — дейді кәсіпкер.

Қазір цехта 5-6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы кейіпкеріміз осы кәсіпті алғаш қолға алған кезінде «Бастау Бизнес» жобасының көп көмегі тигенін айта келіп:

– Жоба жолымды ашты. Сол үшін бағдарлама аясында маған ақыл-кеңес беріп, жол нұсқаған азаматтарға айтар алғысым шексіз, – деп ризашылығын білдіреді.  

Талдықорған қаласындағы мансап орталығы филиалының директоры Азамат Балтабековтің айтуынша, соңғы бірнеше жылдан бері аймақта біраз адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша грант ұтып алып, кәсіптерін дөңгелетуде. Солардың бірі де осы біз тілге тиек етіп отырған Өміртай Партияхан.

Өміртайдың ұстанымы сол – кәсіпкерлікті қолға алған әр азаматтың табысқа жетуі үшін табандылық қажет екенін айтады. Осылайша алдына үлкен мақсат қойған Өміртай өз шеберлігі мен табандылығының арқасында табысын еселеуде.

Осыған сәйкес, қазіргі кезде үкіметтің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Ауыл аманаты», осы «Бастау Бизнес» сынды жобалары бар. Мүндай  бағдарламалар жаңадан қатарға қосылған кәсіпкерлерге үлкен көмек болып тұр.

Осы барыста «Бастау Бизнес» жобасы аясындағы грантқа қалай қол жеткізуге болады деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Мамандардың  мәліметінше, аталған жоба шеңберінде грантқа ие болу үшін мынадай 5 шарт толық орындалуы тиіс.

  1.  Жұмыссыз ретінде тіркелген немесе ісін жаңадан бастаған
    жеке кәсіпкер болу (тіркеу мерзімі бір жылға дейін) керек немесе бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеуші немесе жеке үй шаруашылықтарында жұмыс істейтін тұлға болуы қажет.
  2. Келесі әлеуметтік санаттардың біріне қатысты болуы қажет: 1) жастар (29 жасқа дейін); 2) атаулы әлеуметтік көмек алушылар; 3) көп балалы отбасы – көп балалы отбасыларға жәрдемақы алушылар мүшесі; 3) мүгедектер; 4) мүгедек баланы тәрбиелеуге жәрдемақы алатын тұлғалар; 5) оңтүстік облыстардан солтүстікке көшіп келгендер;
    6) қандастар.
  3. Тұрғылықты жері бойынша кемінде 1 жыл тұрақты немесе уақытша тіркеуде болуы (мигранттар мен қандастарға қатысты емес) қажет.
  4. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды сәтті аяқтағаны туралы 3 жылдан аспаған сертификаттың болуы қажет
  5. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту барысында әзірленген бизнес-жоспары болу керек. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды аяқтағаны туралы жарамды сертификат және оқу барысында дайындалған бизнес-жоспар міндетті түрде болуы керек .

 

 

                                                                        Айдын КӘЛІМХАН.

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.