Талдықорған: -5°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Әлеуметтік қолдау: уақытша демеу ме, тұрақты мүмкіндік пе?

17.12.2025
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК, ЭКОНОМИКА
Әлеуметтік қолдау: уақытша демеу ме, тұрақты мүмкіндік пе?

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауларында әлеуметтік саясаттың басты ұстанымын нақты айқындап берді: мемлекет азаматқа тек көмек көрсетумен шектелмей, оның өз еңбегімен өмір сүруіне жағдай жасауы тиіс. Бұл – өңірлер үшін айқын талап әрі әлеуметтік саясаттың нақты өлшемі. Өйткені халықтың тұрмыс сапасы, еңбекке тартылуы мен ертеңге деген сенімі – кез келген бағдарламаның басты нәтижесі.

Осы бағытта  облыста  атқарылып жатқан жұмыстар қандай? Әлеуметтік міндеттемелер қалай орындалуда? Жұмыспен қамту, мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлерге арналған қолдау шаралары қай деңгейде? Осы сауалдарға жауап іздеп, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевпен сұхбаттасқан едік.

– Ермек Арынханұлы, бүгінгі әлеуметтік саясаттың басты өзегі неде?

Бүгінгі әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – адамды мемлекетке тәуелді етпеу. Президент те бұл мәселені Жолдауларында нақты атап өтті. Әлеуметтік көмек  –  адамның өз өмірін өзі қалыптастыруына бастайтын құрал. Сондықтан біз жәрдемақыға емес, еңбекке, жұмысқа, кәсіпкерлікке басымдық беріп отырмыз.

Соңғы үш жылда облыста 101 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл – жай ғана статистика емес, мыңдаған отбасының тұрақты табысқа қол жеткізгенін білдіреді. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан 4,7 пайызға төмендеді, ал атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 48 пайызға қысқарды.

– Бұл өзгерістер тұрғындардың өмірінде қалай сезілуде?

Бұрын әлеуметтік көмекке мұқтаж болған көптеген азамат бүгінде жұмыс істеп жүр немесе өз кәсібін ашты. Тек 2025 жылдың өзінде 22,8 мыңнан астам адам белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылып, 8,2 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар 204 азаматқа қайтарымсыз грант беріліп, олар шағын бизнесін бастады. Бұл – әлеуметтік саясаттың нақты  нәтижесі.

– Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарға тең мүмкіндік беру мәселесіне де айрықша тоқталды. Бұл бағытта өңірде қандай жұмыстар атқарылуда?

Бұл – ең жауапты әрі әлеуметтік маңызы жоғары бағыттардың бірі. Қазіргі таңда облыста 25 мыңға жуық мүгедектігі бар азамат тіркелген. Олардың өмір сүру сапасы, қауіпсіздігі мен қолжетімді ортада өмір сүруі – басты назарда. Бүгінде 17,7 мыңнан астам азамат техникалық оңалту құралдарымен қамтылып, қамтамасыз ету деңгейі 94,5 пайызға жетті. Сонымен қатар облыс бойынша 948 нысан мүгедектігі бар адамдарға бейімделді. Бұл – инфрақұрылымның біртіндеп баршаға қолжетімді бола бастағанының айғағы.

– Соңғы жылдары әлеуметтік қызмет көрсету форматы да жаңарып келеді. Жаңа жобалар туралы айтып өтсеңіз.

Біз үшін әлеуметтік қызметтің басты өлшемі – адамға жақын болуы. Соның нақты дәлелі – «Асар» спорттық-оңалту кешені базасында іске қосылған үйде оңалту жобасы. Бұл – республикада алғаш рет жүзеге асқан бастама. Қазіргі таңда 180 адам үй жағдайында тегін оңалту қызметін алуда. Бұдан бөлек, Жаркент қаласындағы иппотерапия орталығы, аутизмі бар балаларға арналған орталық, мүгедек балаларға арналған жазғы сауықтыру лагері – барлығы да нақты сұраныстан туындаған, қоғам үшін маңызы зор жобалар.

– Егде жастағы тұрғындарды қолдау мәселесі өңірде қалай шешуілуде?

Қарттық – қоғамнан шет қалу деген сөз емес. Осы ұстаныммен өңірде Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын дамытып келеміз. Бүгінде мұндай орталықтар Талдықорған қаласында және Алакөл, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарында жұмыс істеп тұр. Күніне 600-ден астам зейнеткер бұл орталықтарға келіп, денсаулығын нығайтып, белсенді өмір салтын ұстануда.

– Алдағы негізгі міндеттер қандай?

Қазіргі таңда Талдықорған қаласында 150 орындық заманауи оңалту орталығының құрылысы жүргізілуде. Бұл – өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеретін маңызды жоба. Жалпы біздің ұстаным өзгермейді: әлеуметтік саясат есеп үшін емес, адам үшін жұмыс істеуі тиіс.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.