Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАРАЖАТЫҢЫЗДЫ БАСҚАРЫП ҮЙРЕНІҢІЗ

19.05.2024
ЭКОНОМИКА
ҚАРАЖАТЫҢЫЗДЫ БАСҚАРЫП ҮЙРЕНІҢІЗ

«Ақша қолдың кірі» десек те, өмір сүрудегі қажеттіліктерді өтеу үшін ең бірінші қаржы қажет-ақ. Әрбір адам жақсы өмір сүруі үшін тынымсыз жұмыс істеп, мол ақша тапқысы келеді. Тапқан қаржыны тиімді пайдаланып, рахатын көріп, қаржысын басқарып жүргендер не дейді? Жалпы, қор жинау қажет пе? Сіз артық ақшаңызды қалай, қайда сақтайсыз? Әлде жоғарыдағы кейіпкерлеріміз секілді қаржыңызды басқара алмайсыз ба? Олай болса,  қаржыңызды басқарудың қыры мен сырын білу үшін біз өрбіткен төмендегі мақалаға көз жүгіртіңіз.  

Қор жинау жайында сөз қозғамас бұрын, әрбір адам қаржыны басқара білу керектігін атап өткеніміз жөн. Тапқан табысты басқара алатындай қаржылық тұрғыда сауатты болсаңыз, аз жалақының да берекесі болады. Дана халқымыз «Тарта жесең, тай қалар, қоя жесең, қой қалар, қоймай жесең не қалар?!» деп үнемшілдікке шақырып тұрғанына бір сәт құлақ түргеніміз жөн. Себебі ысырапшылықтың соңы дәстүрімізде де, дініміз де жақсылыққа апармайды. Сондықтан да үнемшілдікті ең бірінші ақша жинаудан бастағаныңыз абзал.

Айсұлу АСЫЛЖАН:

– Ақша жарата алмаймын. Жалақы алған күннің ертеңінде қарызға ақша сұрап кетемін. Не алған затым, не сақтаған қорым жоқ. Дүкенге кірген сәтте-ақ әмиянымның түбі көрінеді.

Бақжан БОЛАТҰЛЫ:

– Ақша жинау үшін арнайы депозит аштым. Ай сайын жалақымның біраз мөлшерін салып қоямын. Бірақ айдың соңына жетпей, қалтадағы ақша таусылғанда депозиттегі жинаққа қол салуға тура келеді. Солай қордағы қаржының көбейгенін көрмедім.

Айман СӘКЕНҚЫЗЫ:

– Мүлде қор жинамаймын. Себебі несиеден артылмайды. Оның арасында ішіп-жем, киім-кешек алу, қыдыру деген бар. Бірақ аяқасты қатты қиналып қалсам ақша таппай қалатыным рас. Таныстардан қарыз сұрауға тырысамын. Бірақ ол да болмай жатса, амалсыз несие алуға тура келеді. Солайша ол несиенің пайыздық мөлшерлемесін төлеу керек болады. Міне, осындай қаржылық қиындықтар есебінен ақша жинау мүмкін емес.

Жалпы, ақша жинауды бастау алдында әр адам не үшін ақша қорының қажет екенін білгені жөн. Себебі ертеңгі күннен, қандай жағдай орын алатынынан бәріміз бейхабармыз. Сондықтан да қаржылық тұрғыда сауатты адамның ақша қоры болғаны өзіне жеңіл. Мысалы, аяқасты жұмыстан шығып қалсаңыз, табыс көзіңіз төмендеп кетсе, қордағы ақша өмір сүруге де, қажетті жағдайда да пайдасын тигізеді.

Қаржыгер мамандар ақша жинаудың бірнеше тәсілін айтады. Олардың сөзіне сүйенер болсақ, әр жалақы алған сайын бірден қажетті бөлігін сақтауға қойған жөн. Әлемдік деңгейдегі сарапшылардың бұл тәсілді «алдымен өзіңе төле» деуінің өзі тегіннен-тегін емес. Сондықтан да жалақының бір бөлшегі, ең бірінші, өзіңіздің қорыңызда сақталғаны жөн. Ал кейбір сарапшылардың пікіріне сүйенсек, олар табыстың 10 пайызын қорға сақтауды айтады. Ал екіншілері 20 пайыз дейді. Бірақ мақсат пайызда тұрған жоқ. Ең бастысы, табыс көзінің аз мөлшері болса да қорға сақталуы тиіс. Бірақ мұндағы бір мәселе – әрбір адамның алатын айлық көлемі. Егер айлығыңыз аз болып, оның 20 пайызын сақтап қойсаңыз, қалған 80 пайызы сіздің өмір сүру деңгейіңізге жетпей қалуы да мүмкін. Сондықтан қаржының пайызы емес, мөлшері қорға түссе болғаны. Бірақ қолда бар ақшаны бірден жаратып тастауға асықпаңыз. Өзіңізге не қажет екенін біліп, арнайы тізім жасап, сол бойынша қаржыны жаратқан дұрыс. Осындайда көпшіліктің «ақшада көз жоқ» деп күйінетін сөзімен келісуге болады. Себебі қымбатшылық пен несие қалтаға салмақ түсірмей қоймасы анық. Дегенмен де үнемдеуді білгеніміз жөн. Үнемшілдік болмаса миллиондап қаржы тапсаңыз да жетпей қалуы бек мүмкін. Ал үнемдеуді білетін, қаржылық сауатты адам аз ақшасының өзінен мол қор жинай алады.

Сәуле РЫСДАУЛЕТОВА, экономист-қаржыгер:

Біздің қоғамға қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуі тиіс. Ақша жинаудың қарапайым ғана мысалы отбасында не мектепте айтылмайды, үйретпейді. Ақша жинауды емес, оны табуды бірінші меңгергеніміз жөн. Күніне 100 теңгеден қор жинауды әдетке айналдырыңызшы. Қарапайым ғана әдісті сіз әдетке айналдырасыз. Осылайша 30 күнде 3 мың теңге жинасаңыз кейін 1 мың теңгеден жинауға әуестенесіз. Демек, сіз 1 айда 30 мың қорға пайда алып келесіз. Бұл тым аз болып көрінуі мүмкін бірақ сіз 1 жылда біршама қаражат жиған боласыз. Жалпы, ақшаны көк сандыққа, болмаса жасыл әмиянға сақтасаңыз да айтарлықтай айырмашылық болмайды. Ең бастысы, қордағы қаражатты сауатты жұмсап, көбейтуді мақсат еткен жөн.

Ақша үнемі жиналып қана тұрмай, ол бір пайда алып келгені де дұрыс. Егер ақшаңыз көк сандықтың түбінде жата беретін болса, бір жыл ішінде ол сатып алу қабілетінің оннан бір бөлігін жоғалтып алатыныңыз анық. Демек, ақшаңыз қап түбінде жатып та құнын жоғалтады. Сондықтан қаржылық сауаты бар жандар кәсіп бастап, алтын алып, болмаса банк депозитін ашып, салуға ұмтылады.

ТІЛШІ ТҮЙІНІ:

Қазір көпшілігі бір жалақыға қарап күн көруде. Жалақы аз, шығын көп заман болды. Десек те, сол аз жалақының өзін де шашауын шашпай аз-аздан жинап отыруға бейімделуіміз қажет. Қолға қаржы түссе бірден қымбат көлік пен су жаңа телефон алуға асықпағанымыз абзал. Оның орнына білім алып, кітап оқып, білім жолында жұмсасаңыз ертең сол қаражатты бірнеше еселеп қайтарып аласыз. Әлемдік тәжірибе бойынша бай адамдар үнемі білімін жетілдіріп, саяхаттап, көп оқып, активтерге инвестиция салады. Ал кедейлер ақшаның көзіне қарамай бірден қымбат заттарға ұмтылады. Бірақ мұндай ысырапшылдық пен дарақылық қазаққа опа бермейтінін түсінетін уақыт әлдеқашан келгенін мойындауымыз керек.   

Еңлік КЕНЕБАЙ
Фото: egemen.kz 

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.