Талдықорған: +2°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Ауыл аманаты» Ауылды дамытудың нақты жолы

10.02.2026
КҮНДЕРЕК, ӨРЛЕУ, ЭКОНОМИКА
«Ауыл аманаты» Ауылды дамытудың нақты жолы

Jambylinfo.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан үш жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл халқының табысын арттыруға, ауыл кәсіпкерлігін қолдауға, жұмыс орындарын құруға және жеңілдікті шағын несиелер мен кооперацияны ынталандыру арқылы ауылдық жерлерде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» ауқымды бағдарламасы басталды.

Бағдарлама «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізілген және уәкілетті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен өңірлік әкімдіктер арқылы іске асырылуда. Осылайша жүзеге асырыла бастаған «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға және аймақ экономикасының тұрақты дамуына бағытталды.

Ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуды көздейтін әлеуметтік-экономикалық жобаның негізгі тетігі – ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру, кооперация құруға жағдай жасау және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау. Бағдарлама арқылы ауылда шағын және орта бизнес ашуға мүмкіндік беріліп,
жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға қаржы бөлінеді. Сондай-ақ, жұмыссыздық деңгейін төмендету көзделіп, жергілікті өндіріс пен азық-түлік қауіпсіздігін күшейтеді.

Осылайша жоба тек әлеуметтік қолдау құралы ғана емес, ауыл экономикасын әртараптандыруға бағытталған жүйелі бастама ретінде қарастырылады. Бағдарламаның басты артықшылығы – ауылдағы нақты проблемаларға бағытталуы. Көптеген ауылда тұрақты жұмыс орындарының тапшылығы, табыстың төмендігі және жастардың қалаға көшуі өзекті мәселе болып отыр. «Ауыл аманаты» осы түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай бағдарламалар ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастырып, кооперативтік қозғалысты жандандырады. Жергілікті өнім көлемін арттырып, өңірлер арасындағы әлеуметтік теңсіздікті азайтады. Әсіресе, мал шаруашылығы, егіншілік, шағын өңдеу өндірісі сияқты дәстүрлі салаларды дамытуға жаңа серпін беріліп отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, «Ауыл аманаты» кәсіпкерлікті дамыту үшін ең алдымен мал және ауыл шаруашылығы салаларында жеңілдетілген несиелер беру арқылы ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарын қолдауға бағытталды. Несиелер жылдық 2,5%-бен 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 2,5 мыңға дейін АЕК, ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін 8 мыңға дейін АЕК.

2025 жылы жаңа шағын несиелер беруге және 8,1 мың жұмыс орнын құруға 50 млрд. теңге қарастырылды. Рәсiмдердiң ашықтығын, өтiнiмдердi өңдеудi бiрiздендiрудi және деректердiң егжей-тегжейлi мониторингiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк дерекқорлармен ықпалдасуда шағын несие берудiң ақпараттық жүйесiн енгiзу жоспарланды. 2023–2024 жылдары бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 120 млрд. теңге бөлінді.

Бұл қаражат 107,9 млрд. теңге сомасына 16,2 мыңнан аса шағын несие беруге, сондай-ақ, 17,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері өңірлерде 540-тан аса ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды, оның ішінде 537-сі 12,1 млрд. теңге сомасына қаржыландыру алды.

– Бағдарламаның негізгі элементі револьверлік несиелеу тетігі болып табылады, ол облыс әкімдіктеріне қосымша бюджет қаражатын тартпай-ақ ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікті дамыту және табысты ұлғайту үшін шағын несиелерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен револьверлік әдіспен қосымша 7 млрд. теңге сомасына 1 мыңға жуық шағын несие берілді, – деп атап өтті министрлікте.

Ал Жетісу облысында үш жыл ішінде 800-ге жуық тұрғын жеңілдетілген несие алып, өз ісін кеңейтті. Бұл өз кезегінде мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. «Жетісу «ӘКК» «ӨДИ» АҚ хабарлауынша, 2023-2024 жылдары Жетісу облысына 3,2 млрд. теңге бағытталып, 535 ауыл тұрғыны жеңілдетілген несие алған. Қаражат негізінен мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалыпты. Бұл 10 мыңнан аса мал басын сатып алып, 617 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Өткен жылы бағдарлама бюджеті аймақ үшін 2,5 млрд. теңгені құрады. 243 қарыз алушы қаражат алып, нәтижесінде 450 жетісулық азамат жұмыспен қамтамасыз етілді.

Бағдарламаға қатысушылардың бірі – Көксу ауданының тұрғыны Әнуар Мұсабек. 2023 жылы ол «Ауыл аманаты» мүмкіндіктерін пайдаланып, 8 млн. 400 мың теңгеге 200 бас ұсақ мал сатып алды. Фермер мал шаруашылығымен 10 жылдан аса уақыт айналысып келеді. Қойдан басқа оның сиыры мен жылқысы бар. Бүгінгі таңда шаруашылықтағы қой басы 300-ден асты, бірінші жылдық несие толығымен төленді. Мал шаруашылығы иесінің айтуынша, бағдарлама тиімді және ол оған қайта қатысқысы келеді. Келешекте Әнуар Мұсабек жұмыс уақытының едәуір бөлігін алатын жем-шөп беру үдерісін автоматтандыруды жоспарлап отыр.

Қаратал ауданы Кәлпе ауылының тұрғыны Жанар Аупбаева былтырдан бері ірі қара мал бордақылаумен айналысып келеді. 2024 жылы ол «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға құжат тапсырып, өткен жылы 5 млн. теңге алып, бір жарым жастағы 10 бас бұқашықты сатып алды. Тағы 600 мың теңгеге азық сатып алынды. Сондай-ақ, мал бағуға көмектесетін және барлық әлеуметтік аударымдармен тұрақты жалақы алатын бір қызметкер жұмыс істейді.

– Мал бордақылау алты ай бойы жүргізіледі, үш ай өтті. Сосын біз оны союға тапсырып, сосын оның орнын толтырамыз. Бізде тәжірибе бар, себебі ауылда тұрып, үй жануарларын ұстаймыз. «Ауыл аманатының» арқасында біз мал өсірумен айналыса бастадық. Ең бастысы, малымыз ауырмау керек. Қалғанының бәрі жақсы болады деп ойлаймын, – дейді «Аупбаева» жеке кәсіпкерлігінің басшысы.

Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының тұрғыны Бекзат Нұрлығайын бағдарлама аясында өткен жылы 8 млн. 600 мың теңге алып, тігін цехына арналған құрылғылар мен машиналар сатып алды. Мұнда көрпе-жастықтар, басқа да бұйымдар тігіледі. Сонымен бірге, табиғи жүнді қайта өңдеу жоспарында бар. Кәсіпкер жылдық 2,5% жеңілдікпен несие алу мүмкіндігіне риза және «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындары үшін маңызы зор деп санайды.

Бағдарламаның артықшылықтарына, жергілікті тәжірибе көрсетіп отырғандай, ауыл тұрғындарының табысын арттыру, агроөнеркәсіптік секторды дамыту және жұмыс орындарын құру жатады. Басым бағыттар – мал шаруашылығы, жем-шөп өндірісі және астықты қайта өңдеуді дамыту, ауыл тұрғындары да жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады, бұл әсіресе шалғай аудандар үшін тиімді.

Қаржыландырудың кешігуі де кемшіліктердің бірі болып қалуда. Кәсіпкерлер бағдарламаның барлық талабының орындалғанына қарамастан, қаражаттың түсуін кейде бірнеше ай күтуге тура келетінін, бұл бизнес-бастамалардың іске асырылуын тежейтінін айтады.

Былтырдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы жаңартылған қағидаттар бойынша іске асырылады. Қаржыландыру өңірлердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып және артық бюрократиялық рәсімдерсіз бөлінеді. Бұл туралы биылғы 14 қаңтарда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен Өңірлік даму жөніндегі жобалық кеңсенің отырысы барысында айтылды.

2026 жылы республикалық бюджетте жобаны жалғастыруға 100 млрд. теңге қарастырылған, оның 60 млрд. теңгесін 600-ге жуық кооперативті қолдауға бағыттау жоспарланып отыр. Кеңес қорытындысы бойынша Вице-премьер ұлттық экономика министрлігіне әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін қайта форматтау бойынша ұсыныстар дайындауды, сондай-ақ «Ауыл бизнесіне арналған инфрақұрылым» бағытын өңірлік стандарттар жүйесіне енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп, «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде кепілдікті қолдау көрсету тетіктерін пысықтау және нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу тапсырылды.

Облыс әкімдіктеріне ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдікті несие беру үшін барлық аймақты AmanatNesie ақпараттық жүйесіне толық қосуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Қорыта айтқанда, «Ауыл аманаты» – ауылдық аймақтарды қолдауға бағытталған маңызды стратегиялық жоба. Ол тек әлеуметтік көмек емес, ауыл экономикасын жаңғыртудың нақты құралы ретінде қарастырылуы тиіс. Бағдарламаның тиімділігі оны іске асыру сапасына, жергілікті деңгейдегі басқару мен халықтың белсенділігіне тікелей байланысты. Егер қаржылық қолдау білім, инфрақұрылым және нарықтық тетіктермен қатар жүрсе, «Ауыл аманаты» ауылды сақтап қалудың ғана емес, оны дамытудың да негізгі драйверіне айналары сөзсіз.

Айгүл Байбосынова

Қатысты жаңалықтар

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026
Жаңа Конституция: Баспана құқығы сот шешімінсіз бұзылмайды

Жаңа Конституция: Баспана құқығы сот шешімінсіз бұзылмайды

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.