Талдықорған: -3°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«Ауыл аманаты» ел жағдайын жақсартуға бағытталған

01.02.2025
ЭКОНОМИКА
«Ауыл аманаты» ел жағдайын жақсартуға бағытталған
WhatsAppTelegramFacebook

Өздеріңіз білетіндей, елімізде 2023 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Бұл жо­ба қазір әр аймақта жүзеге асыры­лып, халықтың ауылда еңбек етуіне, жұмыссыздар санының азаюы­на, сонымен бірге тұрғындар табысының артуына оң әсерін тигізуде.

 «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы ауылшаруашылығы саласын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жергілікті жұртшылықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама болды. Бұл жоба, сондай-ақ, тұрғындарды агробизнеске тартып, ауылдық жерлердегі кәсіпкерліктің тасын өрге сүйреуді көздеді. Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 26-қарашасында бекіткен №1 «ҚР Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. 

Осы тұрғыда Президент: «Алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналады. Ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш саламыз. Игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырамыз. Ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданады. Бүкіл елімізде ауылшаруашылығы кооперативтері құрылады. Жеке қосалқы шаруашылықтардың тең жартысы соның құрамына кіреді. Ауылшаруашылығы саласында 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Жалпы, кооперативтерді дамыту үшін бюджеттен 1 триллион теңгеден астам қаражат жұмсалады», – деп атап көрсетті.

Үкіметтің 2025 жылға дейін халық табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында елімізде «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Аталған бастама «AMANAT» партиясының үйлестіруімен жүзеге асты. Сөйтіп, «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, өз жұмысын қолданысқа енгізді. Жобаны жүзеге асыруға қолдау танытқан партия мүшелері оның негізгі мақсаты мен мүмкіндіктері жайында халыққа барынша түсіндіруге тырысты. Мәліметке сәйкес, елде 250 мыңнан аса адам бағдарламаның негізгі шарттарымен танысып, ақпарат алған көрінеді. 

Аталған жоба ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық пен атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайтуды және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды заңдастыруды көздеді. Ал қазір бұл жоба ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құсты көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халық табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бір сөзбен айтқанда, азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге байланысты мәселелерді шешуге септігін тигізуде. 

Жоба аясында, сондай-ақ, ауылда кәсібін дөңгелентуді көздейтін кәсіпкерлердің 2,5 пайызбен шағын несие алуына, кәсібін дөңгелентуіне мүмкіндігі бар. Шағын несие мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін. Жылжымайтын кез келген мүліктің 60 пайызы бағаланады. «Ауыл аманаты» аясында несие алған азаматтарға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша 1,5-2 жыл жеңілдік кезеңі де қарастырылды.

Мұндай несиенің халыққа пайдалы екені сөзсіз. Өйткені, ауыл тұрғындарының бүгінде бірде-бір коммерциялық банктен мұндай шарттармен несие алуына жағдайы жете бермейді. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие өте тиімді. Сондықтан, ауылда қандай да бір өндіріс орнын ашып, оны дамыту үшін аталған жоба – зор мүмкіндік. Осы бағдарлама шеңберінде шағын несиеге қол жеткізгендер ірі қара мал өсіріп, құс шаруашылығын дамытуда, наубайхана немесе кондитерлік өндірісті өркендетіп, туризмді өрістетуде. Бұған қоса, басқа да кәсіп түрлерімен айналысып жатыр.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, 2023 жылғы 1-қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек»,– деп айтты. 

Президент тапсырмасына сәйкес, бағдарламаны одан әрі жүзеге асыруға 100 миллиард теңге қаражат бөлінді. Жоспар бойынша берілген шағын несиелердің арқасында көптеген жұмыс орындары ашылып, мал, өсімдік шаруашылықтары дамыды және техника мен жабдықтар сатып алынды. Сонымен бірге басқа да салалар бойынша шағын несиелерге қол жеткізілді. «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру кезінде аймақтарда ауылшаруашылығы кооперативтері құрылып, оның басым бөлігі қаржыландырылды. Мамандар бүгінде бұл бағдарлама бір орында тұрақтап қалмай, уақыт өткен сайын дамып келетінін және бастапқы кемшіліктер ескеріліп, жоба тиімділігін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Десек те ел арасында бұл жобаны әлі жете түсінбей, салдарынан сәтті бағдарлама туралы жағымсыз пікірлер қалыптасып жүргені де рас. 

Ал биыл бұл бағдарламаны 50 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру көзделді. Жалпы, несиелеудің ашықтығы мен тиімділігін арттырудың негізгі қадамдарының бірі бағдарламаны цифрландыру. Талдау орталығымен бірлесіп шағын несиелерге өтінімдерді электрондық форматта беруге және өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе әзірленіп, енгізілді. Үдерістерді автоматтандыру несие беруді жылдамдатып, шешім қабылдауда адам факторының әсерін азайтады және деректердің егжей-тегжейлі мониторингін қамтамасыз етеді. Жүйе барлық аймақта енгізілген, ал қарыз алушылардан өтінімдерді қабылдау жүйелі жүргізілуде.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Жетісу облысында қандай жұмыстар атқарылды? Осы тұрғыда облыстық ауылшаруашылығы мамандары берген мәліметке назар аударып көрейік. Белгілі болғандай, 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 535 ауыл тұрғынына 3,2 млрд. теңге көлемінде несие берілген. Бұл қаражаттың басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға, қалғаны бизнестің өзге түрлері мен екі кооператив ашуға жұмсалыпты. Ауыл тұрғындары сөйтіп ірі қара, қой, жылқы, барлығы 10 495 бас мал сатып алған. Нәтижесінде 617 жаңа жұмыс орындары құрылып, талай адамның еңбекпен қамтамасыз етілуіне жол ашылған. 2023 жылы осы бағдарлама бойынша кәсіп ашып, бүгінде жүргізіп отырған кәсіпкерлер Жетісу жерінің әр өңірінде бар.    

Мәселен, Көксу ауданы Мұқыры ауылындағы «Ахметова» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Ақбота Батырбекқызы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ұсақ және ірі қара мал бордақылау ісін бастап, ол үшін 7 млн. 350 мың теңге несиеге қол жеткізген. Осы уақытқа дейін 200-ге жуық ұсақ мал, 10-ға жуық ірі қара бордақыланған. Сонымен бірге ол пилоттық жоба ретінде құс бағу кәсібін бастаған. Фермада қазір 600-ге жуық құс бар, оның 100-ге жуығы бройлер тауығы, бұған қоса, 400-ден аса үйрек және 100 қаз бағылуда. Шаруа қожалығы бүгінде құс етін саудаға шығарды.

Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылындағы «Шоканова» жеке кәсіп иесі Назгүл Маратқызы аталған бағдарламамен наубайхана ашуды көздеп, несие алды. Жалпы сомасы 8 млн. 600 мың теңгені құрайды. Нәтижесінде айына 3,5 тонна нан түрлері шығарылуда. Кәсіпкер дайын өніммен Кербұлақ өңірінің бірқатар ауылын қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта оны қалаға, басқа да аудандарға тасымалдауды жоспарлап отыр.

Панфилов ауданы Басқұншы ауылында «Баширбаев» жеке кәсіп басшысы Рахат Сұлтанғазыұлы осы бағдарлама шеңберінде сабын шығарумен айналысу үшін 5 млн. 160 мың теңге несие алды. Нәтижесінде айына 2500 дана кір сабын өндіріліп, ауданға қарасты ауылдарда саудаланады. Ал Сарыбел ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Минура Қасымжанқызы тігін цехын бастауға несие алды. Жалпы несие қаражаты 6 млн. 500 мың теңге. 

Соның нәтижесінде қазір айына 100-ге жуық көрпе түрлері тігіліп, саудаланады. Мұндай жақсы үрдіс Қаратал ауданында да жалғасып жатыр. Атап айтқанда, Бастөбе ауылындағы «Жан» жеке кәсіп жетекшісі Жанна Ембергенқызы қол жеткізген 7 млн. 610 мың теңге несиеге термопанель өндірісін жандандыруда. Қазір айына 500 шаршы метр термопанель өндіріледі.

Өткен жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасына республикалық бюджеттен 2,8 млрд. теңге қарастырылған. Бөлінген қаражат шегінде 440 несие беру және 760 жұмыс орнын құру көзделген болатын. Қазіргі таңда 2 млрд. 603,8 млн. теңгеге 342 өтінім мақұлданыпты. Қаражаттың басым бөлігі мал шаруашылығын жандандыруға, қалғаны өзге бизнес түрлерін өркендетуге жұмсалмақ. Алайда бүгінгі күнге дейін республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеген. 

Ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2 млрд. 500 млн. теңге қаражат қарастырылады деп күтіліп отыр. Осылайша, берекелі бағдарламаның арқасында бүгінде мал қарасы көбейіп, ет, сүт өндірісі өркендеуде. Сонымен бірге жаңа жұмыс орындары ашылып, ауылдықтардың әл-ауқатының көтерілуіне, тұрмыс жағдайының түзелуіне серпін беруде. Бұл үрдіс биыл да жалғасып, сәтімен іске асады деген сенім мол.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Фото: kyzylorda-news.kz

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.