Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Ауыл инфрақұрылымын дамыту – басты назарда

Ауыл-аймақтың инфрақұрылымын дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарады. Бұл бағытта бүгінде Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылында атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды.

17.10.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР, КҮНДЕРЕК, ЭКОНОМИКА
Ауыл инфрақұрылымын дамыту – басты назарда
WhatsAppTelegramFacebook

– Қазір Өтенайда ауыл шаруашылығымен қатар ауыз су, кәріз жүйелерін қалпына келтіру, жол құрылысы, табиғи газбен қамту және жарық желілерін жаңарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеруге тың серпін береді. Нақтырақ айтқанда, қазіргі мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында қолға алынған инфрақұрылымдық жобалар – аймақты дамытудың маңызды қадамы, – дейді ауыл тұрғындары.

Осыған байланысты біз аталған Өтенай ауылының әкімі Руслан Малтаевқа хабарласып, ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында бірқатар сауалдарға жауап алып қайтқан едік.

– Руслан Ырысбекұлы, ауыл-аймақтың гүлденуі – елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. Осыған сай, Өтенай ауылындағы халықтың қазіргі тұрмыс-тіршілігі жайында кеңірек тоқталып өтсеңіз?

– Негізі Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылына Еңбек, Мойнақ, Пригородное, Ынтымақ, Жастар-1, Жастар 1/1, Жастар-2, Жастар-3 тұрғын үй алаптары сынды 9 елді мекен кіреді. Ауыл бойынша жалпы халық саны – 17 500-ге жуық. Округ аумағында 4 орта мектеп, 1 мемлекеттік балабақша, 8 жекеменшік балабақша, 2 дәрігерлік амбулатория, 3 мәдениет үйі, 1 әкімшілік ғимарат және 3 мешіт орналасқан. Жақында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін ауылымызда заман талабына сай жабдықталған жаңа емхана салынды. Бір ауысымда 100-ден астам науқасты қабылдай алатын дәрігерлік амбулатория 3 қабаттан тұрады. Аталған медициналық нысан жақында ел игілігіне берілмек.

Ауыл тұрғындарының басым бөлігі мал және егін шаруашылығымен айналысады. Бүгінде ауылда 150-ден астам шаруа қожалығы және 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. Диқандардың егін егуіне арналған жер көлемі – шамамен 2700 гектар. Бұл жерлерге арпа, бидай, жүгері, майбұршақ, жоңышқа, көпжылдық шөп, басқа да бақша дақылдары мен қант қызылшасы себіледі. Қазір шаруалардың жиын-терім жұмыстары аяқталуға жақын. Қажетті ауыл шаруашылығы техникалары, сондай-ақ үкіметтен бөлінетін арзандатылған жанар-жағармай жеткілікті. Жыл санап мал басы да айтарлықтай өсуде. Төрт түлікке тиесілі жайылымдық жерлер мен егістіктер заман талабына сай Minagro.kz және Qoldau.kz веб-порталдары арқылы электрондық картаға енгізілген.

– Ал ауыл халқы үшін ең өзекті мәселелердің бірі – жол мәселесі. Бұл бағытта нақты қандай жұмыстар атқарылуда?

– Дұрыс айтасыз, жол – халықтың күнделікті тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Қазір Өтенай ауылдық округінде басқа да әлеуметтік жобалармен қатар жол инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, биыл «Талдықорған жолдары» ЖШС мердігер ұйымы арқылы «Жастар-1» тұрғын үй ауданында жалпы ұзындығы 25,7 шақырым болатын 53 көшеге жол салу жобасы іске асырылып жатыр. Оның ішінде 2025 жылы 29 көшеге ұсақ түйіршікті асфальт төсеу көзделген. Бүгінгі күнге дейін 9 шақырым жерге жол салынып, 6 көше ғана қалды. Жоба 2021 жылы басталған және 2026 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Жастар-2» тұрғын үй ауданында 12 көшені қамтитын 9,8 шақырым жолды жөндеу жұмыстары басталған. Биылдың өзінде Қасым хан, Жазиралы, Нұрлы жол және Мұратбаев көшелеріне асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, «Жастар-3» шағын ауданында да жол жөндеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 20 көше, ұзындығы – 12 шақырым. Сондай-ақ Өтенайдағы Бейбітшілік, Жамбыл, Шайқорған, Жетісу көшелері мен Ынтымақ ауылында да орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Жетісу көшесінің 219 метрі мен жолақтарын сызу жұмысы ғана қалды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының өтініштері негізінде Жансүгіров көшесіне 1,4 шақырым қиыршық тас төселіп, округ бойынша 500 шаршы метр көшелердің шұңқырлары жамалып, тегістелді.

– Ауылдың тазалығы мен экологиялық жағдайы және түнгі жарықтандыру тұрғындар үшін аса маңызды. Осы жайында айтып өтсеңіз?

– Иә, бұл да өзекті мәселелердің бірі. Мұнда жыл сайын ауыл аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Өтенайға қарасты әр ауылда апта сайын сенбіліктер өткізіліп, жиналып қалған тұрмыстық қалдықтар шығарылып, арық-тоғандар мен су арналары тұрақты түрде тазаланып тұрады. Қыс мезгілінде аталған елді мекендердің қарын күреу, жолын ашу; жаз бойы тазалықты сақтау, заң бұзушылықтарға жол бермеу – басты назарда.

Қазіргі кезде Еңбек ауылы маңындағы зираттар аумағында арық желілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде 400 метр арық және диаметрі 400 мм болатын 5 дана асбест-цемент құбыры орнатылып, округтегі мал қорымы толықтай қоршалды. Сонымен қатар, жарық шамдарын ауыстырып, желілерді жаңарту жұмыстары жалғасуда. Мәселен, осыған дейін бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылса, биыл Өтенайдағы Жасұлан, Новостройка-1, Новостройка-2, МТФ және Еңбек ауылы көшелерінде түнгі жарықтандыруды жаңарту жоспарланып отыр. Дәстүрлі ДРЛ шамдарының орнына энергия үнемдейтін LED шамдар орнатылуда. Бұл – тұрғындар үшін қауіпсіздік пен жайлылықты арттыратын маңызды шешім.

– Бүгінде елді мекендерді табиғи газбен қамту басты талап. Осыған байланысты ауылдарды газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?

– Жетісу облысы бойынша табиғи газбен қамту жұмыстары бірнеше жыл бұрын басталып, құбыр тарту ісі кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Негізі 2025 жылдың соңына қарай облыс орталығына қарасты барлық елді мекендерді көгілдір отынмен толық қамту көзделген. Осыған сәйкес, бұған дейін Өтенай аумағындағы Жастар-1, Жастар-2 және басқа да шағын аудандар мен Ынтымақ, Мойнақ ауылдарына газ жеткізу жұмыстары сәтті аяқталған болатын.

Мұндай жұмыстар әлі де жалғасуда. Қазіргі таңда жаңадан ірге тепкен Жастар-3 шағын ауданын табиғи газбен қамту бойынша үлкен жоба іске асырылып жатыр. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өтті. Құрылыс-монтаж жұмыстары «JANA KZ QURYLYS» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Жалпы 25 шақырымға жуық аумаққа газ желісі тартылды. Бұл арқылы 790 тұрғын үй мен 5 әлеуметтік нысан  табиғи газға қосылады. Бұл – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, тұрмыс жағдайын жақсартуға мол мүмкіндік береді.

– Кәріз жүйесін жаңарту бойынша қандай жобалар жүзеге асырылып жатыр?

– Ынтымақ ауылының кәріз жүйесімен қамтамасыз етілуі – округ үшін маңызды жобалардың бірі. Қазіргі уақытта Ынтымақ-1 және Ынтымақ-2 шағын аудандарында құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Ал Ынтымақ-3 шағын ауданында кәріз құбырларын төсеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін шамамен 11,5 шақырым құбыр тартылды. Бұл жұмыстар белгіленген мерзімге сай толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

– Енді алдағы уақытта атқарылатын қандай тың жоспарларыңыз бар?

– Ауылдың инфрақұрылымын одан әрі дамыту – басты назарда. Алдағы уақытта халықтың қажетіне қарай ауызсу жүйелерін жаңғырту, қоғамдық көліктерге қолжетімділікті арттыру, елді мекендердегі барлық көшелерді жарықтандыру мен жол жөндеу жұмыстарын толық аяқтау, жастар мен балаларға арналған спорт және ойын алаңдары мен мәдени-демалыс орындарын дамыту жалғаса беретін болады. Қолға алынған бұл жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталады. Мұндай мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар мен бағдарламалар аясында ауылдың болашағы жарқын боларына сенімдіміз.

– Әңгімеңізге рақмет!                                             

Сұхбаттасқан  Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Қазақ әдебиетінің алыбы Мұхтар Мағауиннің туғанына 86 жыл толды

Қазақ әдебиетінің алыбы Мұхтар Мағауиннің туғанына 86 жыл толды

02.02.2026
Қазақстан мен Кипр арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Қазақстан мен Кипр арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

02.02.2026
Бараат түні қандай құлшылық түрлерін орындаса болады?

Бараат түні қандай құлшылық түрлерін орындаса болады?

02.02.2026
Қар басу қаупі жоғары 157 шақырым. Жетісудағы жолдар бақылауда

Қар басу қаупі жоғары 157 шақырым. Жетісудағы жолдар бақылауда

02.02.2026
Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді.

Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді.

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.