Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АНАЛИТИКА

Автонарықтағы бетбұрыс: лизинг, салық реформасы және қытайлық көліктер

23.10.2025
АНАЛИТИКА, КҮНДЕРЕК, САЯСАТ, ЭКОНОМИКА
Автонарықтағы бетбұрыс: лизинг, салық реформасы және қытайлық көліктер

oar-info.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Кейінгі жылдары көлік бағасының шарықтауы мен автонесиенің пайздық мөлшерлемесі қарапайым халықтың қалтасына кәдімгідей жүк салды. Жаңа көлікті несеге алып, оның қаржысын еселеп қайтарған тиімсіз. Ал, қарыздан толық құтылғанда ол көлік құнын ұстай ала ма? Мінекейіңіз, осы сауал талайдың санасын сан саққа жүгіртті. Дәл осындай алмағайып сәтте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға автокөлікті лизинг арқылы сатып алу мүмкіндігі берілетіні туралы мәлімдемесі көпшіліктің үмітін оятты. Неге дейсіз ғой? Осы мақаламызда көлікке қатысты жаңалыққа жеке-жеке тоқталмақпыз.

Қарапайым тілмен айтқанда, лизинг бұл зат (мысалы, көлік немесе техника) сатып алмай-ақ, оны ұзақ мерзімге жалға алып, кейін иесіне айналу тәсілі.

Мерзім аяқталғанда лизинг алушы заттың иесі бола алады (қалдық құнын төлеп) немесе жалға алуды тоқтатып, затты лизинг берушіге қайтара алады.

Мысалы, сен көлік сатып алғың келеді, бірақ толық ақшасы жоқ. Банк арқылы несие алсаң – көлікті өз атыңа тіркейсің, бірақ оны төлемей қойсаң, банк алып қояды. Ал лизингпен алсаң, көлік лизинг компаниясының атына тіркеледі. Сен оны ай сайын төлеп жүресің, ал төлем мерзімі біткенде көлік толық сенің атыңа өтеді.

Қысқаша айтқанда лизинг бұл “көлікті жалға алып, төлемін төлеп жүріп, кейін толық иелену” тәсілі.

Мемлекет басшысы бұл бастаманың басты мақсаты – автокөлікті халыққа барынша қолжетімді ету екенін айтты. Қазір аталмыш жаңалық қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бірі – “лизинг автонесиенің орнын басады” десе, енді бірі оның тиімділігіне күмәнмен қарайды. Ендеше, жаңа бастама қазақстандықтардың көлік алу тәсілін қалай өзгертпек?

Елде жаңа автомобиль зауытының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев автокөлікті лизинг арқылы алу жүйесін енгізуді ұсынды. Бұл идея халықтың көлікке қолжетімділігін арттыру, отандық өндірісті қолдауға бағытталған.

Алайда автосарапшылар жаңа жүйеге басқаша қарайды. «Жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығы» ЗТБ президенті Арсен Шакуовтың айтуынша, лизинг пен несие арасындағы түбегейлі айырмашылық жоқ:

«Лизинг дегеніміз – сол баяғы несие. Тек атауы ғана басқаша. Еуропада жеке де, заңды тұлғалар да көлікті лизингке ала береді. Онда “автонесие” деген ұғым жоқ», – дейді ол.

Маманның пікірінше, лизинг бағдарламасының нақты шарттары әлі жарияланбаған. Қазірдің өзінде 0,1 пайызбен бөліп төлеу немесе бастапқы жарнасыз автонесиелеу бар. Демек, жаңа жүйе енгізілді дегеннің өзінде, баға мен шарттар айтарлықтай өзгермеуі мүмкін.

Сонымен қатар, сарапшы бұл процестің банктерсіз жүзеге асуы мүмкін екенін айтады:

«Мүмкін, енді бұл процесс банктерсіз, тікелей автосалондардың өз қаржылық құрылымдары арқылы жүзеге асырылуы ғажап емес», – дейді ол.

Шакуовтың пікірінше, жаңа жүйе көлік бағасына әсер етпейді, өйткені баға өндіруші брендтердің маркетинг саясатына тәуелді. Демек, лизингтің енгізілуі – халыққа қосымша мүмкіндік қана.

Салық реформасы: ескі көлік иелеріне жеңілдік пе, жаңа ереже ме?

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мүлік, жер және көлік салығын төлеу ережелері өзгереді. Бұл өзгерістердің ішінде ең көп талқыланғаны – ескі көліктерге салынатын салықтың азаюы.

Жаңа тәртіп бойынша:

  • 10 жыл жүрген көліктерге 30% жеңілдік,

  • 20 жылдан асқан көліктерге 50% жеңілдік беріледі.

Бұдан бөлек, қозғалтқыш көлемі үлкен автомобильдерге салынатын қосымша салық алынып тасталады. Яғни, енді қозғалтқыштың көлемі емес, көліктің жасы мен түрі есепке алынады.

Тағы бір жаңалық – салық мөлшері жүргізуші куәлігіндегі категорияға қарай есептелмек. Бұл жүйе жүргізушілердің көлік түріне қарай төлем жүктемесін теңестіруді мақсат етеді.

Алайда кей сарапшылар бұл жүйенің әділдігіне күмән келтіреді. Себебі көліктің жасы оның экологиялық жағдайын немесе қауіпсіздігін әрқашан дәл көрсете бермейді.

Алматыдағы жаңа экологиялық шектеу: ескі көлікке шектеу

Ескі көлік иелерін алаңдатқан тағы бір жаңалық – Алматы қаласында 2009 жылға дейін шығарылған көліктердің қалаға кіруіне шектеу қойылуы мүмкін.

Жаңа ережеге сәйкес, ескі көліктер экологиялық стандарттарға сай келмейді және атмосфераға зиянды қалдықтар шығарады. Атмосфералық ауаны қорғау ережелерін әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі Ерлан Бұзырбаевтың айтуынша:

«Қалаға кіру ақысын халықтың ескі көліктен бас тартып, экологиялық таза көлікке ауысуына ынталандыру керек», – дейді ол.

Бірақ автосарапшы Алексей Алексеев бұл шешімнің тиімділігіне күмән келтіреді:

«Экологияны жақсартамыз десек, техникалық бақылауды күшейткен жөн. Талап қою – бюджетке ақша әкеледі, бірақ мәселені шешпейді», – дейді ол.

Шынында да, ескі көліктерге шектеу қою экологияға пайда әкелуі мүмкін, бірақ әлеуметтік тұрғыдан қиындық туғызады. Себебі елдің көп бөлігі ескі көліктермен жүреді, ал жаңасын сатып алу – қымбат.

Қытайлық көліктердің экспансиясы: нарық кімнің қолында?

Қазақстандық автонарықта соңғы екі жылда басты тренд – қытайлық көліктердің күрт көбеюі.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметінше, 2025 жылдың сегіз айында Қытайдан 53 654 автомобиль сатылған. Бұл – елімізде сатылған барлық көліктің шамамен 39 пайызын құрайды.

Ең көп сатылған 5 қытайлық бренд:

  1. Jetour – 9 491 дана

  2. Chery – 9 293 дана

  3. Haval – 7 685 дана

  4. Changan – 6 672 дана

  5. Geely – 7 001 дана

Қытай брендтері сатып алушыларды заманауи дизайнымен, цифрлық панельдерімен және қолжетімді бағасымен тартып отыр. Сонымен қатар дилерлер тарапынан ұсынылатын жеңілдетілген кредиттер мен акциялар да үлкен рөл атқарады.

Дегенмен, мұндай көліктердің сақтандыруы қымбат.
«Alatau City Garant» компаниясының өкілі Антон Слабков: «Қытайлық көліктер үшін каско құны орта есеппен 4,5-6% болса, басқа брендтер үшін шамамен 3,1%-ды құрайды. Себебі қосалқы бөлшектер көбіне Қытайдан тапсырыспен келеді», – дейді.

Сақтандыру бағасының жоғары болуына қарамастан, қытайлық көліктер нарықтағы орнын нығайта түсті. Бұл отандық және еуропалық брендтерге бәсекелестік туғызуда.

Ал енді шетелдегі жағдайға да шолу жасайық.

2025 жылы Еуропа көлік индустриясында өзгерістер орын алуда. Еуропалық автоконцерндер Volkswagen, Renault, Stellantis және Volvo – электр көліктерін (EV) өндіруге миллиардтаған еуро құйып, дәстүрлі бензин мен дизель қозғалтқыштарынан біртіндеп бас тартып келеді.

Алайда сұраныс тұрақсыз. ACEA (Еуропалық автөндірушілер қауымдастығы) мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы 8 айында Еуропада сатылған көліктердің шамамен 25%-ы электрлі немесе гибридті болған. Бірақ толық электр көліктерге сұраныс кей елдерде бәсеңдеп, тұтынушылар арзандау гибридтерге бет бұра бастады.

Германияда 800 мыңнан астам адам автомобиль саласында еңбек етеді. Алайда соңғы уақытта бұл сала да қысымға түсті. 2025 жылдың күзінде Volkswagen мен BMW кей зауыттарда өндірісті қысқартуға мәжбүр болды. Себебі электромобильдерге сұраныс күткен деңгейде болмады. Үкімет бұл жағдайға жауап ретінде жаңа «жасыл субсидиялар пакетін» дайындап жатыр: төмен табысты азаматтарға электр көліктерін арзандатылған бағамен сатып алуға мүмкіндік беру көзделуде.

Дегенмен, сарапшылар бұл қысқа мерзімді шешім ғана екенін айтады. Себебі басты мәселе – электромобильдердің қолжетімділігі мен инфрақұрылымның жеткіліксіздігі. Егер бұл бағытта нақты өзгеріс болмаса, Германия өз өндірісінің бір бөлігін Шығыс Еуропа немесе Қытай нарығына көшіруге мәжбүр болуы мүмкін.

Жапония дәстүрлі автосаладағы ең мықты ел. Toyota, Honda және Nissan сияқты алпауыттар 2025 жылы да гибридтік технологияға сенім артып отыр.

Мәселен, Toyota Prius және Honda Fit Hybrid секілді үлгілер Жапонияда ең көп сатылатын көліктердің қатарында. Жапон нарығында толық электр көліктердің (BEV) үлесі әлі де төмен – шамамен 2–3% ғана. Себебі жапон тұтынушылары үшін сенімділік пен отын үнемі бірінші орында. Жергілікті компаниялар бұл стратегияның арқасында ішкі нарықты толық қамтып, экспортта да (әсіресе Азия елдеріне) табысты болып отыр.

Сонымен қатар, соңғы уақытта Қытайдың BYD және Chery брендтері Жапония нарығына кіруге тырысуда, бұл отандық өндірушілерді жаңа технологияларға бейімделуге мәжбүрлеуде.

Америка Құрама Штаттарында автонарықтың дамуы саясатпен тығыз байланысты. Президент әкімшілігі электромобиль өндірушілеріне миллиардтаған доллар көлемінде салықтық жеңілдіктер мен гранттар бөлді. Осының нәтижесінде Tesla, Ford, General Motors және тіпті Rivian сияқты жаңа компаниялар өндіріс көлемін айтарлықтай арттырды.

2025 жылдың жазында АҚШ-та EV сатылымдары тарихи рекорд орнатты – әрбір жетінші жаңа көлік электрлі болды. Дегенмен, сұраныстың өсуі ұзақ мерзімге тұрақты бола ма – бұл белгісіз. Себебі зарядтау инфрақұрылымы мен батарея шикізаты (мысалы, литий, никель) жеткізу тізбегінде тәуекелдер бар. Оған қоса, Қытайдан келетін арзан EV импортын шектеу мақсатында енгізілген тарифтер америкалық нарықта бағаның өсуіне әсер етті.

Дамыған елдер автонарығындағы өзгеріс – тек технология емес, ол экономикалық және саяси шешімдердің жиынтығы. Болашақта еліміз осы елдер сияқты тұрақты, экологиялық және инновациялық автонарыққа қадам басуы әбден мүмкін.

Қазақстан автонарығы қазір тұтас өзгеріс кезеңін бастан кешіп жатыр. Бір жағынан – лизинг жүйесі, көлікке қолжетімділікті арттыруға бағытталған бастама болса, екінші жағынан – салық реформасы, халықтың қаржылық жүктемесін азайтуға талпыныс, ал үшіншіден – экологиялық саясат пен қытайлық көліктердің басымдығы, нарықтың құрылымын түбегейлі өзгертуде.

Бірақ бұл өзгерістердің барлығының түпкі нәтижесі бір нәрсеге тіреледі: ол – халықтың әл-ауқаты мен мемлекет саясатының үйлесімділігі. Қазақстан жолдарында жаңа дәуір басталды. Енді көлікті таңдау –тек талғамның емес, экономикалық шешімнің де көрінісі.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үштігінде

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үштігінде

29.01.2026
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

29.01.2026
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

29.01.2026
Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

29.01.2026
Баукеңнің еркелігі

Баукеңнің еркелігі

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.