Талдықорған: +9°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Қауіпсіздік мәселелері қаралды

19.09.2017
ЭКОНОМИКА
Қауіпсіздік мәселелері қаралды
WhatsAppTelegramFacebook

Дариға Назарбаева бастаған ҚР Парламенті Сенатының  Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері тікұшақпен Қорғасқа ұшып келді. Сенаторларды «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық  орталығының» тікұшақ алаңында облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, «Шығыс» аймақтық басқармасының басшысы Дәурен Бекежанов,  2088 әскери бөлім командирі Алмас Тілеубаев, «Қорғас» ШМЫХО» АҚ президенті Қаһарман Жазин және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Астанадан келген құрметті қонақтар «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық  орталығының» жолаушылар қабылдау бөлімінің кедендік бақылау өткелінен өткен соң қазақстандық «Самұрық» сауда орталығын аралап көріп, мұндағы тауар түрімен танысып, олардың өтімділігін сұрады. Бұдан соң Комитет мүшелері мен ресми сапарға қатысушылар ШМЫХО-ның әкімшілік кеңсесіне келіп, орталықтың бас жобасымен танысты. Орталықтаң бас жобасы жайын «Қорғас» ШМЫХО» АҚ президенті Қаһарман Жазин баяндады. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық  орталығының» құрылысы ҚР мен ҚХР басшыларының бастамасымен бірлесіп жасалған ірі тың жоба болып табылады. 
Мақсат Қытай елімен сауданы өркендетуге бағытталған, ең бастысы, Батыс Еуропа – Батыс Қытай трансконтинентальды жол жобасын жүзеге асыру арқылы екі мемлекеттің де тасымал әлеуетін дамытуға бағытталған. Ол өндірістік, көліктік әлеуетке капитал жұмсауға, шағын және орта бизнесті барынша табысты етуге мол мүмкіндік береді. Инвестицияны молынан тартып, бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді дамыту және құру, сондай-ақ олардың әлемдік нарықтағы белсенділігін арттыру да көзделген межелер қатарына жатады.
«Қорғас» ШМЫХО-ның құрылысы екі бөліктен тұрады. Олар Панфилов ауданында орналасқан қазақстандық және ҚХР-дың Іле-Қазақ автономды облысы аймағында тұрған қытайлық бөлік деп аталады. Орталықтың жалпы аумағы 528 гектар жерді қамтиды, оның 185 гектары  – қазақстандық, 343 гектары – қытайлық бөлік. Орталықтағы бөліктердің арасындағы жол қатынасы арнайы көлік, жүргінші өткелдері арқылы жасалған. Арнайы экономикалық аймақта қазір екі ел азаматтары өз мемлекеті тараптарының құзыретті органдары бекіткен әрі мойындаған құжаттардың негізінде виза рәсімдемей-ақ 30 тәулік мерзімге дейін жүре алады. Өткен жылдың қараша айынан бастап Қазақстан азаматтарына жеке куәлігімен орталыққа кіруге рұқсат етілді. 
 Мемлекеттік осынау ірі жобаның жүзеге асуы қомақты қаржыны қажет ететіні сөзсіз. Жоба құны 382,8 миллиард теңгені қамтиды, оның 73,7 млрд. теңгесі республикалық бюджет қаржысы, 309,2 млрд. теңге жеке инвесторлардың еншісінде. Бюджеттен бөлінген қаржының 65,8 млрд. теңгесі орталықты жобалау мен инфрақұрылымдық құрылыс нысандарын салуға жұмсалды. Құрылыстың алғашқы кезеңін аяқтау 2012 жылға белгіленіп, межелі мерзімнен сәл кешіктірілсе де ол қазір екі ел саяхатшыларына қызмет көрсетуде. Ал 2018 жылдан бастап орталық құрылысы аяқталып, толық қуатында іске кіріседі. Бүгінгі таңда біздің тараптағы 23 негізгі нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, жұмысшы комиссиясының қабылдауынан өтті. Басқа да көптеген нысандарда құрылыс жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілуде.
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық  орталығы» кешенді бірнеше бөлімдерден тұратын болады. Мысалы, мұнда үлкен транспорт терминалы, сауда көрмесі, келген адамдар ашық аспан астына шықпай-ақ аралайтын сауда павильондары, бір мезетте 5 мың адам қабылдайтын мүмкіндігі бар қонақүй кешені, 500 орынды цирк ғимараты жасалады. Шекаралас мемлекеттердің қаржы және өндірістік ұйымдарының ірі халықаралық кездесулерін, конференцияларын, симпозиумдарын өткізуге арналған орындар салынбақ. Сол сияқты офис, мейрамхана, кинотеатр, келушілер демалатын орындар жасау жобаланған. ШОС мәмілесінің құрамындағы мемлекеттердің мәдениеті мен тарихи дамуынан кең мағлұмат беретін этникалық парк жасалады. 
Бұл орталықтың қызметі тауар саудалаумен ғана шектелмейді. Біздің елдің өндіріс орындары ҚХР-да немесе әлемнің кез келген елінде жасалатын техника, өндірістік құрал-жабдықтардың қолдан келетін бөлшектерін жасап беруге шарттасуға болады. Сол арқылы елдегі зауыт, фабрикалардың, басқа да өнеркәсіп орындарының халықаралық нарықта бәсекелесе алатын тауарлар өндіруіне жол ашылады. Бұл халықаралық еңбек нарығын өрістетеді. Сонымен қатар ынтымақтасқан елдердің бір-біріне деген сенімінің нығаюына жол ашады. Қаржылы іскер азаматтар осындағы көрмелерден өзіне қажет тауар түрін тауып, таңдап, иесімен келісімшарт жасап немесе қолма-қол есеп айырысады. Мұнда келген іскер адамдарды ғылыми-техникалық жетістіктермен таныстыруға мол мүмкіндік туады. Сөйтіп, Қорғаста алдағы уақытта инфрақұрылымы өте жоғары деңгейдегі, әлем назарын өзіне аударатын сән-салтанатты қала пайда болмақ. Бұл тек қазақстандықтарға ғана емес, барша Орта Азия және Еуропа елдері үшін шығысқа ашылған үлкен қақпа. Мұндай шекаралар арасындағы арнаулы экономикалық аймақ әлемнің ешбір елінде әлі жасалған жоқ.
Қонақтар орталық тіршілігімен танысқан соң Қазақстан шекара қызметінің және ҰҚК сардарлары мен сенаторлардың жабық есік жағдайындағы кеңесі өткізілді. Кеңестен кейін журналистерге берген сұхбатында Дариға Нұрсұлтанқызы маңызды басқосуда орталықтың болашақтағы дамуы, шекара қызметінің алдағы үш жылға белгілеген даму жоспарының орындалуы және «Қорғас» ШМЫХО» қызметін халықаралық қалыптасқан тәртіпке сай бейімдеуге байланысты депутаттардың ұсыныстарын заңмен бекіту мәселелері қаралғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, орталық жерінің тең жартысынан астамын қазақстандық инвесторларға ұсыну мәселесі көтерілгенін жеткізді.
 Бұдан соң Қорғас шекара заставасына келген сенаторлар ел шебін күзеткен сарбаздардың жаңа байланыс құралдарын, басқа да техникалық жаңалықтарын көріп, тұрмыс жағдайымен танысты. Шекара заставасының қызметін 2091 әскери бөлім командирі, подполковник Рауан Рамазанов таныстырды. Тарихы терең, өзіндік дәстүрі бар заставада оған ат басын бұрған қоғам қайраткерлеріне естелік ретінде жаңғақ ағашының көшетін егу сұралады екен. Мысалы, застава үйінің алдындағы алаңда 1982 жылы генерал И. Калашников, 2000 жылы елдің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, 2016 жылы ҰҚК төрағасы К. Мәсімов, тағы басқа да танымал адамдар отырғызған жаңғақ ағаштары өсіп, жайқалып тұр.  
Шекарашылар осы дәстүрмен Дариға Нұрсұлтанқызына да жаңғақ көшетін егуге ұсыныс жасады. Көшет егілген соң застава қызметкерлері Сенат депутаттарын ортаға алып, естелік суретке түсті. 

Мырзағали Нұрсейіт.
Панфилов ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.