Бүгінде «Ауыл аманаты» бағдарламасыкәсіп иелерін қолдап, шағын және орта кәсіпкелерікті дамуына тың серпін беруде. Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылының тұрғыны Еркетай Рахатаев біраз жылдан бері нан өнімдерін шығарып Жетісу облысының бірнеше аудан, қалаларындағы тұрғындардытәтті, дәмділермен қамдап келеді.
Кәсіпкер2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасыаясында 8 млн теңге несие алыпнаубайхананың қажетті құрал-жабдықтарынзаман талабына сай жаңа қондырғыларментолықтырған.Қазір кәсіпорында 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Әр күні 200-250 келі ұн және қант, май, жұмыртқамен басқа да қоспалар арқылытәтті тоқаштардың 20-дан астам түрі шығарылады.Пісірілген нан өнімдері арнайы жабдықталған көліктермен Талдықорған, Текелі қалаларымен өңірдегі Көксу, Ескелді аудандарындағыдүкен сөрелеріне жеткізіледі.
Өтенай ауылы әкімінің міндетін атқарушы Руслан Малтабаевтың сөзінше,жалпы «Ауыл аманаты» мүмкіндігі мол жоба. Өткен жылы бұл бағдарлама аясында аймақтағы 6 азамат несие алып өз кәсібін дөңгелетуге кіріскен. Солардың бірі – ИП «Рахатаев Е» нан өнімдер зауыты.Кәсіп иесі алған қаражатқа жаңа жабдықтар сатып әкеліп жұмысын жандандыра түскен.
Мамандардың айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы негізінен аймақтардағы өсімдік, ауыл, мал шаруашылықтарын дамытуға және өңдеу саласы, сондай-ақ, басқа да бизнес жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Несие шағын және ортакәсіпкерлікті қолдауға 5 жылғадейін, мал шаруашылығы жобалары үшін 7 жыл мерзімге беріледі. Сыйақы мөлшері жылына 2.5 пайыз. Несие алушы зейнет жасына толмаған, кәсіпкер ретінде тіркелген, бұрын өтелмеген берешегі болмауы, шаруалышық жүргізшінің жеке жер телімдері болуы шарт.
– «Біз қолымызда бар қаражатымызбен2020 жылыкәсіп бастап, нан өнімдерін шығаруды қолға алған едік. Қазір жаман емес. Бастысы өнім дәмді әрі сапалы болса оған қашанда сұраныс жоғары болады. Өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несие алып кәсіпорынға қажетті жаңа жабдықтар сатып алдық. Мұндай бағдарламалардың әр кәсіпкер үшін тигізетін көмегі зор. Өйкені,берілген несиенің біріншіден, пайыздық үстемесі төмен, екіншіден, үсынған жобаға сәйкес уақылы беріледі. Сондықтан бағдарлама әр азаматтың өз жобасын ұсынып, алаңсыз жұмыс бастап кетуіне мол мүмкіндік береді» ,- дейді кәсіпкер.
Айдын КӘЛІМХАН