Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 3 тамыз күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді, – деп хабарлайды Ақорда.
Сапар аясында Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш екіжақты келіссөздер жүргізіп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы мен БҰҰ Бас хатшысы БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығына барып, оның жұмысымен танысады.
Сапардың басты мақсаты – Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және өңірлік тұрақтылық пен дамуға бағытталған бастамаларды қолдау.





