Талдықорған: -1°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚҰБЫР ШЫҒАРАТЫН КОМПАНИЯ

17 маусым 2018
ЭКОНОМИКА
ҚҰБЫР ШЫҒАРАТЫН КОМПАНИЯ
WhatsAppTelegramFacebook

Шалғайдағы Үңгіртас ауылында осыдан тура он жыл бұрын заманауи зауыт ашылғанда бұл бүкіл аудан бойынша үлкен оқиға ретінде қабылданды. Себебі, мал және егін шаруашылығымен айналысатын осы төңіректегі елді мекендерде бұған дейін мұндай өндіріс орны болмаған. 

Жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал еткен кәсіпорын бүгінде табысты жұмыс істеп тұр. «Plast Invest Production» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шығаратын өнімдері қазіргі заманғы сұранысқа сай. Темірден жасалатын көптеген өнім бүгінде пластикалық материалдарға сәтті ауыстырылғаны белгілі. Бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнын төмендетумен бірге сапасын арттыруға да мүмкіндік берді. Аталған зауыт полиэтиленнен жасалатын ауызсу, газ және кәріз жүйелеріне арналған құбырлар, ыдыстар, болат фланецтер, шыны-пластик арматуралар өндіреді. Отандық полимер материалдары нарығында қазір мұндай тауарларға сұраныс уақыт өткен сайын өсе түсуде. Осындай қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында 2008 жылы алыстағы ауылдан ашылған зауыт жұмысын жолға қойып, өнімнің түр-түрін тұтынушыға жөнелтіп келеді. 
Арман Жолдасбековтың басшылығындағы серіктестік аз уақыт ішінде нарықта өз орнын тапты. Нарықтың қажеттіліктерін зерттеп, тұтынушыларға керекті өнімнің түрін шығарып, оны уақытында тиісті орындарға жеткізу ісі жүйеге келтірілген. Жоғары кәсібилік және тапсырыс берушілермен арадағы адалдық қағидасын берік ұстанудың арқасында кәсіпорын бүгінде осы саладағы алдыңғы қатарлы өндіріс орны атанды. Бұл компания әртүрлі қолданыстарға арналған төмен қысымды, тығыздығы жоғары HDPE 100 маркалы полиэтиленнен жасалған қысымды құбырларды, шыны-пластик арматураларды, суға арналған ыдыстарды өндіру мен жеткізуге бүгінде мықтап маманданған.
Сонымен қатар, түрлі диаметрдегі полиэтиленнен жасалған құбырларды монтаждау мен біріктіруге  арналған дәнекерлеуші аппараттарды және Еуропа өндірушілерінің фитингтері, бұрмалар, ауыстырғыштар, үштармақтар, фланецтік байланыстарының кең шоғырының жеткізілуін қамтамасыз етеді. Өнімдердің тиісті сертификаттары бар. Жүзден аса адам еңбек ететін  компания жаңа технология, әлемдік озық құрал-жабдықтармен жарақтанған. Пластикалық құбырлар нарығында онжылдық тәжірибесі бар «Plast Invest Production» осы уақыт ішінде өзін сенімді серіктес ретінде танытты. Жоғары сапалы полиэтилен құбырлары мен фитингтерді өндіру мен жеткізу саласында елде көшбасшыға айналды. 

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Үңгіртас ауылы,
Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

26 қазан 2026
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

26 қазан 2026
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

26 қазан 2026
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

26 қазан 2026
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

26 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.