Талдықорған: +27°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Инвестицияда игілік көп

03.04.2024
ЭКОНОМИКА
Инвестицияда игілік көп
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы өңірлерге жеке инвестициялар тарту жөнінде тапсырма бергені мәлім. Былтыр осы бағытта Жетісуда 52,8 млрд. теңгеге 47 жоба жүзеге асқан. Дегенмен, жыл басында 86 млрд. теңгеге 50-ден астам жоба межеленген еді. Енді биыл осы олқылықтардың орнын толтыру үшін 5 стратегиялық бағытта жүйелі жұмыс жүріп жатыр.


Бұл қандай 5 бағыт десеңіз, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логистика, туризм, жер қойнауын пайдалану және баламалы энергетика салалары. Бүгінде инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалуда. Қазір аймақ басшысы Бейбіт Исабаев шетелден келген қонақтарға Жетісудың қай бағытта да бәсі жоғары екенін тәптіштей түсіндіріп жатыр. Осы ретте «ACWA POWER» компаниясы Алакөлде жел электр стансысын салуды көздеп отыр. Жоба қолға алынса, облысқа 883 млрд. теңге  инвестиция құйылады.

«Жетісуда су, жел және күн қуаты бағытындағы жаңартылған энергия көздерінің айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өткім келеді. Өңірдің қолайлы табиғи-климаттық жағдайы туристік саланы дамытуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Жетісудың топырағы құнарлы, суы мол, сондықтан ауылшаруашылығын белсенді дамытып келеміз, қазір біз ылғал үнемдейтін технологияларға баса назар аудара бастадық. Бизнесті дамытуға, инвестициялар тартуға қажетті жағдай жасаймыз», – деген еді Бейбіт Исабаев америкалық инвесторлармен кездесуде. 

Өткен жылы тартылған инвестиция көлемі жылдық жоспардың 62 пайызын құрағанымен 1257 жұмыс орны ашылды. Қазір 2030 жылға дейін жүзеге асатын жобалардың инвестициялық портфелі қалыптасты. Алдағы 6 жыл ішінде 3,2 трлн. теңгеге 173 жоба қолға алынып, 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылмақ. Біздің көзімізге түскені «EcoWattAKA» ЖШС және «ASMA Industrial» ЖШС өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын зауыттары. Одан бөлек «Этт Достық» ЖШС мультимодельді теміржол көлігі-логистикалық орталығы да іске қосылады. Бұлар инвестиция құйылатын ең ірі жобалар саналады.

Экономист Алмас Атаубековтың айтуынша, туризм саласы арқылы Жетісудың экономикалық һәм әлеуметтік деңгейін көтеруге болады. Себебі, табиғи байлығы, көз тартар қасиетті орындары шетелдік туристерді қызықтырары сөзсіз. Тек бұл салаға жарнама мен заманауи инфрақұрылым қажет.

«Меніңше, Жетісу әуелі «аграрлы өңірміз» деген ұғымнан арылу керек. Қаншама жылдан бері мал мен егін шаруашылығына әбден еті үйренген халық басқа салада бағын сынап көргісі келмейді. Бұл сырттағы инвесторға да  қолайсыз жағдай тудырады. Жер шетел азаматына сатылмайтындықтан инвестор қаржы құюға қорқақтайды. Себебі, мемлекеттің кез келген уақытта кәсіпорнын тартып алуға мүмкіндігі бар. Сондықтан туризм саласына сұранысты арттыру қажет. Алакөл көлі, Бұрқанбұлақ сарқырамасы, Балқаш көлі секілді демалыс орындарын жандандыру шарт. Осы салаға инвестор тартса облыс қай жағынан да дамиды», – дейді  Алмас Атаубеков.

Туризм дегеннен шығады, облыста туристендіру картасына енгізілген аумақтардағы жобаларды іске асыру көзделіп отыр.  Олар – Алакөл, Балқаш жағалаулары, «Алтынемел», «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Жоңғар Алатауының етегінде орналасқан Текелі тауы.  Жалпы 2025 жылға дейін туризм саласына 79,1 млрд. теңге инвестиция құйылып, туристер легі 2,4 млн. адамнан асады деп межеленуде.

Бір әттеген-айы, Талдықорған индустриялық аймағын ірі инвестициялық жобалармен толтыру мәселесі әлі күнге дейін толық шешімін таппай келеді. Бүгінде қала аумағында 6 кәсіпорын ғана жұмыс істеп тұр.

Сондықтан Бейбіт Өксікбай-ұлы орынбасары Әсет Қанағатовқа, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына қала әкімдігімен бірлесіп, қаланың әлеуетін ескере отырып, инвестицияларды әкелу бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, қолданыстағы индустриялық аймақта жоспарланған жобаларды уақытында жүзеге асыру үшін барлық қажетті шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.

Айта кетейік, келер жылы өңірлік өнім түсімін 1,7 трлн. теңгеге жеткізу жоспарда бар. Өңдеу өнеркәсібінде облыстың аудан, қалаларында 30 жедел инвестициялық жоба және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында 24 жоба жүзеге асырылады. 

Мұхтар КҮМІСБЕК

Қатысты жаңалықтар

Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026
Сарғайған  сурет сыры

Сарғайған сурет сыры

09.05.2026
Өмірі ұрпаққа өнеге

Өмірі ұрпаққа өнеге

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.