Талдықорған: +2°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«Көгілдір отын» қуантты

25 тамыз 2018
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

Елді мекендерді газдандыру Елбасының стратегиялық бағдарламаларында көзделген маңызды міндеттердің бірі. Ауданда бұл бағыттағы жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз етуде осындағы «Тәуекел Газ Құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысы нәтижелі. 

«Тәуекел Газ Құбыры» ұйымы 2009 жылы Ұзынағаш ауылына газ құбырын тартып, халықты қуантқан болатын. Аудан орталығы Алматыға жақын орналасқанымен мұндағылар көгілдір отынның игілігіне көптен қол жеткізе алмай келген еді. Бірер жылдың ішінде маңайдағы Ынтымақ, Жаңақұрылыс, Қайназар, Қарасу, Жамбыл, Қарақыстақ, Бұрған, Аққайнар, Мыңбаев, Үмбетәлі Қасымбек, Еңбекшіарал сияқты оннан аса ауылға жалпы ұзындығы жүздеген шақырымнан асатын газ құбыры жүргізіліп, мыңдаған адам көмір жағу машақатынан арылды. Басқа отын түрлеріне қарағанда газдың экологиялық жағынан таза, қызуы жоғары, жану үдерісін механикаландыруға және автоматтандыруға ыңғайлылығы сияқты бірқатар артықшылығы бар екені белгілі.
Содан бері көгілдір отынды пайдаланушылар саны жылдан-жылға үздіксіз өсу үстінде. Бүгінде аталған серіктестік аудандағы 61 елді мекеннің 22-сіне құбыр тартып, межелеген шаруаның 40 пайызға жуығын орындады. Ірі ауылдардың дені табиғи газға қол жеткізді, ендігі қалғаны негізінен шалғайдағы шағын елді мекендер. Осы жаздың басында ғана аудан орталығынан алпыс шақырым алыста жатқан, тау қойнауындағы Бесмойнақта өткен көгілдір отынды тұтату салтанатына қатысып, мың жарымдай халқы бар ауыл тұрғындарының қуанышына куә болған едік. Ендігі кезекте Қазыбек бек, Ақсеңгір, Көкдала, Жайсаң, Үңгіртас сияқты ауылдар көгілдір отынға қосылмақшы. Осылайша биыл аталған елді мекендерге газ кіргізіп, жоспарды 50 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Қазіргі кезде аудан тұрғындарының    30 пайызға жуығы табиғи газды пайдаланады, абонент саны 12 мың шамасында. Газдандыру көрсеткіші күн санап көтеріліп келе жатыр деуге болады. Озық технологияларды пайдалана отырып, шалғай ауылдарға дейін табиғи газбен қамтамасыз етуді көздеген компания бұл істі кезең-кезеңмен жүргізе бермек. Егер осы қарқын сақталатын болса, жалпы аудан 2025 жылы орталық газ жүйесіне толық қосылмақшы. 
«Тәуекел Газ Құбыры» жекеменшік мекемесінің басшысы, облыстық мәслихат депутаты Данияр Нұрбаев жеке үйге газ түсіру құны 320 мың теңге болғанымен халықтың жағдайына қарай жеңілдік жасайтынын айтады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер, көпбалалы аналар, тұрмысы төмен отбасылар сияқты халықтың белгілі бір әлеуметтік топтарына газ түсіруде жеңілдіктер қарастырылған. Мұнда Тәуелсіздік күні, Астана күні сияқты мерекелерге орай да бағаны төмендету дәстүрге енген.

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

Бүгін, 18:37
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

Бүгін, 17:30
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

Бүгін, 16:30
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.