Талдықорған: +21°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

КӨКТЕМГІ ҚАУЫРТ ТІРЛІК

22.04.2024
ЭКОНОМИКА
КӨКТЕМГІ ҚАУЫРТ ТІРЛІК
WhatsAppTelegramFacebook

Көктем айы бірде жылы, бірде қара суығымен ерекшеленеді. Табиғат-ананың қайта түлейтін осы бір мезгілінде ауыл еңбеккерлері үшін маңызды істің бірі – егіс науқаны. Сондықтан «көктемнің әр күні жылға азық» дегенді мықтап есте ұстаған шаруалар жыл бойғы азық-түлік қорын жасауға тырысып, бір жағадан бас, жеңнен қол шығара отырып еңбекке кіріседі. Сол себепті күн жылынып, жер қарайған шақта дала төсі дүбірге бөленіп, жұмыс қарқыны үдей түседі.


Көктемгі егіс жұмыстарын қыздыруға күреңбелдіктер де белсене кірісіпті. Біз оған ауданға арнайы іссапармен барғанда көз жеткіздік. Ауыл еңбеккерлері ауа райының қолайлы сәтін барынша тиімді пайдаланып, бел жазбай еңбек етуде. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мәди Саулхановтың сөзіне қарағанда, көктемгі егістік барлық талапқа сай іске асырылуда. Дәнді дақылдарға арналған егістік алқабы 117 653,4  гектарды құрайды. Бүгінде оның 26 085 гектарына күздік бидай, қалғанына жаздық дәнді дақылдар себілмек. Оның ішінде жаздық арпа, бидай, сұлы және дәндік жүгері мен қарақұмық бар.

Сондай-ақ, биыл картоп пен майлы дақылдар, оның ішінде мақсары, күнбағыс дақылы және зығыр өсірілмек. Бақшалық дақылдар себу жұмыстары да белгіленген жоспарға сәйкес орындалады. Бағалы дақыл саналатын қант қызылшасына арналған алқап көлемі 700 гектар. Оның 500 гектарын «Қызылшоқы» ЖШС, 100 гектарын  «Зарина» шаруа қожалығы, қалған 100 гектарын «Абықан» шаруа қожалығы екпек. «Көксу қант зауыты» арқылы қажетті тұқым алынған. Бүгінгі таңда Сарыбастау ауылдық округіне қарасты «Қызылшоқы» ЖШС-нің еңбеккерлері қант қызылшасының тұқымын себуді бастаған. 

Аудан бойынша 48 мың гектар ылғал жабылып, жоспар 100 пайызға орындалған. Сонымен бірге тырмалау мен жер жырту жұмыстары да өз деңгейінде іске асырылуда. Жаздық масақты дәнді дақылдар да себілуде. Көктемгі дала жұмыстарына 94 шаруа қожалығынан 868 тонна кепілді жанар-жағармайға өтінім берілген. Оның әр литрі 250 теңгеден белгіленіпті. Бүгінде 366 тоннаға келісімшарт жасалып, 93,5 тоннасы алынған. 

Биылғы өнімге қажет минералды тың-айтқыштардың көлемі 8513,1 тонна. Оның 508,7 тоннасы жаздық бидайға, 7 947,4 тоннасы жаздық арпаға, 57,0 тоннасы жүгеріге арналған. Қазір аудан бойынша 15 шаруа қожалығы 1183 тонна минералды тыңайтқышқа қол жеткізіпті. Сонымен бірге аванстық төлем арқылы  14 шаруа қожалығы 959 тонна отандық минералды тыңайтқыштарға өтінім берген.

Бұдан соң Сарыбұлақ ауылдық округіне қарасты Қарабайтал бөлімшесіндегі «Адал» жеке шаруа қожалығының қайнаған тіршілігін көрдік. Шаруашылық еңбеккерлері көктемнің жайма-шуақ мезгілін ұтымды пайдаланып, жұмысты қыздырып жатыр. Қыстан аман шыққан төрт түлік беткейлердегі жас көкке ауыз салыпты. Шетінен төлдеп жатқан қой-ешкінің қасында құлдыраңдаған қозы-лақ асыр салып  ойнақтап жүр. Шаруашылық жетекшісі Еркін Садықбековтың айтуынша, қожалықтың құрылғанына 23 жыл болған. Содан бері еңбектеніп, шаруашылықтың керегесін кеңейтуде. 

Олар негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Он екі адам еңбек етеді. Өздерінде бар жер көлемі 1800 гектар, оның 1100 гектары жайылымдық. Төрт түлікке қажет қысқы азық та осы алқаптан әзірленеді. Барлығы 700 гектар жерде жаздық және күздік арпа-бидай өсіріледі. Сондай-ақ, 500-ден астам ұсақ мал, 400-ден аса жылқы, 300-ден аса ірі қара бағылуда. Ауылшаруашылығы жұмыстарын атқаратын трактор, комбайн, «КамАз» сияқты техника түрлерінен де кенде емес және олар лизинг арқылы жаңалануда.   

– Күз бен қыс жайлы өтті. Жемшөптен таршылық болған жоқ. Мал қоңды шықты. Төлдету науқаны да ойдағыдай. Көп ұзамай ол да аяқталады. Биылғы көктем жақсы. Дала төсінде егіс жұмыстары жүріп жатыр. Жердегі ылғал жеткілікті. Оған өткен күз бен биылғы көктемгі ауа райының қалыпты болуы оң әсерін тигізуде. Сондықтан осы жылы өнім мол аламыз деген сенімдеміз. Біздегі жұмысшылардың бәрі осы өңірден. Олардың жалақылары уақытылы беріледі. Тұратын жерлері де бар. Онда адамға қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Үш мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. 

Жасыратыны жоқ, қазір жұмыс жоқ дейтіндер көп. Мен оған  келіспеймін. Өйткені, еңбек еткісі келген жанның екі қолына қашанда бір күрек табылады. Мәселен, бізге механизатор, малшы, сауыншы сияқты еңбеккерлер керек. Олар қазір тапшы. Менде 6-7 кісіге арналған бос орындар бар. Бізде қой, жылқы, ірі қара бордақылайтын жаңа қора салынуда. Табиғи таза құрт, кілегей, айран, қаймақ секілді сүт және ет өнімдерінің бәрі «Адал» деп аталатын дүкенімізде сатылады. 

Өкінішке қарай, мал терісін өткізетін орын жоқ. Сол себепті теріні жерге көмеміз немесе өртейміз. Әрине, дайын шикізаттарымыздың осылайша жарамсыз болып жатқанына ішіміз ашиды. Бірақ, амал қанша?!. шаруашылығымды да одан әрі өрістеткім келеді. Бірақ, жер тарлық етуде. Осы мәселе оңтайлы шешімін тапса ғой деп армандаймын. Қазір жұмыс істеймін деген азаматтарға мемлекеттен қолдау бар. Соның нәтижесінде субсидия, жеңілдетілген жанар-жағармаймен қамтамасыз етілудеміз, – дейді Еркін Жұманұлы. 

Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Еркебұлан Жармұхамбетұлы былтырғы жылдың нәтижелі аяқталғанын, мол өнім алуды биыл да мақсат тұтып отырғандарын, сол себепті көктем, жаз, күз айларының әр күнін қалт жібермей, жылды жемісті аяқтаудан  үмітті екендерін және мал төлдету науқанының көңіл көншітерлік деңгейде өтіп жатқанын әңгіме өзегіне айналдырды. Округтегі 58110 гектардың 3565 гектары егістік, қалғаны жайылымдық пен шабындыққа арналған. Барлығы 33 шаруа қожалығы бар. Онда жүзден аса адам еңбек етеді. 

Шаруашылықтар негізінен мал өсіріп, егін егумен шұғылданады. Бүгінге дейін 1465 гектарға күздік бидай егіп тастаған ауыл диқандары 2100 гектарға арпа тұқымын сеппек. Ауылдық округте 2 мыңнан асатын ірі қара бар, оның 1 мыңнан астамы аналық бас. Сондай-ақ, 25 мыңнан астам Шопан ата, 1560 бас Қамбарата түліктері бағылуда. Биыл 100 саулықтан 125-тен қозы алу көзделген. Қазіргі таңда тууы тиіс қой-ешкінің басым бөлігі төлдеп болған. Таяу уақытта бұл науқан да аяқталып, қой қырқу жұмыстары басталмақ.           
 

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.