Талдықорған: 0°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

КІШІСАЗ МАЛҒА ЖАЙЛЫ

26 шілде 2018
ЭКОНОМИКА
КІШІСАЗ МАЛҒА ЖАЙЛЫ
WhatsAppTelegramFacebook

   Мал саны бойынша облыста алдыңғы орында тұрған Жамбыл ауданында төрт түлікті өсіруге қашаннан ерекше көңіл бөлініп келеді. Мұнда жарты миллионның үстінде қой-ешкі бар. Оның сыртында шамамен 80 мыңнан аса ірі қара мен 20 мыңға жуық жылқы бағылады. Осы малдың басым бөлігі бүгінде жайлауда.

 

   Аудан орталығы Ұзынағаш ауылдық округі бойынша Кішісаз, Ойбастау, Көлбастау, Тасқора, Сарыжазық жайлауларының шөбі шүйгін, сай-саласы жылда жаз айы басталысымен төрт түлікке толады. Биыл да солай. Аталған жерлерде ұзынағаштықтардың иелігіндегі 2500 ірі қара, 17 мың қой-ешкі, 1100 жылқы таудың салқын ауасында балауса шөппен қоректенуде. Қазақтың ежелден қалыптасқан жайылым ауыстыру дәстүріне сай жаз шыға малын жайлауға өргізетін шаруашылықтардың бірі – «Сұңқар» шаруа қожалығы. Оның иесі ауданның және Алматы облысының Құрметті азаматы Дүйсебек Малдыбаев (суретте) бұл салада мол тәжірибесі бар білікті маман. Кезінде ірі шаруашылықтарда бас зоотехник, бөлімше басқарушысы,  директордың орынбасары       сияқты лауазымды қызметтер атқарған ел ағасы жасы жетпістің мол үстіне келгенімен әлі де еңбектен қол үзбей, мал          шаруашылығын дамытуға сүбелі үлес қосудан жалыққан емес.
   «Сұңқар» шаруа қожалығының негізгі малы Кішісаз жайлауында. Тау баурайы салқын, шөбі шүйгін, суы таза болғандықтан малға аса жайлы. Мұнда күзге дейін қоң жинап, көктемдегі төлі жылдам ет алып, өсіп, күздеуге күйлі түседі. Дүйсебек ағаның айтуынша, қожалықта барлығы 1800 қой, 180-дей ірі қара, 150-ге жуық жылқы бар. Қазір сауын сиырдан басқасының дені жайлауда. Ауыл маңындағы қашарда қалған 50-60 сиыр ертелі-кеш сауылып, сүті келісімшарт бойынша Еңбекшіқазақ ауданындағы «Фуд Мастер» сүт зауытына өткізіледі. Арнайы салқындатқышта сақталатын сүтті аталған зауыттан күнара көлік келіп, майлылығын тексеріп қабылдайды.
    Қожалық қазір қысқа қажетті жемшөп қорын жинау қамында. Оған керек техниканың барлығы өзінде бар. Бірнеше трактор, жүк көліктері мен арнайы техникалар жұмысқа қай кезде болсын сақадай-сай дайын тұрады. Шөптің негізгі бөлігі жинап алынды, енді жоңышқаның екінші шабысы, сабан жинау қалды. Иелікте 550 гектар жері бар. Оның басым бөлігі мал жайылымы болса, 15 гектары жүгері, 7 гектар көпжылдық шөп, 100 гектар арпа-бидайға арналған. Енді аз уақытта арпа мен бидай алқабы шабылады, жүгері орылып, одан сүрлем дайындалады. Шаруашылық малын қыстан қоңды шығару үшін 250 тонна шөп, 120 тонна жем, 400 тонна сүрлем қажет. Ол меже орындалатынына ет және сүт өндірісін жолға қойған қожалық басшысының сенімі мол.

Серік САТЫБАЛДИЕВ.

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

26 қазан 2026
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

26 қазан 2026
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

26 қазан 2026
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

26 қазан 2026
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

26 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.