Талдықорған: +5°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Өрісі кең ет өндірісі

07.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, ЭКОНОМИКА
Өрісі кең ет өндірісі

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Облыста ет өндірісі белсенді дамып келеді. Қазір аймақта 72 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді.

Жыл басынан бері агросфераға салынған инвестиция көлемі 540 млн. теңгені құрады. Ақсу ауданында қазір 100 мыңға жуық ірі қара мал басы бар. Осыған байланысты онда ет және қайта өңдеу бағытындағы экспортқа бағдарланған кешендер желісі ашылуда. Қазір бордақылау алаңында 700 бас ірі қара бағылуда. Негізінен абердин-ангус пен қазақтың ақбас сиырына басымдық беріледі. Бұл климаттық белдеуде олар ойдағыдай бейімделіп, күтім кезінде жақсы салмақ қосады.

– Бізде құрама және теңдестірілген жемшөп сүрлем мен дәнді және күнбағыс жомы түріндегі табиғи қоспаларға негізделген. Осының арқасында мал салмақ ұстайды. Әр 20 күн сайын әр бұқашықтың қанша келі қосқанын өлшеп, бақылап отырамыз, – дейді зоотехник Ерлан Данабатыров.

Кәсіпорынға өз қаражатынан басқа, бордақылаумен айналысатын кәсіпорындарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарты миллиард қарыз қаражаты салынды. Келешекте ет комбинатын салу үшін тағы миллиард теңгеге жеңілдікті несие алу көзделген. Кәсіпорын жетекшісі Азат Көпжасаров, сондай-ақ, бордақылау алаңы экспортқа арналған бордақылаудың зәкірлік өндірісі болатындай етіп ұйымдастырылғанын айтты.

– Өткен жылы біздің фермерлер 12 мың тонна ет өндірді. Биылғы көрсеткішті 15 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Қазір тағы бірнеше бордақылау алаңдарын ашуға өтінімдер бар, – дейді Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Есжанов.

Былтыр өңірдің бордақылау алаңдарында 19 мыңнан аса ірі қара мал бағылып, 13 мың тонна ет өндіріліп, 3 мыңнан аса ет экспортқа жіберілді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің айтуынша, қазір шетелден тек отандық сиыр етіне ғана сұраныс артуда. Өткен жылы ірі қарадан басқа, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейге жылқы мен түйе еті экспортталған.

– Қазір мал шаруашылығымен айналысатындар үшін мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау бар. Несиелер субсидиялаудың жеңілдікті мөлшерлемесі бойынша 2,5%-бен беріледі. Бұдан басқа, «Бәйтерек» холдингі арқылы қаржыландырылатын көптеген бағыт бар. Бұл біздің мал өсірушілерімізге жақсы көмек. Осының арқасында былтыр ауыл шаруашылығы саласына 47 млрд. теңге инвестиция құйылды. Өткен жылдармен салыстырғанда, өсім 2,5 есеге жуық, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Ысқақ.

Биыл құс етін өңдейтін кәсіпорындар желісін, балық шаруашылықтарын, сондай-ақ, құрамажем өндіретін зауыттар ашу жоспарда бар. Инвестицияның жалпы сомасы 113 млрд. теңгеден асады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026
Төл алу науқанына дайын

Төл алу науқанына дайын

07.03.2026
Өрісі кең ет өндірісі

Өрісі кең ет өндірісі

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.