Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында алдағы 15 жылда елдегі кәсіпорындардың мұнай өңдеу қуаты 30 млн. тоннадан 40 млн. тоннаға артатынын айтты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
– 2040 жылға қарай қуаты 10 млн. тонна мұнай өңдейтін ірі зауытты іске қосып, өңдеу қуатын 30-дан 40 млн. тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Жаңа зауыттың өңдеу тереңдігі – 95 пайыз, – деді ол.
Осы арқылы Қазақстан ішкі нарықтағы тапшылықты жойып қана қоймай, экспортқа өнім шығармақ.
– Бұл жобаларды жүзеге асыру ішкі нарықтың жанар-жағармай материалдарына өсіп келе жатқан сұранысын 100 пайыз қамтамасыз етіп, мұнай өнімдерін көршілес елдерге экспорттауға мүмкіндік береді, – деді Ерлан Ақкенженов.





