Талдықорған: +16°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

САРҚЫНДЫ СУ ӨҢДЕЙТІН ҚҰРЫЛҒЫ

05.09.2018
ЭКОНОМИКА
САРҚЫНДЫ СУ ӨҢДЕЙТІН ҚҰРЫЛҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

   Облыста ауылды жерлердегі дренаж суын жинап, оны экономикалық тұрғыда тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін,  950 мың еуро жұмсалған алғашқы пилоттық жоба жүзеге асты. Жобаны Еуроодақтың қаржыландыруымен  Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетімен бірлесіп жүзеге асырды.

 
   Іле Алатауының бөктеріндегі Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ақши ауылы сазды жерге орналасқандықтан көктем, жаз айларында жерасты суы көтеріліп, тұрғындарды жиі мазалайтын. Тіпті, ауыл мектебінің жертөлесі жыл он екі ай суға көміліп, одан шыққан күлімсі иіс пен сасық ауа тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп келді. Енді ақшиліктер сарқынды суларды тиімді пайдаланып,  экономикалық табыс табудың тәсілін меңгерді. 
– Ең бастысы, «Аймақтағы су инфрақұрылымын тиімді басқару» пилоттық жобасы ауылдағы білім беру мекемесіндегі балаларды таза ауызсу және ыстық сумен қамтамасыз етіп, жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселенің түйінін тарқатты, – дейді Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.
Бүгінде Ақши ауылдық мектебі жаңа түрге енген. Мектеп ауласында бұл өңірде кездесе бермейтін ағаш пен гүл жайқала өсіп, жанға жылылық сыйлайды. Мектеп ғимаратына жапсарласа орнатылған су жинағыш құрылғы сарқынды суларды жинап, тазартып, оқушыларға ауызсу  даярлап береді. Ал күн энергиясынан қуат алатын гели қондырғысы сыныптар мен мектеп асханасын жыл он екі ай ыстық сумен қамтамасыз ете алады. Жиналған сарқынды су тағы да биологиялық тазартудан өтіп, өңделген соң ауыл сыртындағы жылыжай кешеніне жіберіліп, ондағы көкөністерді суғаруға пайдаланылады. 
– Су инфрақұрылымын реконструкциялау бюджеттік қаржыны үнемдеуге, тиімді жұмсауға мүмкіндік береді. Ондағы жауапкершілік пен оның ары қарай қаржыландырылуы жергілікті қауымдастықты тарту арқылы қамтамасыз етіледі, – дейді Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура.
   Ғылыми-техникалық даму экологиялық ортаның ластануға қарсы күресін қиындатып жіберді. Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы табиғи ортаның өндіріс қалдықтарымен ластану проблемасын шиеленістіре түседі. Мысалы, өнеркәсіптік-тұрмыстық ағындар арқылы ластанған судың көлемі қазірдің өзінде өзен суының 16 пайызын ұстайды. Суармалы егіншілік жерлерінің кеңейуі өзен-көлдердің сарқылуын тездетті. Осыған орай, көлемді су қоймаларын жасау қауырт қолға алынды. Су қоймаларын тазартылған сумен толтыру үшін қолға алынған шаралар тағы да экологияны бүлдіріп, климаттың өзгерісін тездете түсті. Сондықтан қазіргі таңда жерасты сулары мен іркінді суларды тазартып, оны күнделікті тіршілік пен ауылшаруашылық мақсатында істету қауырт қолға алына бастады. Ақши ауылында жүзеге асқан пилоттық жоба ең алдымен өңірдегі сарқынды суларды тазартып, игілікке жаратуға болатындығын ұғындырды. 
Айта кетерлігі, облыста ылғалды жерде отырған елді мекендер көп. Демек, сондағы жерасты сулары мен сарқынды көлшіктер тиімді түрде керекке жаратылса, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл мәселе де өз кезегінде шешімін табатын сияқты. Жобаны қаржыландырған Еуроодақ өкілдері бірлесе жұмыс жүргізу алдағы уақытта да жалғасатынына сенімді. 
– Біз Қазақстанды келешек дамудағы өте маңызды стратегиялық әріптесіміз ретінде санаймыз. Осы елдің елді мекендерінде жұмыс істеу біздің болашағымызда шешуші рөл ойнайды. Алдағы уақытта аймақтармен, оның ішінде Алматы облысымен түрлі даму банктері арқылы жаңа форматта жұмыс істеуге шешім қабылдадық. Өйткені, осы жоба екі тараптың ынтымақтасып, нәтижелі жұмыс істей алатындығын дәлелдеді. Осы орайда, бізді қолдап, көмек көрсеткен облыс, аудан басшылары, жергілікті қауымдастықтарға алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, Еуроодақтың қаржыландыруымен жүзеге асқан бұл жоба жасыл экономика саласындағы қазақстандық тәжірибенің табысты үлгісі. Бұл үлгі басқа өңірлердің де қызығушылығын тудыратыны сөзсіз, – дейді Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігі ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханес Стенбаек Мадсен.
   Ластану көздері негізінен тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, су көздеріне жақын орналасқан мал шаруашылығы кешендері мен улы химикат-тыңайтқыштарды сақтайтын қоймалардан келіп отыр. Облысқа жылына 100 мың тоннадан астам тыңайтқыш түседі. Қоймалардың жетіспеуінен тыңайтқыштардың дені ашық аспан астында далада сақталады. Мұндай жағдайлар Талғар, Балқаш, Іле аудандарының шаруашылықтарында орын алған. Сондай-ақ, облыста 124 үлкенді-кішілі өзен бар. Осындай табиғат көрінісі сырттай қарағанда ешқандай зиянсыз көрінуі мүмкін. Бірақ оның экологияға қаншалық деңгейде зияны тиіп жатқанын білмейміз. Ал Ақши ауылында жүзеге асқан жоба осы ақтаңдақтарды жойып, ластанған суларды қайта тазартып, экологиялық таза қалпында керекке жаратуға мүмкіндік береді. 
   Жалпы, жоба аймақтарда су ресурстарын рационалды үрде қолдану мен су инфрақұрылымын тиімді басқару саласында  заманауи «жасыл технологияларды» іске асырудың өміршеңдігін көрсетті. Бұл жетістікті еліміздің аграрлы-индустриялды дамуы мақсатында пайдалануға болады. 
   Шара соңында қонақтар мектеп ауласындағы «Жасыл технологиялар» паркі мен ауыл іргесіндегі жылыжайларды аралап, үш жыл бойы тынымсыз істелген еңбектің жемісін көріп шықты. 
 
Қажет АНДАС. 

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

22.04.2026
Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

22.04.2026
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

22.04.2026
Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

22.04.2026
Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.