Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Ұқсата білген ұтады

19.07.2016
ЭКОНОМИКА
Ұқсата білген ұтады
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымызда: «Көп естігеннен бір көрген артық» деген қанатты сөз бар. Содан кейін де Жетіжал ауылында түйе өсіріп, Балпық би кентінен шұбатхана ашып, шаруасын шалқытып отырған «Мейрамбек» шаруа қожалығының жұмысымен танысуды мақсат етіп жолға шықтық.

Ең алдымен бізге Мейрамбектің кішіпейілдігі, қарапайымдығы жақсы әсер етті. Себебі, шағын және орта кәсіпкерлік саласында біраз жетістікке жетіп, көпшіліктің құрметіне іліккенімен басынан өткен қиындықтарды айтқанда олжаның да оңай-оспақ қолға ілікпейтініне көз жеткізесің. Басында шұбат болсын деп 1-2 сауын түйе ұстағаны, кейіннен атакәсіп жолына түскені, Жетіжал ауылынан түйе бағатын жер алып, өркешті жануарды өсіріп, еңбегін еселей түскені кім-кімге болса да үлгі боларлық.

Түйе әдетте бір және екі өркешті болып бөлінеді. Бір өркешті түрі негізінен араб тұқымдас, екі өркешті түрі Бактуриен және дромедар деп аталады. Бір өркештісі араб елдерінде, екі өркештісі Астраханьда, Қалмақ Республикасында және Қытайдың батыс аймағында көп өсіріледі. Ал Мейрамбек бір өркешті түйе өсіруді мақсат етіп алыпты. Себебі, бұл түрдегі түйелер шөп талғамайды, өзге мал жемейтін шеңгел, бұталарды, ақ тікенекті азық ете береді. Құмдауыт жерде өсетін жыңғыл мен сексеуілді, сортаң да құрғақ жердегі тікенек шөптерді де жейді. Оған әуе айналып жерге түсетін 40 градус ыстық түк емес, 40 градустық аяз да қалтыратып, тоңдырмайды. Жайылып, өз жемін өзі тауып жеп жүре береді. Дауыл, боранды күндері де ықтасын іздеп жатқан жоқ. Сондықтан Жетіжал өңірі түйе өсіруге бап. Өйткені, елді мекеннің бір жағы жатаған төбелерге жалғасып, екінші жағы құмды алқапқа кірігіп тұрады. Айта кетерлігі, бұл түрдегі түйелерге судың да қажеті шамалы. Апталап, айлап су ішпей жүре береді. Су ащы не тұщы болса да бәрібір. Таңдамай ішеді. Мейрамбектің айтуынша, Жетіжалдың ылғалды, сазды алқабы да бұл түрдегі түйелерге үйлесімді. Әсіресе, Жетіжалдың шөбі ерте көктемде қаулап өскенімен, жаздың басындағы аптап ыстықта қурап қалады. Осындай климаттық жердің жағдайы басқа түлікке қарағанда түйе өсіруге ыңғайлы. Оны шаруашылық иесі түйе өсірумен айналысқан 10 жылға жуық уақыт ішінде байқап, бағамдап үлгеріпті. Ал түйе түлігінің қасиеті жайлы да айтары көп.

– Түйенің сүтінің сапасы жоғары. Алғашқы сауған саумал сүт кезінен бастап, әбден ашыған шұбатқа дейін ем. Ғалымдардың дәлелінше, түйе сүтінен дайындалған шұбат туберкулезге, қаназдық, асқазан, ішек ауруларына, сусамыр ауруларына таптырмас  дәрі. Оны ұдайы ішу жұқпалы аурулардан да қорғайды. Түйенің жүні қойдікінен әлдеқайда көп әрі сапалы да жылы, жұмсақ. «Ата-бабаларымыз түйе жүнінен шекпен тоқып киген. Киіз үйдің керегелерін түйе жүнімен көктеген. Қымыз құятын сабаны түйенің мойын терісінен жасаған. Түйе сүтінен май шайқап, айран ұйытуға да болады. Құрт, ірімшік те жасайды. Бәрі де дәмді, адам ағзасына таптырмайтын азық. Алайда, біз қазір тұтынушыларға шұбаттың өзін жеткізе алмаймыз. Сұраныс көп. Тіпті, саумал мен шұбатты емдеу орындарының өзі арнайы тапсырыспен алып жатады. Екі-үш күн бұрын берілген тапсырыстың өзін уақытында қамдай алмай жатқанымыз бар. Бағасы да қалыпты. Литрін 600 теңгеден саудалап келеміз, – дейді Мейрамбек Отарбай.

         Түйе өсіру атакәсіп әрі күнделікті нәсіп. Жас жігіт кәсібін дөңгелентумен қатар  он шақты адамға тұрақты жұмыс беріп, нәпақасын айырып келеді.

– Әдетте, бір өркешті түйе жуас келеді. Оны кез келген адам еркін сауа береді. Інгендер өз иесін жақсы таниды. Сауыншыларды боталары да біледі. Інгендерді сауатын кезде боталарды қораға қамап,  бөлектеудің қажеті жоқ. Күніне 3 уақыт сауылатын 30 түйені екі адам сауып үлгереміз, – дейді түйеші Айтнұр Үсейінбекұлы.

Жас кәсіпкердің игі бастамасының өміршеңдігін таныған аудан әкімшілігі мен кәсіпкерлікті қолдау орталықтары оған қолдан келер көмектен аянып қалмапты. Нәтижесінде, Жетіжал ауылынан шаруа қожалығын құруға ыңғайлы жер телімі мен түйе өсіруге 500, оның азығын дайындауға 15 гектар суармалы жер беріпті. Ал Балпық би кентіндегі орталық саябақтың маңынан,  кәсіпке ыңғайлы жерден шұбатхана ашып, тіршілік жасауға жеткілікті орын беріпті. Шұбатхананың бар тіршілігі зайыбы Нәзигүл Мақайқызының мойнында. Қазір осы жерге киіз үй тігіп, шұбатпен қоса түрлі ұлттық тағамдар сатып, жұмысын жүргізіп отыр. Күн өткен сайын оның өніміне сұраныс артуда. Кәсіпкердің  осындай талпынысына жұрт  дән риза.

Қажет Андас

Көксу ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.