Талдықорған: +21°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

СУАРУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

13.05.2024
ЭКОНОМИКА
СУАРУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Панфилов ауданында жалпы 44429, 5 гектар жерге әртүрлі дақыл мен көкөніс өсіру жоспарланды. Оның ішінде егін шаруашылығында негізгі жетекші дақыл жүгерінің егістік көлемі 23 799 гектарды қамтымақ.


Бұдан басқа, мың гектарға жуық арпа, бидай, 920 гектарға картоп, 595 гектарға көкөніс, 7 гектардан аса бақша, 18,6 мың гектарға көпжылдық шөп, 14 гектар күнбағыс пен майбұршақ өсірілмек. Көктемгі егіске 424 тонна жүгері, 24 тонна арпа, 75 тонна бидай тұқымы дайындалды. Жүгерішілер биыл жердегі ылғал молдығын пайдаланып, сәуір айының алғашқы аптасынан бастап жер жыртып, тұқым себуді бастады. Оған дейін топырақ жылуын талғамайтын жаздық бидай, көп және біржылдық шөп, картоп, майлы дақылдар егу қолға алынып, жоспарланған іс тиянақты атқарылды.

Аудандағы егін егілетін суармалы жердің бәрі табиғи құнарынан айырылған. Сондықтан тәжірибелі егіншілер тыңайтқыштарды молынан пайдалануға үміт артады. Ал мемлекеттен жүгері өсіруге жеңілдікпен бөлінетін минералды тыңайтқыш сатып алу жоспары 13 906 тонна болса, бүгінге дейін нақты сатып алынғаны 5 500 тоннаға жетті. Ақтау қаласындағы «ҚазАзот» кәсіпорны мен Тараз қаласындағы «Қазфосфат» зауытына тыңайтқыш алуға келісімшарт жасалған. Бүгінде Алтынкөл стансысына 15 вагон тыңайтқыш жеткізіліп, қожалықтарға таратылды. Алдағы уақытта да апта сайын Ақтаудан 2 вагон тыңайтқыш жеткізіледі. 

Бұл биыл өсірілетін жүгері алқабын құнарландыруға мүмкіндік барын айғақтамақ. Жүгерішілерге 2 есе артық минералды тыңайтқыш қажет. Бұл орайдағы тапшылық тауқыметін егіншілер «құрыққа сырық жалғап», мал қораларынан шыққан көңді алқаптарына шашып, амалдап жүр. Биыл аудан бойынша жалпы егістіктерге 30 мың тоннадан аса органикалық тыңайтқыш сіңірілді. Сәуір айының соңғы күндеріне дейін аудан бойынша жалпы 21 535 тонна органикалық тыңайтқыш егістік алқаптарына тасылыпты. Бұл іс Үлкенағаш, Пенжім ауылдық округтерінде нәтижелі жүргізілуде.

Егіншілер дала өндірісінің жаңа технологияларын қолдануға ерекше ден қойып келеді. Әсіресе, тамшылатып суару әдісі тиімділігін танытып тұр. Аудан бойынша 2 128 гектарға тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсілі қолданылады. Оның ішінде «Жаркент-фрукт» ЖШС 1050 гектар жеміс бағын, «Көктал-Агро» ЖШС 303 гектар егістік алқабын тамшылатып, 300 гектар көпжылдық шөбі мен жүгерісін жаңбырлатып суаруды бастағалы 4 жыл болды. 

Ал өткен жылдан бастап Қоңырөлең ауылдық округінің диқандары 72 гектар көпжылдық шөпті жаңбырлатып суаруды қолға алды. «ОТ Агрохолдинг» ЖШС 250 гектар, «Нұрқайрат» ЖШҚ 40 гектар алқабына жаңбырлатып суару әдісін пайдалануда. Бұдан басқа «Айгерім», «Айсұлтан», «Илманов. Қ» қожалықтары да жаңа технологияны қолдана бастады. Бұл егін суаратын суды үнемдеуге айтарлықтай көмегін тигізуде.

Өңірдегі жүгері егістігі көлемін игеру толық техникаға тәуелді. Сондықтан жеке шаруа қожалықтары тапқан табысының басым бөлігін ауылшаруашылығы техникаларын сатып алуға жұмсап жүр. Яғни, жер өңдейтін «темір тұлпарлардың» паркі жыл өткен сайын жаңаруда. Биыл көктемгі егін егу науқанына ауданда жалпы 1 231 бірлік ауылшаруашылығы техникалары қатысады. Бұдан бөлек, алғашқы 3 айда шаруалар 80,9 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. 

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.