Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Табысты өсіріп, инфляцияны төмендету: Бектенов экономикалық бағдарламаны таныстырды

19.11.2025
ЭКОНОМИКА
Табысты өсіріп, инфляцияны төмендету: Бектенов экономикалық бағдарламаны таныстырды

Үкімет

WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат Президенттің тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету, импортқа тәуелділікті азайту және азаматтардың табысын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Ұлттық Банкпен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы еліміздің алдағы үш жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттерін шешуге бағытталған, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бірқатар негізгі бағыт бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі шаралар кешенін қамтитын бағдарламаның негізгі тәсілдері туралы баяндады. Олардың қатарында халықтың табысын қолдау, сапалы өсуді қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты ынталандыру, экономиканы цифрландыру және ЖИ дамыту, инвестициялық және тарифтік саясатты жетілдіру, инфляция мен экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту шаралары бар. Сонымен қатар бағдарлама ақша-несие саясаты,қаржы секторын дамыту және бағаны реттеу бойынша блоктарды қамтиды.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын дамыту бойынша монетарлық, микро және макропруденциалды шаралар пакетін ұсынды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова бизнеске несие беруді кеңейту, тұтынушылық несиелеу сегментіндегі тәуекелдерді төмендету, кәсіпкерлерді қолдау үшін реттеу тәсілдерін жетілдіру жөніндегі қадамдар туралы баяндады.

Премьер-министр бағдарламаны экономиканың сапалы әрі орнықты өсуі мен инфляцияны төмендету есебінен жүзеге асыру азаматтардың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттырудың негізгі құралы болатынын атап өтті.

Негізгі мақсаттар – экономиканың жыл сайынғы өсімін кемінде 5%-ға және халықтың нақты табысын орта есеппен 2-3%-ға арттыру. Жаңа инвестициялық циклді іске қосу, бизнес жүргізу үшін кедергілерді жою және мемлекеттің экономикадағы үлесін барынша азайту, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдауды нақты иесіне жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Инфляцияны төмендетуге, теңгерімді тарифтік саясатты жүргізуге, экспортты ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті азайтуға баса назар аударылады.

Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдар үйлесімді жұмыс істегенде ғана мүмкін болатынын ескере отырып, жауапты ведомстволарға бірқатар тапсырма берді.

Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы және Сауда министрліктері инфляция деңгейін бақылау мен төмендету, сондай-ақ бағаның өсуіне сыртқы факторлардың әсерін барынша азайту жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Жанар-жағармай материалдарының бағасын көтеруге енгізілген мораторийді ескеретін болсақ, көршілес елдермен арадағы баға диспаритеті күшейіп келеді. Қарапайым тілмен айтқанда, біздің бензин мен дизель көршілерге қарағанда әлдеқайда арзан.

Сондықтан Энергетика, Сауда, Қаржы, Ішкі істер министрліктері мен Қаржылық мониторинг агенттігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі отын балансына және мұнай өнімдерінің басқа елдерге заңсыз өтіп кетуіне жол бермеу мәселесіне қатаң бақылауды қамтамасыз етуі қажет.

Ауыл шаруашылығы, Сауда және Өнеркәсіп министрліктеріне ішкі нарықтың отандық өніммен қамтамасыз етілуін арттыруы тиіс. Тұрақтандыру қорларын, форвардтық шарттарды, өнім бағасын арзандатуға берілетін субсидияларды және сауда желілерімен келісімдерді белсенді пайдалану арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе бүгінде импортқа тәуелділігі жоғары өнімдер өндірісін ұлғайтуға басымдық берілуі керек. Сауда министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, делдалдық схемаларды анықтау жұмысын күшейтуі қажет.

Инвестициялық жобаларды іске асыруға және АӨК-де терең өңделген өнімдерді өндіруге ерекше назар аударылуы тиіс.

Сауда, Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шикізаттық емес өнімдерді экспорттаушыларды ынталандырудың кешенді шараларын әзірлеу тапсырылды.

Сонымен қатар нақты секторын несиелендіруге тарту арқылы басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жеделдету, даму институттарының, оның ішінде «Бәйтерек» холдингі мен Kazakh Invest рөлін арттыру, іске асырылып жатқан шараларды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілді.

Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырыстарында қарап, жұртшылықты хабардар етіп отыруы керек. Бағдарламадағы іс-шаралардың орындалу барысына мониторинг жүргізу тапсырылды.

Премьер-министр барлық бірінші басшыға бағдарламаны сапалы әрі уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасарларына өз бағыттары бойынша Бағдарламадағы іс-шаралардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.